Асқынудың белгілері: сол жері қызарады, тығызданады,
ауырсынады. Денесінің және қабынған жерінің қызуы көтеріледі.
Асқынудың себептері: инфильтрат туғызатын себептеріне ережелерді бұзған жағдайда жұмсақ ұлпаларына инфекция қосылу.
Асқынудың алдын-алу: инфильтратты және абсцесті туғызатын себептерді жою.
Асқынуды емдеу: хирургиялың жолмен.
Асқыну: иненің сынуы. Асқынудың себептері: егу жасағанда инені канюлясынадейін енгізгенде, ескі инелермен қолданғанда, бұлшық еттеріқатты жиырылғанда пайда болады.
Асқынудың алдын-алу: инені толық енгізбей, терінің сыртына шамамен 0,5-0,7 мм қалдыру. Ескі инелерді қолданбау.Егу жасаудың алдында психологиялық кеңесуді өткізу. Емделушіні жатқызып егуді жасау.
Асқынудың белгілері: көк тамырға түскен май - эмбол қанымен бірге өкпенің тамырларына түседі. Кенеттен тыныс тарылу үстамасы басталады, цианоз. Осы асқыну жиі өлімге әкеледі.