БӨЖ арналған материалдар:
Тақырыбы: Қоректік орталарды дайындау технологиясы
Сабақтың мақсаты: Қоректік орталарды дайындау технологиясын үйрену.
Тапсырмалар:
1. Қоректік ортаға қажетті реактивтерді дайындау;
2. Қоректік ортаны схема сәйкес дайындау.
Құрал-саймандар, ыдыс-аяқ, инструменттер:
Қажетті химиялық ыдыстар эксперимент бағытына қарай анықталды. Жасушалар және ұлпалар культураларымен жұмыс істеу үшін қоректік орталарды дайындауға арналған ыдыстар қажет: өлшеу колбалары (0,05-3л), Эрленмейер колбасы (100-250мл), химиялық стақандар (0,05-1л), өлшеу цилиндірі (10-25мл), әр түрлі пипеткалар, бактерицидті және мембранды фильтрлер, Петри табақшалары (биік және төмен әр түрлі өлшемді), биологиялық пробиркалар.
Достарыңызбен бөлісу: |