Сабақтың көрнекілігі: кесте,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:Терістеу (мойындамау)
Ширату тапсырмасын орындау.
1-тапсырма. Суреттерді мұқият қара. Қандай белгілер көрсетілген? Түсіндір.
-дөңгелек емес шаршы
- биік емес,
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Өсімдікке жатпайтын суреттерді айналдыра сыз. Таңдауыңды түсіндір.
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»ойыны
3-тапсырма. Ұзын қарындашты жасыл, ең қысқа қарындашты қызыл, ал үшінші қарындашты сары түске боя.
4-тапсырма.Амалдарды орында , шыққан сөзді жаз.
Фа + брит – т + ка -- фабрика
Қу + ырн – н + шақ—қуыршақ
Дөң + гер – р + лек—дөңгелек
Кө + леңс – с + ке—көлеңке
Бат – т + ғар – р + на—бағана
Құр – р + мы + ра-- құмыра
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. Суретті мұқият қарап шық. Қандай ойыншықтардың суретін салған? Қонжық пен қоянды бастырып сыз. Ойыншықтардың санын жаз.
Пәні:қызықты математика
Күні:04.04.15ж.
№26.Сабақтың тақырыбы: Сөз тізбегін жалғастыр.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша айырмашылықты тауып, осыған сәйкес суретті толықтырып салуды, суреттерді салыстыруды үйрету. Айырмашылықты табудың жолын ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.Зеректікке, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, касса, суреттер, үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Ширату тапсырмасын орындау.
1)Сиырдың төлін қалай атайды---
Тәрбиешінің жұмыс орны қалай аталады?----
Дәрі- дәрмек сататын орын ----
2 мен 9 аралығындағы санды ата ----
Қыс пен жаздың арасында келетін жыл мезгілін ата ---
Жануарға жатпайтын суреттерді айналдыра сыз. Дәлелде.
1-тапсырма.Суреттерді салыстыр.Екіншісіндегі артық суретті тап.Осыған сәйкес бірінші суретті толықтырып сал.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Майра, Әсел және Сара қатар тұр. Сараның қолында себеті бар. Майра Сараның қасында тұрған жоқ. Қыздардың орнын тап. Олардың атын жаз.
Сергіту сәті: «Айгөлек» Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
3-тапсырма.Алғашқы екі сөз өзара байланысты. Ұсынылған үш сөздің біреуі бастапқы сөзге байланысы бар. Таңдауыңды дәлелде.
Түсіндіріп бер. Үлгі:қант- шай тұз- сорпа
Апта- сәрсенбі ай------- күн, жыл, қаңтар.
Бие- құлын сиыр----сүт, ет, бұзау.
Қайық- өзен ұшақ---- бұлт, жер, әуе.
4-тапсырма. Сөз тізбегін жалғастыр. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталатын болсын. Жаз. Үкі-ін-нар- рас- сал –лақ
Шам- мал- лас- сай- йод
Айна- алма- алша-арпа
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. Берілген сөздердің бір буынын алып, жаңа сөз құрастырып жаз.
Пәні:қызықты математика
Күні:13.12.14ж.
№14.Сабақтың тақырыбы:Ұқсастығы мен айырмашылығын тап. 29-30 бет
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша айырмашылықты тауып, осыған сәйкес суретті толықтырып салуды, суреттерді салыстыруды үйрету. Айырмашылықты табудың
жолын ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.Зеректікке, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, касса, суреттер, үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Ширату тапсырмасын орындау.
1)Пойыздың жолы---
Қайық жолы----
Ұшақ жолы----
Адам, мал жүріп әбден тапталған жол----
Жеңіл машиналар мен жүк машиналар жүретін жол---
Тура жақын жол---
2)Суреттер арқылы бүгінгі сабақты түсіндіру.
3)Суреттерді салыстыру,артық затты табу жұмысы.
1-тапсырма.Суреттерді салыстыр.Екіншісіндегі артық суретті тап.Осыған сәйкес бірінші суретті толықтырып сал.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суреттерді салыстыр және олардың айырмашылығын тап. Қанша айырмашылығы болса, сонша үшбұрыш сыз. Түсіндіріп бер.
Сергіту сәті: «Айгөлек» Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
3-тапсырма.Торкөзге керекті әріптерді жазып, сөз құра. Ортақ белгісін айт.
Түсіндіріп бер. Үлгі:тал шаш сүт
өту рас уыз
лақ шал ауа
ала тас
4-тапсырма.Суретті мұқият қарап шық. Айырмашылығын айт. Ұқсас суретті боя.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. 2 аяғымен тұрған әтештің салмағы 3 кг. Егер ол бір аяғымен тұрса, оның салмағы қандай болады?
Пәні:Қызықты математика
Күні:27.12.14ж.
№16.Сабақтың тақырыбы: Ретін тап. 33-34 бет
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша айырмашылықты тауып,осыған сәйкес суретті толықтырып салуды, суреттерді ретімен орналастыруға үйрету. Айырмашылықты табудың жолын ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.Зеректікке, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, касса, суреттер, үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Ұқсастығы мен айырмашылығын тап.
Ширату тапсырмасын орындау.
Өзіңнен үлкен ұл---
Өзіңнен үлкен қыз----
Өзіңнен кіші ұл----
Өзіңнен кіші қыз ---
Әпкеңнің күйеуі---
Ағаңның әйелі---
1-тапсырма.Сурет і мұқият қара. Келесі сурет қандай ? Суретті аяқта.
Осыған сәйкес бірінші суретті толықтырып сал.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретті мұқият қара. Заңдылықты сақтап, төртінші суретті аяқта. Түсіндіріп бер.
Сергіту сәті: «Айгөлек» Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
3-тапсырма. Суретті мұқият қарап шық. Алдымен және одан кейінне болады? Цифрмен белгіле.Әңгімелеп бер.
4-тапсырма.Суретті мұқият қарап шық. Суретшінің қатесін тап. Оны айнала сыз. Дәлелдеп бер.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
5-тапсырма. Оқы, қызық. Не өзгерді? Түсіндір.
Мал- тал нар- шар- қар
Ара- ора көл- шөл- төл
Шана- шала- шама табақ-ьсабақ- қабақ
Пәні:қызықты математика
Күні: 20.12.2014ж.
№15.Сабақтың тақырыбы:Заттарды көлемі бойынша салыстыр.31-32бет.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша оқиғаның орындалу ретін анықтауды,оны цифрмен белгілеп жазуды үйрету.Уақытты бағдарлаудың жолын,ретін ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:Уақытты бағдарлау.
Ширату тапсырмасын орындау.
1) Ешкінің төлі---
Жылқының төлі-----
Сиырдың төлі-----
Қойдың төлі-----
Түйенің төлі------
1-тапсырма. Суретті мұқият қара. Олардың ортақ белгісі мен айырмашылығын айт. Түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Кім не істейді?
Аспаз оқытады
Ұстаз бағады
Дәрігер пісіреді
Малшы емдейді
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»ойыны
3-тапсырма. Суретті мұқият қара. Жуан- жіңішке, биік- аласа және кең заттарды тап. Оларды салыстырып әңгімелеп бер.
4-тапсырма. «Не өзгерді?» ойыны. Сөздерді салыстыр. Олардың айырмашылығын әңгімелеп бер.
Шаң- таң тағала- шағала
Сана- сона Самат- Самал
Аула- сула Әли- Әди
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма.
Графикалық диктант. Мұқият тыңда.Нүктеден бастап сыз.
Пәні:қызықты математика
Күні: 24.01.2015ж.
№19.Сабақтың тақырыбы:Сандар әлемі. 39-40 бет.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша оқиғаның орындалу ретін анықтауды,оны цифрмен белгілеп жазуды үйрету.Уақытты бағдарлаудың жолын,ретін ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:Уақытты бағдарлау.
Ширату тапсырмасын орындау.
1) Көкөністер---
Жемістер-----
Дақылдар-----
Үй құстары-----
Үй жануарлары------
1-тапсырма. Заңдылықты сақтап, соңғы сауытқа гүлдің суретін сал.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретті мұқият қара. Алдымен және одан кейін не болды? Заңдылықты сақтап ұсынылған суреттің ретін цифрмен белгіле. Түсіндіріп бер.
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»ойыны
3-тапсырма. Суретті мұқият қара. Май шам бастапқыда және соңында қандай болғандығын анықта. Цифрмен жазып белгіле.
4-тапсырма. Заттарды салыстыр. Ұқсас заттарды меңзермен қос. Олардың ортақ белгісін тап, түсіндір.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма.Сөздерді оқы. Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр. Түсіндір.
Ұшақ- құс шайнек- қасық
Қарындаш- қалам алма- доп
Трамвай-троллейбус пияз- қияр
Пәні:Қызықты математика
Күні:11.04.15ж.
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндерді үйлерге орналастыр.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ұғындыра отырып ,оларды атау,салыстыру,сызу жолдарын үйрету.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Ұқыптылыққа,зеректікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен қандаймын...» психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Геометриялық пішіндерді үйлерге орналастыр.
Ширату тапсырмасын орындау.
Қарбыз ащы ма?-
Балмұздақ жылы ма ? –
Жылқы үш аяқты ма ? –
Пияз тәтті ме ? –
Сүт қызыл ма ?-
ә)Геометриялық фигуралар,суреттер,кесте бойынша бүгінгі сабақты түсіндіру.
1-сурет.Суретті мұқият қара. Геометриялық пішіндерді үйлерге орналастыр. Таңдауыңды түсіндіріп бер. Орналасатын пішіндерді меңзермен сызып көрсет.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-сурет. Пішіні дөңгелекке ұқсайтын суреттерді тап және оны сыз. Қалған суреттерді боя.Таңдауыңды түсіндіріп бер.
Сергіту сәті: «Ағаштар»
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
3-сурет. Ыдысқа жатпайтын заттардың атын жаз. Таңдауыңды түсіндіріп бер. Ыдыстарды боя.
4-сурет.Мына суретте не белгілегенін өзің аңғарып біліп ал.Түсіндіріп бер.
ҮІ.Сабақты қорытындылау. 5-сурет.Суретті мұқият қара. Торкөзге берілген тәртіпті сақтап үшбұрыштардың суретін сал.
Пәні:қызықты математика
Күні:18.04.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ есептер. 57- 58 бет.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша сөзжұмбақты шешудің ретін анықтауды, оны цифрмен белгілеп жазуды үйрету. Уақытты бағдарлаудың жолын, ретін ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмбақ есептер.
Ширату тапсырмасын орындау.
1.Айналада ақ отау, 3.Қыста ғана болады,
Аузы мұрны жоқ отау. Ұстасаң қолың тоңады.
2.Қабат- қабат киінген, 4.Аяғы жоқ жүрмейді,
Төбесінде шашы түйілген. Үй күзетеді үрмейді.
1-тапсырма. Қоянға оқу құралдарын сөмкеге салуға көмектес. Суреттегі оқу құралдарының атын жаз және оны боя. Қандай заттарды сөмкеге салған жоқ. Түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Жазуды жалғастыр.
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»ойыны
3-тапсырма. Заттың қандай бөлшегі жетіспей тұр? Суретті аяқта. Түсіндіріп бер.
4-тапсырма.Амалдарды орында , шыққан сөзді жаз.
Фа + брит – т + ка -- фабрика
Қу + ырн – н + шақ—қуыршақ
Дөң + гер – р + лек—дөңгелек
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. Ойланған жауабын жаз.
А) Қарлығаш жоғары ұша ма, әлде тауық па?
Ә)А+А=8, мұнда А – екі жағдайда да бірдей сан. Қосылғыштар қандай сан.
Б)1- ден 100- ге дейінгі санда неше нөл бар. Түсіндір. Цифрларды жазып көрсет.
В)Бір бала ылғи өтірік айтады. Одан: «Сенің мұрның біреу ме, әлде екеу ме?»- деп сұраса ол қалай жауап береді.
Пәні:Қызықты математика
Күні: 25.04.15ж.
Сабақтың тақырыбы: Ортақ белгісін тап. 59- 60 бет
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша ортақ белгісін тауып, суреттерді салыстыру.Осыған сәйкес суретті толықтырып салуды , сөздердің алғашқы буындарынан сөз құрастыруды ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қабілеттерін дамыту.
3.Зеректікке,ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: буындар, касса, суреттер, үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен көңілдімін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Логикалық есептер.
Ширату тапсырмасын орындау.
Табаныма байладым, Тік ұшақтан аумайды,
Қос аяқпен айдадым. Маса, шыбын аулайды.
Мойны арық талмайды, Аяғы бар, басы бар,
Күннен көзін алмайды. Арқалаған тасы бар.
Ұшады қонады,
Гүлдердің қонағы.
1-тапсырма. Суретті мұқият қарап шық. Олардың ортақ белгісін тап. Түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Ортақ белгісін тап. Ұқсастығын айт.
7 және 37 12 және 42 38және 58
42 және 21 10 және 40 15 және 45
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»
3-тапсырма. Үш қоян жарысып келеді. Соңғы келе жатқан қоян екінші қоянды қуып жетті. Ол нешінші болып мәреге келді? Талдап түсіндіріп бер.
4-тапсырма. Цифрмен белгіленген әріптерді пайдаланып сөздер құрастыру.
Д
|
А
|
Р
|
К
|
Ғ
|
Н
|
М
|
І
|
Ш
|
И
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
10, 7, 2, 9 - Имаш 9, 2, 6, 2 - Шана
4, 10, 8, 4 - Киік 1, 2, 3, 10, 5, 2 -Дариға
2, 6, 2, 3 - Анар
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма.А) Қоңыздың үш жұп аяғы бар. Сонда бір қоңыздың неше аяғы бар?
Ә) Үш ересек адам және бірнеше бала тізбектеліп, қол ұстасып келе жатыр. Ересек адамның әрқайсысы екі баланың қолынан ұстаған. Үлкендермен бірге неше бала келе жатыр?
Пәні:қызықты математика
Күні:02.05.15ж.
Сабақтың тақырыбы: Логикалық есептер.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша айырмашылықты тауып, осыған сәйкес суретті толықтырып салуды, суреттерді салыстыруды үйрету. Айырмашылықты табудың жолын ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы қабылдау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3.Зеректікке, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әріптер, касса, суреттер, үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Логикалық есептер.
Ширату тапсырмасын орындау.
1) Қолы жоқ, көзі жоқ, Тыңдап әнін өлеңін,
Сурет салар өзі көп Үйден кино көремін.
Аяғы жоқ жүреді, Көк ала шапан киеді,
Сылқ- сылқ күледі. Күн шуақты сүйеді.
Өзендегі көшенің,
Үстінен күнде өтемін.
1-тапсырма.Суреті мұқият қара. Оларды ортақ белгісі боиынша жаз.
Алма, алмұрт, жүзім, жеміс- жидек.
Күрек, айыр, тырма, орақ.
Кеме, машина.
Орындық, үстел, шкаф.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Сөздерді оқы. Талдап түсіндіріп бер.
Ата сұр тап таға май
Ана тұр қап жаға сай
Аға бұр шап баға тай
Сергіту сәті: «Айгөлек» Айгөлек-ау,айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.
3-тапсырма. Мерген қанша ұпай жинады? Ортаңғы дөңгелек- қызыл, екіншісі- сары, үшіншісі- көк, төртіншісі қоңыр түске боя. Ұпай санын торкөзге жаз.
Талдап түсіндіріп бер.
Қызыл—3 ұпай Сары—2ұпай
Көк—2 ұпай Барлық ұпай
4-тапсырма. Дастарқан мәзірін жасау үшін қандай ыдыстарды үстелге қоясың. Ыдыстың суретін боя және айналдыра сыз.
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. Берілген сөздердің бір буынын алып, жаңа сөз құрастырып жаз
Пәні:қызықты математика
Күні:16.05.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Кім жылдам . 65-66 бет.
Сабақтың мақсаты: 1.Сурет бойынша сөзжұмбақты шешудің ретін анықтауды, оны цифрмен белгілеп жазуды үйрету. Уақытты бағдарлаудың жолын, ретін ұғындыру.
2.Оқушыларға тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Ұқыптылыққа,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте,суреттер,үлестірмелер.
Оқыту әдісі:ойын,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Мен білгішпін...»психологиялық дайындық.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:Сұрақ-жауап әдісі бойынша жүзеге асады.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ: Жұмбақ есептер.
Ширату тапсырмасын орындау.
Әдемі, түрлі түсті, хош иісті-----
Жалқау, мұртты, ұйқышыл------
Сақ, қорқақ, тез жүгіреді---------
Сұр, жабайы, азулы----------------
Суда жүзеді, бірақ балық емес—
Тәтті, шырынды , қызыл-----------
1-тапсырма. Көтеріңкі көңіл- күйді білдіретін суретті боя. Түсіндіріп бер.
Ү.Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. Суретті мұқият қара. Маржан не істеп тұр? Алдымен, одан кейін не болады? Әңгімелеп бер.
Сергіту сәті: «Ұшты,ұшты»ойыны
3-тапсырма. Суретті мұқият қарап шық. Қандай фигураларды байқадың? Оларды сана санын жаз.
4-тапсырма. Сөздерді оқып шық. Оларды топқа бөліп ретімен жаз. Сәрсенбі, бейсенбі,түн, кеш, дүйсенбі, сенбі, сейсенбі, күн, жұма, жексенбі, таң.
А) Апта күндері---------------------------------------------------------------------
Ә)Мезгіл------------------------------------------------------------------------------
ҮІ.Сабақты қорытындылау: 5-тапсырма. Ойланған жауабын жаз.
А)Тордан көжектің 10 құлағы көрінеді. Тордағы көжектің саны қанша?
Ә)Ермек, Амантай және Әділбек кездескенде қол алысып амандасты. Неше қол алысу болды?
Достарыңызбен бөлісу: |