Тақырыбы: _Ø50, 100, 150, 500 мм_құбырларды дәнекерлеу Мақсаты: Теориялық сабақтан алған білімдерін практика жүзінде іске асыру, атап айтқанда жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау талаптарға сай жұмыс атқара отырып орындалған жұмыс сапасын бақылау.
Білімділік: Теориялық сабақпен өндірістік оқу сабағын ұштастыра отырып оқушыларға пісіру жұмыстарын әр түрлі әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Студенттерге пісіру жұмыстарын әр түрлі пісіру әдістерін дамытып баулу
Тәрбиелік: Қауіпсіздік ережесін сақтауға, уақытты тиімді пайдалануға, электр қуатын, электродтарды үнемдеуге тәрбиелеу.
Қажетті заттар: Ø50, 100, 150, 500 мм құбырлар , сым, бұрыштар, темір табақшалары
Сабақтың оқу – материалдық жабдықталуы:
Балға, сызғыш, шаблон, темір щетка,электрод , АСМ-1,25, ТДМ-503
І. Ұйымдастыру бөлімі. Топ студенттерінің сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру
ІІ.Кіріспе нұсқау Студенттерді шеберхана мен тапсырма мазмұнымен таныстыру. Оларды жұмыс орындарға бөлу. Студенттерді құрал саймандар мен жабдықтарды пайдалануға және оларды қабылдап алу мен өткізу жолдарын үйрету. Жұмыс тәртібімен оқу шеберханасының ішкі ережелерімен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен таныстыру. Оқу шеберханасындағы қауіпсіздік сақтау ережелері мен өндірістік жабдықтарға және өндірістік процеске қойылатын талаптары. Зақымданудың себептері. Зақымданудың түрлері. Зақымданудан сақтандыру шаралары. Өрт және электр қауіпсіздігінің ережелері. Электр қыздырғыш құралдарды пайдалану ережелері. Электр қондырғыларды жерлендіру. Электр желісінен ажыратып қосу. Электрлік зақымданудан алғашқы көмек көрсету.Бұйымның негізгі бөліктерін біріктіру жолдарын үйрену, жұмысын толық меңгеру.
ІІІ. Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу 1010-1055
Студенттерді жұмыс жасар алдында пісіруге арналған жабдықтарды, құралдарды арнайы жұмыс киімімен қорғаныс заттарды қолдануға жаттықтыру.
ІҮ. Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымды нұсқау Студенттерді берілген тапсырманы, талаптарға сәйкес орындауын және уақытылы жасауды техника қауіпсіздігін сақтай отырып, атқарған жұмыстың сапалы орындалуын қадағалап, Студенттердің жасаған жұмысын бағалап, жіберілген қателіктерін ескертіп қайта жасату. Жұмыс орнын тазалау, құрал саймандарды орындарына жинастыру Атқарылған жұмыстың сапасын тексеріп, оларды бағалау. Жұмыс орнын тазалау. Үй тапсырмасын беру.
Ү.Қорытынды нұсқау 1. Сабақты қортындылау
2. Үйге тапсырма: §4.3 80-84 беттер
Құбырларды пісіру. Қабырға қалыңдығы 3-5 мм болатын, диаметрі – 100 мм-ден аспайтын құбырларды газды пісіргіштермен пісіреді. Көбінесе үйлердің жылыту жүйесін, ыстық және суық сулар құбырларын жүргізген кезде қолданылады.
Көміртекті болаттан, түсті металдан және қорытпалардан жасалған түтіктерді пісіреді. Пісіру әдісін таңдағанда көбінесе құбырлардың қырларын түйістіріп пісіру әдісін қолданған жөн, себебі осы кезде оның қырларын қарапайым жолмен өңдейді және газ шығыны төмен болады (4.6 кесте). Қабырға қалындығы 3 мм-ге дейінгі түтіктерді пісіргенде олардың қырларын өңдемей-ақ, аралығындағы саңылауды 1,5 мм етіп пісіреді, ал қабырғасы қалың түтіктердің қырларын Ү-тәрізді етіп 70-900С бұрышпен өңдеп, 1,5-2,5 мм доғалдандырып, аралық саңылауды 2-3 мм қойып пісіреді.
Түтіктерді құрау мен орталықтандыруды арнаулы аспаптармен жүргізеді: диаметрі 60-89 мм аралығындағы түтіктер үшін орталық дәлдегіш струбциналар, ал 48-159 мм түтіктер үшін арнаулы аспаптар қолданылады.
Түтіктерді пісіруді оң жақ немесе сол жақ тәсілдермен жүргізе береді. Бұрылыстағы жалғауларды оттық және қоса пісірілетін металды (4.11-суретте) көрсетілгендей төменгі әдіспен пісіреді. Жік аздаған дөңес болуы үшін балқыған металл ваннасы түтіктің жоғарғы бөлігінен сәл төмендеу болуы шарт. Осы әдіспен ұзындығы 30-50 мм ұстағыштармен ұстатылған иінді түтіктерді де пісіруге болады. Пісіру кезінде, әсіресе жіктің аяқталар жеріне қатты көңіл бөлу керек.
Түтіктердің айналмайтын тура бөлігін екі кезеңмен пісіреді: диаметрі 100 мм-ге дейінгі түтіктердің астына алдымен жік жасайды, ал содан кейін үстіңгі жағын төменгі әдіспен пісіреді. Диаметрлері 100 мм-ден асып кететін түтіктерді төрт кезеңге бөліп пісіреді: алдымен астыңғы жағын екіге бөліп пісіреді де, үстіңгі жағында екіге бөледі. Төменгі және жоғарғы жіктер бір – біріне қарама – қарсы салынады және олар бір – бірлерін 30-40 мм-ге айқасып жабу керек.
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
Ахметов Біржан
Сабақтың тақырыбы: Кесу
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге металды кесудің, тілудің технологиясын үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Студенттердің білім –білік дағдыларын қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабылеттерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Студенттердің бойында құрал- саймандарды күтіп ұстау, материалдар мен шикізатарды үнемді пайдалану еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жауапкершілікпен жұмыс жасауға, және ұқыпты тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық техникалық құрал-жабдықтары: Қаңылтыр, қол ара, қайшы, верстак, қысқыш, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал саймандар.
Пән аралық байланыс: Сызу, химия,физика, арнаулы технология.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Студенттерді журнал бойынша тексеру, назарын сабаққа аудару
2. Студенттердің арнаулы киімдерін тексеру.
II. Кіріспе нұсқау
Студенттерге сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Қауіпсіздік ережелерін және слесарь ісі сабағы кезіндегі сақтық шараларының орындалуын ескерту.
Құрал-саймандармен қалай жұмыс жасауды көрсету.
III. Ағымдағы нұсқау .Студенттер өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып бір-біріне сұрақтар қою арқылы қайталау.
1. Түзету дегеніміз не?
2. Металды түзету кезінде қандай құрал-саймандар қолданылады?
3. Болат шыбықтар мен ұзыншақ металдарды қалай түзетеді ?
4. Металдарды қолдан түзету үшін қандай балғалар қолданылады?
5. Жоңқалардың қанша түрі бар?
6. Крейцмейсельдің жүзінің жалпақтығы қанша -мм болады?
7. Слесарьлық балғалардың қанша түрі болады?
8. Балғамен соғудың қанша түрі бар?
9. Шапқының негізгі ережелері?
10. Шапқылау жұмыстары кезінде еңбек қауіпсіздігі?
Жаңа сабақ бойынша нұсқау беру.
Кесу немесе тілу деп материалды бөліктерге бөлу операциясын айтады.металл жоңқалы да, жоңқасызда кесіле береді. Қол арамен көлденең қимасының өлшемі 60-70 мм-ге дейін жететін металдарды кесуге болады. Ол қол ара станогынан (рамалардан) және қол ара жүзінен тұрады. Қол ара станогы біртұтас және жылжымалы болады. Біртұтас станоктар белгілі бір ұзындықтағы ара жұздері үшін арналған. Жылжымалы станокқа ұзындығы әртүрлі ара жүздерін бекітуге болады. Металды қайшымен кескенде жұмысты өнімді істеуге, кез келген формалы деталды жоңқасыз кесуге және бірден дайын бұйым жасап алуға болады. Қайшымен көбінесе оңай кесілетін жалпақ табақша металдар кесіледі. Бөлшектердің немесе дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, қол және пневматикалық аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады. Жұқа қалыңтыр материалдар мен сымдарды кесуге арналған қайшылар мен тістеуіктердің жұмыс істеу принципі екі кескіш пышақтардың қысыммен бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарына негізделген. Қол қайшылары қалыңдықтары 1,5 мм-ге дейінгі түсті металдар және 0,5-1,0 мм болат табақтарын кесуге арналған. Олар кесу пышақтарының құрылыстарына байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қол аралары дөңгелек немесе әр түрлі пішіндегі қалың металдарды кесуге арналған. Қол араларымен ойықтарды, шлицаларды оюға, дайындамаларды контур бойымен кесуге және т.б. жұмыстарды орындауға болады.
Араларды бекітетін станоктардың екі түрі бар:
- тұтас , бір ұзындықтағы араларды бекітуге арналған.
- жылжымалы , ұзындықтары әр түрлі араларды бекітуге арналған.
Аралар бір жақ қырында тістері бар жіңішке және жұқа пластинадан тұрады. Олар аспапты немесе тез кескіш болаттардан дайындалады. Аралардың ұзындықтары көбінесе 250-300 мм болып келеді.
Металдарды кесу кезінде келесі техника қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
- рамаға қатты немесе бос керіліп тартылған арамен жұмыс істеуге болмайды: бұл араның сынып, қолды жарақаттауға әкеп соғады.
- металдардың ұсақ жаңқаларын үрлеп немесе қолмен тазалауға
болмайды, ол үшін сыпырғыш,щетканы қолдану керек.
- металдарды кесуді аяқтардың алдында дайындаманың кесілетін бөлігін бір қолмен ұстау қажет.
- қалыңтыр материалдарды қайшымен кесу кезінде, қолды жарақаттап алмау үшін, қорғағыш қолғаптар киген дұрыс.
- электр қайшыларымен жұмыс істегенде электр қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс.
-жұмыс орнында керек емес аспаптар мен артық құралдар болмауы керек.
IV.Кіріспе нұсқауды пысықтау.
Қол арамен қалыңдығы қанша –мм ге дейін кесуге болады?
қол ара станогы қаншаға бөлінеді?
Металды жоңқалы, жоңқасыз қалай кеседі?
Қол қайшылармен қалыңдығы қанша –мм ге дейін кесуге болады?
Қалыңдығы 2-3 мм-ге дейінгі металдарды қандай қайшымен кеседі?
Суретте – Қолмен кесетін қайшылар:
а - тік қайшы б - саусақты қайшы в - қисық қайшы г - столға бекітілген қайшы д - рычагты қайшы
1 - төменгі пышақ 2 - рычаг 3 - жоғарғы пышақ 4 - белгі 5 - кесілетін металл
V. Құрал жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын
орындау.
1. Материалдарды жұмысқа дайындау, оларды тазалау өңдеу.
2. Қол араны, қол қайшыны жұмысқа дайындау.
3. Жұмыс құралдарының дұрыс орналасуын тексеру.
4. Қол арамен, қайшымен жұмыс жасап көрсету.
5. Кесу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Тексеру мақсатында студенттердің жұмыс орнын аралау.
1-аралау: Жұмыстың уақытылы басталуы.Жұмыс орнын дұрыс ұйымастырылуын текскру.
2-аралау: Студенттердің металды кесу кезіндегі техникалық нұсқау
картамен жұмыс жасауын тексеру.
3-аралау: Металдарды кесу кезіндегі іс қимылын, құрал жабдықтарды
дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
4-аралау: Қауіпсіздік техникалық ережелерін қатаң сақталуын қадағалау.
5-аралау: Студенттердің жұмыстарын тексеріп, кемшілігі бар студенттерге
қосымша нұсқау беру.
6-аралау: Орындалған жұмыстарды бағалау және қабылдау.
7-аралау: Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.
VI. Қорытынды нұсқау.Сабақты қорытындылау, топтық бағалау. Жақсы және нашар орындалған жұмыстарды атап өту, насихаттау. Үйге тапсырма беру.
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
Ахметов Біржан
Тақырыбы: Әлеуметтік серіктестік сапалы маман даярлаудың
қозғаушы күші
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КіріспеСапалы қоғам саналы адамымен, тәрбиелі жастарымен ғана мықты. Сондықтан болашақта белсенді қоғам мүшесі, елі, жері үшін жанын аямайтын азаматты, яғни бүгінгі жас жеткіншектерді заман талабына сай оқыту, тәрбиелеу мәселелері күрделі міндеттердің алдыңғы қатарынан орыналады. Осыған байланысты бүгінгі таңда сапалы мамандарды даярлау мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мақсатқа жетудің басты жолы – білім беру барысында студенттердің, әсіресе, техникалық мамандықты таңдап келген студенттердің өзінің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Бүгінгі күні маман дайындаудағы педагогикалық процестің басты міндеті - оқыту мен тәрбиелеуге қажетті әртүрлі педагогикалық міндеттерді шеше алатын студенттің жеке тұлғасын кәсіби маманға айналдыру. Сондықтан арнайы оқу орындарындағы оқу-тәрбие, білім беру процесінде жаңа тиімді әдістерді қолданумен шектеліп қана қоймай, пән мұғалімі ретінде студенттерді даярлаудың құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізу, оқыту мен сабақ берудің технологиялық деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу мі
Негізгі бөлім
Елімізде білім беруге арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сай кәсіби құзырлы мамандар даярлау, кәсіби даярлыққа қос бағытты білім беруді ендіру, базалық мекемелермен әріптестік серіктестікті нығайту, теория мен практиканың мазмұнын сәйкестендіру мақсатында жұмыстар жүргізілуі қажет.
Әлеуметтік серіктестік кәсіптік білім беруді дамытудағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдылықтарды, Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясын айқындай келе, «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды құралдардың бірі» деп айтып, сонымен қатар еңбек нарығының талаптарына сай елге кәсіптік білім берудің сапалы жүйесі қажеттігін және оны дамыту бойынша шаралар қолдану керектігін ерекше атап айтты.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заңдарында, «Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының ең басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастардың білім алуы үшін оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік серіктестік шеңберін кеңейту қарастырылған, оқытудың жаңа концепциясы қабылданған, бұның барлығы оқыту әдістерін өзгертуді талап етеді. Оқу орындары, жұмыс берушілер және жұмыспен қамту орталықтары арасында әлеуметтік диалог ұйымдастыру –заман талабы. Болашақ мамандарды даярлау кезінде еңбек нарығының сұранысын және жұмыс берушінің талабын ескере отырып, студенттерге сапалы кәсіптік білім мен біліктілік беру басты мақсатымыз.
Қазіргі кезеңдегі эканомикалық өзгерістер кәсіптік білімді дамытуды түпкілікті өзгертті. Кәсіптік білім еңбек нарығының сұранысын, жұмыс берушілердің нақты талабын қанағаттандыру жағдайларына қарай бейімделеді. Бұндай жағдайларда білім беру мекемелері, жұмыс берушілер және еңбекпен қамтамасыз ету орындарының арасындағы қатынастардың жаңа жүйелерінің қалыптасу мәселесі маңызды болуда. өйткені еңбек нарығы мен білім беру қызметі нарығы өзара байланысты. Кәсіптік білім беру осы саладағы әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынас нәтижесінде ғана болашақ мамандардың жұмыспен толық қамтылуына ықпал ете алады. әлеуметтік серіктестермен ең алғашқы диалог студенттердің кәсіптік практикадан өтуі кезеңінен басаталады. Кәсіби даярлық білім алушының мамандығының бейіміне сәйкес келетін ұйымдарда өткізіледі, осы кезеңде жұмыс беруші ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы келісім -шарттар жасалады.
Кәсіпорындар мен оқу орындары арасындағы әлеуметтік серіктестік тетіктері толыққанды жұмыс істемеуіне байланысты оқушылардың өндіріс орындарында тәжірибелерін өтуіне кедергілер көп.
Қазіргі дамыған экономика, бәрінен бұрын, интеллектуалдық ресурстардың әлеуетіне арқа сүйейді. Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға ғана емес, осынау технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады. Сондықтан заманауи оқыту негізінде, өзіндік ойлау жүйесіне өріс ашатын баланың ақыл-ой қабілетін дамыту ұстанымын зерделеу қажеттігін алға тартты.
Қорытынды
Еліміздің іргелі кәсіпорындарына жаңа технология мен құрылғылардың қарқынды енгізілуіне байланысты оқыту үдерісі мен өндірістік тәжірибе арасы алшақтай түскені байқалады. Себебі, ескі жабдықтар бойынша оқып-үйренген жас маманның өндіріс орнына барғанда қайта мамандануына тура келеді.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Теориялық біліммен қатар практикалық дайындыққа ие болатын білікті мамандар дайындау мәселесін шешуге бағдарланған және бизнес – құрылымдармен, сондай ақ білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын дуалды білім беру жүйесін енгізу мәселенің негізін қалаушы принциптерін жан жақты талқылау мен қоғам алдына қойылған мәселенің тәртіппен шешілуін қажет етеді. Техникалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге талап күшейтіліп отыр, яғни неғұрым талантты, кәсібіне икемді, сол мамандықты ұнататын, жүрек қалауымен келген талапкер- жастарды қамту міндеттеліп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
Егемен Қазақстан газеті
Ғаламтор желісінен
Ұстаз мәртебесі
Жаңақорған аграрлы-техникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы
Ахметов Біржан
Сабақтың тақырыбы: Металды түзету және ию
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге металды түзету және июдің технологиясын үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Студенттердің білім –білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық, қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Студенттердің бойында құрал- саймандарды күтіп ұстау, материалдар мен шикізатарды үнемді пайдалану еңбек қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жауапкершілікпен жұмыс жасауға, және ұқыпты тиімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық техникалық құрал-жабдықтары: Қаңылтыр, балға, ағаш балға, верстак, қысқыш, техникалық нұсқау картасы, слесарлық құрал саймандар.
Пән аралық байланыс: Сызу, химия,физика, арнаулы технология.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 800- 805
1. Студенттерді журнал бойынша тексеру, назарын сабаққа аудару
2. Студенттердің арнаулы киімдерін тексеру.
II. Кіріспе нұсқау 810 – 845
Студенттерге сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Қауіпсіздік ережелерін және слесарь ісі сабағы кезіндегі сақтық шараларының орындалуын ескерту.
Құрал-саймандармен қалай жұмыс жасауды көрсету.
III. Ағымдағы нұсқау 850 – 1245
Студенттер өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып
бір-біріне сұрақтар қою арқылы қайталау.
1. Белгі салу дегеніміз не?
2. Кесу, тілу дегеніміз не ?
3. Шапқылап кесу дегеніміз не?
4. Шапқымен кесу дәлдігі қанша -мм болады?
5. Жоңқалардың қанша түрі бар?
6. Крейцмейсельдің жүзінің жалпақтығы қанша мм болады?
7. Слесарьлық балғалардың қанша түрі болады?
8. Балғамен соғудың қанша түрі бар?
9. Шапқының негізгі ережелері?
10. Шапқылау жұмыстары кезінде еңбек қауіпсіздігі?
Жаңа сабақ бойынша нұсқау беру.
Түзету деп иіліп, бүгіліп немесе майысып қалған металдарды балғамен соққылап не престің қысым күшімен дұрыс қалыпқа келтіру операциясын айтады. Созылмалы металдарды –болатты , жезді, мысты, алюминийді ғана түзетуге болады. Оларды металл тақтаға төске, рельске салып түзетеді. Түзу металл тақталар шойыннан немесе болаттан дайындалады. Ұзыншақ және шыбық тәрізді материалдарды рельске салып, ұсақ деталдарды төске салып түзетеді. Металдарды қолдан түзету үшін болат және жұмсақ табанды балғалар, білеулер (брусок), рычагтар қолданылады. болат балғалармен ұзыншақ, шыбық тәрізді материалдарды және едәуір жуан табақша металдарды түзетеді. Көбінесе дөңгелек табанды балғалар қолданылады. жұқа табақша металдар ағаш балғалармен (киянкалармен) түзетіледі. өте жұқа қаңылтырларды түзету үшін металл немесе ағаштан жасалған білеулер (тегістегіштер) қолданылады.
IV.Кіріспе нұсқауды пысықтау.
Түзету дегеніміз не?
Металл түзету кезінде қандай аспаптар, икемшіктер және құралдар қолданылады?
Болат шыбықтар мен ұзыншақ металдарды қалай түзетеді?
Шеттері толқындана қисайған табақша болатты қалай түзетеді?
Алюминийден жасалған қалыңдығы 0,3 мм майысқан табақша металды қалай түзету керек?
Металдарды қолдан түзету үшін қандай балғалар қолданылады?
V. Құрал жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын
орындау.
1. Материалдарды жұмысқа дайындау, оларды тазалау өңдеу.
2. Түзету құралдарын балға, төс жұмысқа дайындау.
3. Жұмыс құралдарының дұрыс орналасуын тексеру.
4. Майысқан материалдардың түзетілуін көрсету.
5. Түзету кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Тексеру мақсатында студенттердің жұмыс орнын аралау.
1-аралау: Жұмыстың уақытылы басталуы.Жұмыс орнын дұрыс ұйымастырылуын текскру.
2-аралау: Студенттердің металды түзету кезінде техникалық нұсқау
картамен жұмыс жасауын тексеру.
3-аралау: Металдарды түзету кезінде іс қимылын, құрал жабдықтарды
дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
4-аралау: Қауіпсіздік техникалық ережелерін қатаң сақталуын қадағалау.
5-аралау: Студенттердің жұмыстарын тексеріп, кемшілігі бар студенттерге
қосымша нұсқау беру.
6-аралау: Орындалған жұмыстарды бағалау және қабылдау.
7-аралау: Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.
VI. Қорытынды нұсқау. 1245- 1300
Сабақты қорытындылау, топтық бағалау.
Жақсы және нашар орындалған жұмыстарды атап өту, насихаттау.
Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |