Допты төменнен қабылдау әдісі
2-жаттығу
Допты қабылдаудағы негізгі әдіс.
(Допты беру үшін бастапқы қалып негізінде тұрысын орындайды)
3-жаттығу
Допты қайтару әдісі, соғу.
(Допты, екі қолды біріктіре отырып, жоғары қаратылған күйде соғу керек)
4-жаттығу
Допты жоғарыдан қабылдау әдісі
5-жаттығу
Допты жоғарыдан қабылдау әдісі
6х6 Екі жақты ойын: «Волейбол»
ІІІ. Қорытынды бөлімі: 1. Сапқа тұру 2. Үйге тапсырма 3.Бағалау
Күні: Волейбол
Сынып:
Тақырыбы: Екі жақты ойын
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың волейбол ережесін қаншалықты деңгейде меңгергендігін, ойын туралы түсініктерін толықтыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту.
3. Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Құрал- жабдықтар: ысқырық, сетка, доп, көрнекі суреттер
Сабақтың жоспары:
Кіріспе дайындық бөлімі (15 мин)
Негізгі бөлім (25мин)
Қорытынды бөлім (5 мин )
Сабақ барысы:
І. Кіріспе дайындық бөлімі.
1. Жүріс.
а) Аяқтың басында, қол үстінде.
Б) Өкшеде, қол желкеде.
В) Аяқтың сыртымен, қол белде.
Г) Ішкі жағымен, қол дізеде
Д) Жылдам жүріс.
2. Жүгіріс.
а) Бір қалыптық жүгіріс.
Б) Он жақпен аяқ қосып, қолды алға айналдыра.
В) Сол жақпен аяқ қосып, қолды артқа айналдыра.
Г) Арқамен алға.
Д) Өкшені артқа сермеп лақтырып, қол артта.
Е) Тізені алға көтеріп, қол шынтақта алға бүгілген.
Ж) Жеңіл жүгіріс.
3. Жалпы дамыту жаттығулар.
1 Қимылда.
А) Дем дұрыстау жаттығулар.
Б) Аптам сайын қолды жұлқып ауыстыру.
В) Қолдың басын уыстап ұстап білезікті айналдыру.
2. Орында.
а) Б. Қ - Н. Т,- қол белде.
1 - басты оңға еңкейту.
2 - солға
3 - алға
4 - артқа.
б) Б. Қ - Н. Т
1 - қолды жоғары көтеру
2 - еңкею алға, қолмен аяқтың басына жету
3 - отыру, қол алда
4 - Б. Қ
в) Б. Қ - Ж. Т,- қол жан - жақта
1 - алқа еңкею
2 - оң қолды, сол аяқтың басына жеткізу
3 - сол қолды, оң аяқтың басына жеткізу
4 - 1
г) Б. Қ - Н. Т, қол алда сәл жан - жақта”футболист” жаттығуы
1 - оң аяқты, сол қолдың алақанына жеткізу
2 - сол аяқты, оң қолдың алақанына жеткізу
3 - 1
4 - 2
д) Б. Қ - трек отырыс
1 - трек жатыс саусақта
2 - Б. Қ
3 - жоғары секіріп керілу
4 - Б. Қ
е) Б. Қ - Н. Т. қолдың басы қуысталған
1 - алға бір аттам жасап, саусақ қайыру
- Б. Қ
3 - 1
4 - 2
ж) Б. Қ - Н. Т - секірістер орында, қолмен төменгі доп қабылдайтын орынды соғу
ІІ. Негізгі бөлім
1. Допты жоғары ұрып ойынға қосу тор арқылы.
А) ойынға допты қосу кезінде аяқты қою тәсілі
б) жоғары сол қолмен допты ұрысқа лақтырып көтеру
в) лақтырылған допты ортасынан ұру
г) қолдың басымен доптың бағыттауын анықтау.
2. Жоғары доп беру.
А) доп беру кезінде қолмен аяқтың іс - қимылы
Б) саусақ ұстау әдісі, доп беру іс - қимылында
В) дененің іс - қимылы доп беру кезінде
3. Екі қолмен төменгі әдіспен доп қабылдау тәсілі
а) қол ұстау әдісі, төменгі доп қабылдауда
б) аяқтың қимылы
в) доп қабылдау кезінде орын таңдау және дайындалуы.
ІІІ.Қортынды бөлім. Бір қалыптық жүгіру.Назар аудару жаттығулары.Сабақтың қорытындысын жасау.Бағалау.Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |