Сабақтың мақсаты: Қоғамға қажетті, тұтынатын өнімдерді өндірушінің экономикалық мағызын көрсету



Дата16.06.2020
өлшемі18,38 Kb.
#73582
түріСабақ
Байланысты:
ондиру экон мадениети


Тақырыбы: Өндірушінің экономикалық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:  Қоғамға қажетті, тұтынатын өнімдерді өндірушінің экономикалық мағызын көрсету.

Білімділік: Фирма, кәсіпорынның басты мақсаты туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Экономикалық ойлау, әртүрлі экономикалық жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік ізденуге үйрету, үнемділікке, іскерлікке баулу.

Жоспар


  1. Фирма – экономикадағы өндіруші

  2. Фирманың басты мақсаты

  3. Кәсіпорын, фирманың шығындары

 

  1. Фирма (кәсіпорын) - өнімдерді сату мақсатында дайындау үшін өндіріс факторларын қолданатын, пайданы максималдандыруға талпынатын, шешімді жеке-дара қабылдайтын экономикалық бірлік.

  2. Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың  арасындағы  айырмашылық. Табыс  дегеніміз -  сатқан өнімнен түскен түсім. Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте  кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік  көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім.

Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб  эффектісі дегеніміз - өндіріс  қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни  үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық  факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да  шығындардың азаюына  төмендегі себептер әсерін тигізеді:

  • Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

  • Басқару аппаратының мамандандырылуы.

  • Капиталды тиімді пайдалану. Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды  сатып алу мүмкіншілігі туады.

  • Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың артықшылығы.

  • Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

  • Тауар өткізуді (сатуды)  қаржыландырудың артықшылығы.

  1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.                   

Өндіріс  шығындарының классификациясы

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

Сұрақтар.



  1. экономика саласында өндіруші ролін кім атқарады?

  2. Фирма, кәсіпорынның негізгі мақсаты не?

  3. Өндіріс шығындарының қандай түрлері бар?

  4. Үй тапсырмасын беру. Өндірушінің экономикалық мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет