Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйекті балықтардың тіршілігімен таныстару



Дата30.05.2017
өлшемі238,94 Kb.
#17191
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйекті балықтардың тіршілігімен таныстару.

А) Білімділік: Оқушыларға сүйекті балықтардың ішкі, сыртқы құрылысы, тіршілік әрекеттері және түрлері жөнінде түсіндіру;

Ә) Дамытушылық:Оқушылардың өзбетілік жұмыс - дағды әрекеттерін қалыптастыру;

 Б) Тәрбиелік : Сабақта оқушыларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру

Көрнекілігі : Шеміршекті,сүйекті балықтардың суреттері,аквариум балықтары,шыны таяқшалар,ұлғайтқыш әйнектер.

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың  әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың  түрі:Ойын арқылы

Технологиясы:Деңгейлеп оқыту

Оқыту формасы:Жалпы сыныптық

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын тексеру

I деңгей тапсырмалары:

1.Кубизм стратегиясы

1,2,3,4-ші бөліктердің біреуін ашып,қай балықтың суреті екенін айт

II деңгей тапсырмалары:

1.Сәйкестендіру тесті .Сөйлемдерді оқи отырып,сәйкес балықтарды атау.

Теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені

Денесі көлденеңінен 6 метрге жететін жүзбеқанаттары тұмсығымен бірге тұтасып кеткен жұпбалық

 Баренц теңізінде кездесетін ұзындығы 1метрдей теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенетін балық

2.“Бұлттан арылу” ойыны.

Бұл тапсырмада бұлттардағы тапсырмаларға жауап беру арқылы бұлттардан арыламыз.

Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілерді ата

Денесі жалпақ, әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып кеткен жұпбалықты ата

Басы балғаға ұқсас акуланың аты

Акулалардың ішіндегі адамға ең қауіптісі.

III деңгей тапсырмалары.

3.Сандар сыры тапсырмасындағы сандар нені білдіреді?

6 ,5,20000,350,30.

Жаңа сабақ:Сүйекті балықтар класы

   Сабақтың жоспары:

Ø   Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы.

Ø   Сүйекті балықтардың ішкі құрылысы.

Ø   Сүйекті балықтардың түрлері.

Ø   Зертханалық жұмыс

       “Балықтардың сыртқы құрылысы, қозғалысы.”

 Балықтың сыртқы құрылысы

Сүйекті балықтардың 20000-ға тарта түрі белгілі.
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуы себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Қаңқасы қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Қаңқасының алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі қаңқасының шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер ұлпаларынан дамиды. Тек ол қаңқа шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады. Балықтар қаңқасының құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Шеміршекті сүйектілерге бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті  балықтарға ұқсайды және қаңқасының сүйекті жерлері көп емес. Ол қаңқа сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты  гетероцеркальды, жұп қанаттары қақпашалары және жүрегінің артериялды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі  тері тектес көлденең тұрған пердемен екі
( алдыңғы және артқы ) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты мүшесі болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға  қатыспа- ғанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.

 Сүйекті балықтардың ең ауыры көбінесе бүйірімен жүзетін ай – балық

деп есептеледі.Австралия жағалауы маңынан 1908 жылы тұрқы – 4,26 м және

салмағы 2235 кило балық ұсталған.

Балықтардың ең жүзгіші Тынық мұхит желкенді балығы.Жүзбеқанаттары биік,басында семсер тәрізді өскіні бар желкенді балық сағатына 109 шақырым жылдамдықпен жүзе алады.Майшабақтар аяқты карп тәрізділерде қарапайым құрылысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бас сүйектерінің май- шабақтардан  гөрі жақсы дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Веберев аппараты болады. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі  плогва, язь, линь, карас, табан балық мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері  вобла, таран, кутум көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп, жайын. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва,  өткінші қара теңіздік тарандар, өзенді мекендейтін қоқын балық, өткінші Еділ-Каспий тарандары, сазан, табанбалық, қарабалықтар және тағы басқа түрлері жатады. Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.

Тиляпия шабақтары есейгенше аналықтың аузына жабысып,оны жауынан қорғануға пайдаланады.

Теңіз атбас балығының аталығы  уылдырықтарын  қарнындағы арнайы сумкада алып жүреді.

Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі.Соның 16 түрі сирек кездесетіндіктен,Қазақстанның Қызыл кітабына  1996жылы  тіркелген. Қызыл кітапқа енген балықтар:

 Бекіре, еділ майшабағы, албырт, алабұға.

Бекіту:1-тапсырма. “Балық аулау” ойыны .Мына сұрақтарға жауап берейік-1.Қортпа, шоқыр, пілмай қандай балықтарға жатады?

2. Сүйекті балықтардың желбезектерінің қандай ерекшеліктері бар?

3.”Шоғал” деген не?

4.Қандай балықтар өрістегіш балықтар деп аталады?

5.Қандай балықтар ұрпағына қамқорлық жасайды?

6.Сүйекті балықтардың асқорыту ерекшеліктерін атаңдар?

7.Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

    2-тапсырма .  Ихтиологиялық диктант

1.Бауырынан балық майы алынып,еті,бауыр майы,қымбат бағаланатын ол-.....отряды болып табылады.


2.Арал теңізіне  жерсіндірілген,тұлғасы жалпақ,екі көзі де денесінің арқа жағында орналасқан,табыс көзіне айналған .......отрядының балықтары.
3.Тұқытектестер отрядына .....,....,..., т.б. балықтар жатады.
4.Өзеннен теңізге қарай өрістейтін  балық- ....  .
5. Балықтардың ең ұсақ жауы- ...,...,ал ең үлкен жауы - ....  .

3-тапсырма.Төменде берілген балықтарға тән белгілердің тұсындағы  сандарды қою арқылы кестені толтырыңдар

1.Қортпа, шоқыр , пілмай , латимерия, бахтах.

2.Жұпбалық,тұтасбас, акула.

3.Тоқ ішегі  жуан  әрі  оның  ішінде оралмалы  қатпарлары бар.

4. Терісі  ірі қабыршақтармен қапталған.

5. Терісі  плакоидты қабыршақтармен қапталған

6.Желбезегінің сыртында  сүйекті қақпағы бар.

7.Желбезек саңылаулары тікелей сыртқа ашылады.

8.Тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.

9.Тұмсығы алға созылыңқы

10.Торсылдағы болады.

11.Торсылдағы болмайды

12.Клоакасы бар.

13.Аналь тесігі бар

14.Іштей ұрықтанады

15.Сырттай ұрықтанады

16.Уылдырығының саны көп

17.Уылдырығының саны аз.

4-тапсырма.Венн диаграммасын толтырамыз.

Бағалау:Үш түрлі балықтың түсін таңдаңыз.

              Өте жақсы                               Жақсы                            Қанағаттанарлық

 

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу,



Мақал-мәтелдер жазып келу

 

Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы



Мақсаты: 1. Оқушыларға балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы,

көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы туралы жалпы

түсінік беру.


  1. Шеміршекті және сүйекті балықтарды өзара салыстыра

отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

  1. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, табиғатты қорғауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ойын, сұрақ-жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек –сызбалармен жұмыс

Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, кестелер,үлестірме қағаздар.

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

II Үлестірме қағаздар арқылы үй жұмысын тексеру.

Артында сұрақтар жасырылған әртүрлі балықтардың

суретін таңдау арқылы жауап береді


  1. Омыртқалыларға қандай жануарлар жатады?

  2. Шеміршекті балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Балықтарда қандай жүзбеқанаттар бар?

  4. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына тән белгілер

  5. Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

  6. Олар қандай класс тармақтарына бөлінеді?

III Жаңа сабақ

1. Интерактивті тақтадан балықтар тіршілігі жөнінде видеороликпен танысады.



2. Одан соң балықтың ішкі құрылысы жайындағы сурет –тапсырманы интерактивті тақтадан орындайды. Онда ішкі құрылысындағы мүшелері бағыттауыштармен ғана беріледі,оқушы атауларын өздері жазады.

Балықтар әлемі туралы видеоролик көрсетіледі.

3. Тірек –сызбаларды орындайды.

Жүзбеқанаттар

Арқа қанат,құйрық қанат, жұп көкірек, жұп құрсақ, аналь қанаты.

Сүйекті балықтардың класс тармағы

Сәулеқанаттылар

Қалаққанаттылар

Қостыныстылар

саусаққанаттылар

4.Сәйкестендіру тесті.

Патша балық бекіре

Өрістегіш бахтах

Бір рет уылдырық мөңке

шашады

Марқакөл балығы латимерия

Торсылдақ теңіз алабұғасы

Қосжынысты балық сүйекті балықтар

Саусақққанатты балық жеңсік албырт

5.Балықтарға байланысты айтылған халықтық ұғымдарды, мақал-мәтелдерді талдап түсіндіру.

1. «Бекіренің бал татыған еті»

2. «Бекіренің бес кеспесі»

3. «Бекіренің басы тасқа тимей,қайтпайды»

4. «Балдырлы көлде балық көп»

5. «Балық басынан шіриді»

Қорытынды кезеңінде шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қояды және ұқсастығын кесте арқылы салыстырады.



шеміршекті балықтар

ұқсастығы

Сүйекті балықтар










1. қорытпа, шоқыр,пілмай,латимерия,

2. Жұпбалық,тұтасбас,акула

3. терісі ірі қабыршақтармен қапталған

4. терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған

5. желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар

6. желбезек саңыауы тікелей сыртқа ашылады

7. тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.

8. тұмсығы алға созылыңқы

9 торсылдағы болады

10 клоакасы бар

11 аналь тесігі бар

12 іштей ұрықтанады

13 сырттай ұрықтанады

14 уылдырығының саны көп



15 уылдырығының саны аз

Үйге тапсырма: Сүйекті балықтар класы. Бекіре туралы хабарлама дайындау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет