Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу



Дата07.05.2017
өлшемі29,58 Kb.
#16160
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. (7-сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктеріне тоқталу.
Сабақтың әдіс, тәсілдері: тест, сұрақ –жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: оқулық, кескін карта, атлас карта, тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын сұрау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1. «Ойлан, тап» Сандар сөйлейді.

1.7,6 млн км2 – Аустралия матирегінің жалпы ауданы.

2.2570 км – Муррей өзенінің ұзындығы.

3.2228 м – Косцюшко тауының биіктігі.

4.-16 м- Эйр көлінің деңгейі.

5.2/3 –бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.



6.2300 км ұзындығы- ең ірі маржанжық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі.
2.Картамен жұмыс.
ІІ.Жаңа сабақ жоспары:

1.Ой қозғау стртегиясы
А) Дүние жүзінде неше материк бар? (6)
Б) Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия)
В) Жер бетіндегі алғашқа материк қалай аталады? (Пангея)

2.Мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс: Негізгі мақсаты оқушылар тақырыпты оқып, ашық түрде бір – бірімен пікір алысады. Пікір кезінде мынадай сұрақтар төңірегінде өрбиді.

  1. Аустралияның географиялық орны және жер бедерінің ерекшелігі қандай?

  2. Аустралия мен Африканың жер бедерінен ұқсастығы бар ма ?

  3. Аустралияда қандай пайдалы қазбалар көп шоғырланған?

  4. Аустралияның климатына қандай факторлар әсер етеді?

  5. Өзендері мен көлдері шоғырланған аймақтары?


ІІІ.Бекіту тапсырмасы:

1.Материкті шайып жатқан мұхиттармен теңіздерді контур картаға түсіру.
Үнді, Тынық мұхиты, Арафур, Тасман, Маржан теңізі, Карпентария шығанағы, Үлкен Аустралия шығанағы.


2.Венн диаграммасын құру.
Африка мен Аустралия ұқсастығы туралы тақта диаграмма құру арқылы жазу.
1 Көп бөлігі солтүстік жарты шарда 1 Материк 1 Түгелімен оңтүстік жарты шарда
2 Оңтүстік тропик солтүстік тропик сызығы өтеді 2 Оңтүстік жарты шарда
тропик сызығы 2 Оңтүстік тропик сызығы өтеді
3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтеді 3 Үнді мұхиты 3 Экватор, бастапқы меридиан сызығы өтпейді
4 Атлант мұхиты 4 Жағалаулары нашар тілімделген 4 Тынық мұхиты

Қорынтынды.Бағалау

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу, кескін картаға географиялық орнын бейнелеу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет