Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңберге турып, бір-бірімен сәлемдеседі.
Оқушылар кезекпен әсемдік өздерін қандай сезімге бөлейтінін төмендегі сөйлемді жалғастыру арқылы айтып шығады:
-«Әсемдік менің жанымды шаттықа бөлейді.»
-«Әсемдік менің жанымды мейірімділікке бөлейді.»
Әдем Сөзі А. Шаяхметовтікі Әні Ғ. Наурызбаевтікі
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Кемпірқосақ керілгені әдемі.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,
Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.
Ақ боз атын ертеп мініп атамның,
Қойды өріске айдағаны әдемі.
Достарыңызбен бөлісу: |