10 «Б» сынып ҚГБ. «Бөліп шығару тарауына жиынтық бағалау» БЖБ №3
Оқыту мақсаттары: 10.1.5.2 Диализ механизмін түсіндіру 10.1.5.3 Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.
Бағалау критерий: Білім алушы
Бүйрек ауруының пайда болу себептері мен салдарын келтіреді
Диализ механизмін түсіндіреді
Бүйрек трансплантациясы мен диализдің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну. Қолдану. Жоғары деңгейлі дағдылар.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
1. Бүйрек жетіспеушілігі ұғымына анықтама беріп, бүйрек ауруының пайда болуының үш себебін келтіріңіз:
2. Бірнеше бүйректің ауруларын атап, бүйрек ауруының салдарын келтіріңіз (3 тен кем емес):
3. Диализ – бүйрек ауруын емдеу жолы.
1-суретте диализ құрылғысы көрсетілген.
Диализ құрылғысы қанды қалай тазалайтынын түсіндіріңіз.
4. Бүйрек трансплантациясы – мүшелерді трансплантациялау үшін кеңінен қолданылады. Бүйрек трансплантациясының диализді құрылғыға қарағанда артықшылықтарын сипаттаңыз.
5. Бүйрек трансплантациясы – мүшелерді трансплантациялау үшін кеңінен қолданылады.
Бүйрек трансплантациясының диализді құрылғыға қарағанда кемшіліктерін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |