Ақсай қаласының №1 ЖОББМ 7а сыныбында өткізілген тәрбие сағатына
Анықтама Күні: 23.09.2022ж Тақырыбы: «Экология және біз»
Мақсаты: Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында интерактивті тақта, слайд, тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фломастер, ақ қағаз,қолғап,қоқыс пакеті қолданылды.
Алдымен оқушыларға тәрбие сағатының мақсат-міндеттері таныстырылып өтті, одан кейін оқушыларға топқа бөліну үшін ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетілді. Оқушылар өдеріне ұнаған суреттерді таңдап, соған байланысты топтарға бөлінді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырды.
Топқа бөлінгеннен кейін топ мүшелері өздерін таныстыру үшін глобус беріледі, мұғалім өзінен бастады және одан әрі оқушылар глобусты ұстап тұрып, аты-жөнін және топ атауы бойынша қандай жұмыспен айналысатынын айтып өту керек болды, осылайша глобус қолдан-қолға өтіп, ең соңында мұғалімнің қолына жеткенде мұғалім: «Біз жерде өмір сүреміз», яғни біз ортақ үйімізді бірігіп қорғауымыз керек, оның ластануына жол бермеу керекпіз деп түйіндеді.
Сабақтың ортаңғы бөлімінде топтарға тапсырмаларын берілді.
«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені аяқтауды және осылар бойынша қандай ой түйгенін білу тапсырылды.
«Өнер» тобына қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды сұрау, жасау себептері мен мақсаттарына көңіл бөлу жүктелді.
«Үнемшіл» тобына жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептеуін, олардың азайту жолдарын, ұсыныстарын білу және экологияны бүлдірмеу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс екенін анықтау тапсырылды. Осылайша оқушылар топтастып жұмыстанып, сұрақтар қойып, жұмыстарын қалған топтармен бөлісті.
Оқушыларға сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізді. Сабақта белсене қатысып отырған оқушылар да анықталды.Олар Кенжалиев Жанболат, Канатова Мейрамгүл, Курлысов Саян, Сағынғали Назгүл, Хадыл Назерке, Қажигерей Диас, Раскалиева Зарина, Убайтжан Алиби.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар мектеп ауласына щолу жасап, қоқыс көп шоғырланған аймақты бақылауға алып, мектеп ауласын тазартуға үлестерін қосу үшін қоқыстарды қоқыс пакетіне жинап, тазарту жұмыстарымен айналысты.