Жаңа тақырыпқа шығу:
«Топтастыру» әдісі
Мереке деген не? Қандай мерекелерді білесіңдер?
Бүгін сабақтың тақырыбы- «Мереке» мәтінімен танысатын боламыз, авторы Қанат Қайым .
Сабаққа мақсат қою
Автор туралы мәлімет беру
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтінді кезекпен оқыту.
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою
Дәптермен жұмыс: жоспар құру.
Бөліктерге ат қою
Соңғы бөлігін өз бетінше оқыту, жұпта талдап, ат қою.
Дидактикалық ойын “Мерекелерді білесің бе?»
Оқушыларға қағаз қиындыларын(мерекелердің атаулары және күндері) таратамын, А-3 қағазына реттеп, оларды дұрыс сәйкестендірулері керек.
|
Мереке сөзінің мағынасын ашады, қандай мерекелерді білетіндерін айтады.
Оқушылар ойларын ортаға салады
Оқушылар мәтінді кезекпен оқиды, түсініксіз сөздерді белгілеп отырады
Сұрақтарға жауап береді, мазмұнын түсінеді
Дәптермен жұмыс жасайды
Оқушылар өздігінен оқып, не оқығандарын елестетіп, соңғы бөлікке ат қояды.
Оқушылар мерекелердің атаулары мен күндерін сәйкестендіреді.
|