Антибиотик, глюкозаның концентратталған ерітіндісін, қан препараттарын енгізгеннен кейін катетерді физиологиялық ерітіндімен жуып жіберіңіз.
Бекітілген таңғышты тексеріп, қажет болса оны үш кінде бір ауыстырыңыз.
Асқынуларды алдын-алу үшін пункция орнын жиі тексеріңіз.Пункция орны ісініп, қызарып, жергілікті дене қызуы көтерілсе,өткізгіштігі қиындаса және ауырсыну мазаласа, дәрігерге хабарлап, катетерді алып тастаңыз.
Таңғышты немесе лейкопластырьды ауыстырған кезде қайшыны қолданбаңыз.Катетер киылып кету қауыпы бар.
Тромбафлебитты алдын алу үшін пункция жасаған орнынан жоғары тромболитикалық майлар жағылады(мысалы: “Траумель”, “Гепариновая”, “Троксевазин”)
Катетерді инфузия алдында және одан кейінде порт арқылы жуып отыру керек (5мл физиологиялық ерітіндісіне + 2500 ЕД гепарин)