-Берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығу
-Оқушыларға жекелей, кезекпе-кезек оқытып шығу
-Мәтінді аударту
Біздің мектептің бірінші қабатында асхана бар. Асхана кең, жарық әрі таза. Мен сыныптастарыммен бірге үшінші сабақтан кейін асханаға тамақ ішуге барамын. Біз көбінесе сорпа немесе ботқа аламыз. Содан кейін тәтті нан және шай кейде шырын аламыз. Тамақ ішер алдында қолымызды жуамыз да, бір- бірімізге «Ас дәмді болсын!» деп айтамыз.
-Мәтін ішінен жалғаулық шылауларды табу.
ІІІ деңгей
Берілген сөздерді септеңдер: асхана, кеспе.
ІІ деңгей
Мәтін ішінен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
І деңгей Көп нүктенің орнына жалғаулық шылауларды қойып жазыңдар.
Мен асханадан ... шай ішсем, ... шырын ішемін.
Мұғалімдер ..., сыныптастарым ... асханадан тамақтанады.
Маған ботқа ... палау беріңіз.
|