№18 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Ми діңінің құрлысы Мишық.
Үлкен ми сыңарларының қызметі. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Пән мұғалімі: Ф. Досова
2015-2016 оқу жылы
Cабақтытың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Ми діңінің құрлысы Мишық. Үлкен ми сыңарларының қызметі. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Сабақтың мақсаты:
1. Жүйке жүйесінің бөлімдері мен мидың қызметі туралы ақпарат алу
2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.
3. Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,
Көрнекілік: Стенд материалдары
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. (амандасу, түгендеу, үй тапсырмасы)
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
І Ұйымдастыру бөлімі
Үйтапсырмасы
1. Жүйке жүйесіне не жатады?
2. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
14 параграф мәтінін оқып-білу, сұрақтарға жауап беріп, тест құрастыру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
НЖ 2 бөлімнен тұрады: ОНЖ (ми мен жұлын) және ШНЖ (ОНЖ-нен тыс жатқан барлық нервтер мен нерв түйіндері).
Жұлын.
Құрылысы: омыртқа жотасының өзегінде орналасқан. Ұзындығы 40-45см, салмағы 34-38г, диаметрі 1 см. Омыртқа жотасының құрылысына сәйкес келетін сегменттерден тұрады: мойын, кеуде, бел және құйымшақ сегменттерін ажыратады (8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ). Олардан 31 жұп нервтер тарайды. Артқы түбірге афференттік нервтер келіп кірсе, алдыңғы түбірден эфференттік нервтер шығады. Жұлынның ортасында - сұр зат (нерв клеткаларының жиынтығы), сыртында – ақ зат (нерв талшықтарынан түзілген) орналасқан.
Қызметі:
1) Рефлекторлық функция. Ж.. – қарапайым рефлекстік реакциялардың орталығы, оның нейрондарында олардың рефлекс доғасы тұйықталады.Кеңістіктегі дене қалпын сақтауға бағытталған рефлекстер, зәр шығару рефлексі, жыныс рефлекстерінің доғасы жұлынның қызметімен байланысты.
2) Өткізгіштік функция. Адам жұлынының қызметі ОНЖ-нің жоғарыда жатқан бөлімдерінің ықпалына тәуелді.
Дамуы: Жаңа туған сәби жұлынының ұзындығы 14-16см, 10 жаста 2 есе ұзарады, ал 20 жаста дамуы аяқталады. Осы кезеңде жұлынның салмағы 8 есеге артады. Мектеп жасындағы балаларда жұлын нейрондарының көлемінің арту процесі жүреді.
Бас миы – ОНЖ-нің ең маңызды бөлімі.
Дамуы: Бала дүниеге келер сәтте бас миның жалпры массасы 400гр. Ересек адаммен салыстырғанда нәрестенің миының массасы оның дене массасынан едәуір артық болады. Мидың негізгі бөлімдері ұрықтық дамудың 3-айында басталса, ал 5-айда үлкен ми сыңарларының негізгі жүлгелері көрінеді. Ми постнаталдық дамудың алғашқы 2 жылында қарқында дамиды. Сонан кейін бас миының даму қарқыны төмендейді. Бас миының дамуы 20 жасқа қарай аяқталады. Бұл жаста мидың массасы 4-5 есе артып, орта шамамен 1300-1400 гр болады. Мидың абсолюттік массасы адамның ақыл-ой қабілеттілігін анықтамайтынын айта кеткен жөн.
Ми бөлімдері. Жұлын ми бағанасымен жалғасады. Бағанаға сопақша ми, варолиев көпірі, аралық ми және мишық жатады. Ми бағанасының бөлімдері рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.
Сопақша мида: тыныс алу және жүрек қызметін реттеу, сонымен қатар түшкіру, жөтелу сияқты көптеген қорғаныш рефлекстерінің орталықтары және У-ХІІ жұп бассүйек нервтері мен олардың құрамында болатын парасимпатикалық нервтердің ядролары орналасқан. Ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7г.
Ортаңғы ми бастапқы көру және есту орталықтары мен күрделі қозғалыстарды реттеуге қатысатын және дененің кеңістіктегі қалпын бағдарлауға бағытталған нерв орталықтары орналасқан.
Аралық мида: төмпешік асты аймақ (гипоталамус) пен көру төмпешіктері – таламусты ажыратады.
Гипоталамус зат алмасуды, дене температурасын, ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі биологиялық мотивация мен эмоцияның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде аяқталады.
Таламус – байланыс коллекторы. Таламус арқылы бас миының барлық нервтік-сезгіш жолдары өтеді.
Мишық – қозғаушы функцияларды реттеуші және үйлестіруші орган. Мишықтың күшті өсуі бір жастың соңына қарай байқалады. 15 жаста мишықтың көлемі ересек адамдікімен бірдей болады.
Сонымен, онтогенез процесінде ми бағанасының құрылымдары постнаталдық дамудың алғашқы екі жылында қарқынды өсіп, қалыптасуы 13-16 жаста аяқталады.
Ретикулярлық формация ми энергиясының аккумуляторы. Ұйқы мен сергектікті, мінез-құлықтың қарапайым және инстинктивті формаларын реттеп, шартты рефлекторлық реакциялардың өтуіне қатысады.
Соңғы немесе алдыңғы ми базалдық ганглийлер мен үлкен ми сыңарларынан тұрады. Үлкен ми сыңарлары – бас миының негізгі бөлігі. Ересек адамның ҮМС массасы бас миының 80% құрап, ми бағанасының массасынан 40 есе көп болады. Ми сыңарларының үстіндегі сұр заттың жіңішке қабаты ҮМС қыртысы деп аталады. Ересек адамның үлкен ми сыңарларының жалпы ауданы 2200-2600 см2. қыртыстың қалыңдығы 1,3-4,5 мм. 12-18 млрд нейрон болады. ҮМС-ң беті жүлгелаермен тілімделген, ал олардың арасында иірімдер орналасқан.
Оң және сол жақ ми сыңарларында 4 бөлікті ажыратады: маңдай, самай, төбе, желке. Олар бір-бірімен сүйелді дене арқылы тығыз байланысқан.
Үлкен ми сыңарларының қыртысында: 1) сенсорлық; 2) моторлық; 3) ассоциативтік қыртыс аймақтарының болатынын анықтаған.
Сенсорлық аймақтар барлық шетеі рецепторлық түзілістерден нерв импульстерін қабылдайды. Көру, иіс сезу, дәм сезу, соматикалық, висцеральдық, сенсорлық аймақтарды ажыратады.
Қыртыстың қимыл аймағынан нерв импульстері әр түрлі бұлшықеттерге барады. Қыртыстың ассоциативті аймағынан тек адамға ғана тән 2-ші сигналдық жүйенің қалыптасуы тән.
Қыртыстың астында үлкен мисыңарларының ақ заты орналасады. Ақ зат құрамына:
1)ассоциативті талшық;
2)комиссуральді талшық;
3)проекционды талшық кіреді.
Ассиоциативті талшық 1 үлкен ми сыңарларының жеке участоктерін бір-бірімен байланыстырады. Қысқа ассиоциативті талшық жақын аймақтар мен жеке иірімдерді байланыстырса, ал ұзын талшықтар 1 ми сыңарының аумағындағы әртүрлі бөлімдерді байланыстырады.
Комиссуралдық талшықтар – 2 ми сыңарының симметриялық бөліктерін байланыстырады. Олардың көп бөлігі сүйелді дене арқылы өтеді.
Проекционды талшықтар өткізгіш жолдардың құрамына кіріп, қыртыс пен ОЖЖ-нің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.
Ми сыңарларының активті қалыптасуы эмбриогенездің 12 аптасынан басталып, 2 жасқа дейін қарқынды жалғасады. Клеткалық құрылысы, формасы мен иірімдер мен жүлгелердің орналасуы ересек адамдікіне 7 жасқа жеткенде жақындайды. Олардың жетілуі 20-22 жасқа жеткенде аяқталады. Жаңа туған баланың үлкен ми сыңарларының массасы 370-400г? 1 жасқа келгенде 2 есе,6 жаста 3 есе артады, 20-60 жас аралығында бір қалыпты, 60 жастан кейін оның салмағы біртіндеп төмендейді.
Бас миының үлкен ми сыңарларыны жоқ балалардың дүниеге келу оқиғалары белгілі. Ондай балаларды анэнцефалдар деп атайды. Олар бірнеше күн ғана тіршілік етеді.
ҮМС қыртысы гипоталамуспен, миндалинамен және орталық мидың кейбір ядроларымен тығыз байланысты. Бұл құрылымдар мидың лимбикалық жүйесін құрайды. Ол эмоция мен зейіннің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Вегетативтік нерв жүйесі
Симпатикалық нерв жүйесі – организмнің, әсіресе, экстремалдық жағдайда қарқынды жұмыс істеуіне әкеледі.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі – жұмсалған ресурстардың қалпына келуіне әкеледі.ВЖЖ бөлімдері орталық мида орналасқан вегетативтік орталықтарға бағынады.
ВЖЖ дамуының алғашқы этаптарында жетілуі, бірақ бала туар кезінде ВЖЖ бөлімдерінің қызметтері теңеспеген. Симпатикалық нерв жүйесінің қызметі басым болғандықтан баланың жүрегі жиі соғады.
ІІІ. Бекіту
Ми сыңарларының қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |