Фирма (кәсіпорын) - өнімдерді сату мақсатында дайындау үшін өндіріс факторларын қолданатын, пайданы максималдандыруға талпынатын, шешімді жеке-дара қабылдайтын экономикалық бірлік.
Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық. Табыс дегеніміз - сатқан өнімнен түскен түсім. Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.
Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб эффектісі дегеніміз - өндіріс қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да шығындардың азаюына төмендегі себептер әсерін тигізеді:
Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.
Басқару аппаратының мамандандырылуы.
Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды сатып алу мүмкіншілігі туады.
Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.
Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.
Тауар өткізуді (сатуды) қаржыландырудың артықшылығы.
Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.