Күні: 24.02. Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Кестелерді редакциялау.Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Word мәтіндік редакторында кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге, кестелерді қоршауды үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа,
шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс:
Кесте жасау тәсілдерін;
Ұяшықтарды қосу, алып тастау, біріктіру және ерекшелеу амалдарын;
Оқушы меңгеруі тиіс:
Қарапайым және күрделі кесте жасауды;
Дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосу;
Кестеден баған, жол немесе жекелеген элементтерді алып тастауды;
Ұяшықтарды біріктіруді және бөліктерге бөлуді;
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ көрнекілігі: компьютер, таратпа материалдар.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, бағалау парақтарын тарату
"Компьютерлік сауаттылықтан - ақпараттық мәдениетке ..." (А.П.Ершов)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Келесі» ойыны (алма ағашындағы алмада жасырынған сұрақтарға партада бірінші отырған оқушыдан бастап жауап беру, білмесе «келесі» - дейді, сұраққа келесі оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай)
Сұрақтар:
1. Word мәтіндік редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
2. Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Word мәтіндік редакторында сол жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені қолданамыз?
4. Word мәтіндік редакторында оң жақтағы бір символды өшіру үшін қай пернені қолданамыз?
5. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
6. Мәтіндік құжатты баспаға шығару қалай орындалады?
7. Мәтіндік редакторында құжатты сақтаудың бірінші жолы?
8. Құжатты сақтаудың екінші жолы?
9. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
10. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
11. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
12. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
13. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
Жауаптары:
Word Pad мәтіндік редакторында мәтін тереміз, мәтінді пішіндейміз, сурет енгіземіз, кесте құрамыз, баспаға шығарамыз, кестені пішіндейміз
Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін Бастау(Пуск) → Барлық бағдарламалар (Все программы) → Стандартты (Стандартные) → Word Pad
Word Pad мәтіндік редакторында сол жақтағы символды Backspace пернесі арқылы өшіреміз.
Word Pad мәтіндік редакторында оң жақтағы символды Delete пернесі арқылы өшіреміз.
бұл батырма арқылы жаңа құжат құра аламыз
Мәтіндік құжатты баспаға шығару үшін Файл – Баспаға шығару (Печать) арқылы орындалады
Мәтіндік редакторында құжатты Файл – Сақтау (Сохранить) командалары арқылы сақтаймыз
Мәтіндік редакторында құжатты сақтаудың екінші жолы Файл – Қалай сақтау...(Сохранить как...)
бұл батырма орындалған әрекетті болдырмауды білдіреді
батырмасы мәтінді ортасынан туралайды
Батырмасы арқылы көшіруді орындаймыз
батырмасы қаріптің өлшемдерін өзгертеді
буферден қою қызметін атқарады
ІІІ Жаңа сабақ
Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады.
Кестелік мәліметтермен біздер күнде жұмыс жасаймыз. Мысалы: сынып журналы, күнделік, көбейту кестесі, көрермендер залындағы орындар схемасы - барлығы кестелік түрде ұйымдастырылған. Олардың ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан (жолдардан) тұрады. Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да бір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. WORD мәтіндік редакторында кесте құрудың екі тәсілі бар. Кесте құрудың бірінші тәсілі: Кесте (Таблица)→Кесте қосу (Добавить таблицу), ал екінші тәсілі: Қою (Вставка) - Кесте (Таблица) – Кесте қою (Вставить таблица) командасын орындаймыз.. Экранда Кесте қою (Вставка таблицы) диолгтік терезесі пайда болады. Оған қажетті қатар мен бағандарды енгіземіз. WORD үнсіз келісім бойынша Баған саны (Число столбец) өрісінде 2 баған ұсынады, бірақ қашан болса да еңгізуге болады.
Кесте (Таблица)→Баған қосу (Добавить столбцы) командасын орындап кестеге баған қосуға болады.
Жол саны (Число строк) операциясының өрісінде кесте жолдарының саны еңгізіледі. Кейін Кесте (Таблица)→Жол қосу (Добавить строки) командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған AUTO параметрін қолдануға болады, не баған екенін мәнін еңгізуге болады. Егер AUTO параметрі қолданылса, онда барлық бағандардың ені бірдей болады.
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жүзінде қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |