Сабақтың мақсаты Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу



Дата27.12.2016
өлшемі24,96 Kb.
#5699
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Балғын суретші. Әміртай Бөриев.

Сабақтың мақсаты 1.Оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы

білімдерін толықтыра түсу.

Автор жайлы мағлұмат беру.

2. Оқушылардың тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, слайд суреттер, буклет.

Сабақтың барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу. Бір-біріне сәттілік.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Жиенбек Рсалдин. Өнерпаз әңгімесі.

Оқушыларға әңгіме туралы түсініктерін әңгімелету.

Үй тапсырмасын қорыту. « Орамал тастамақ ойынымен ».

  1. Ахмет мектепке қашан барды ? 2. Оның ұстазының өнерпаздығы жайлы не делінеді ? 3. Ұстаздың назары Ахметке неге ауды ? 4. Ахмет ұстазынан нені үйренді ? 5. Атақты домбырашы Талым қарттан талапкер бала қандай сабақ алды ? 6. Қаршадай балаға жұрт неге таң қалды ? 7.Ол өнер көрсеткен сәтте көңіл күйі қандай күйде болушы еді ? 8. Ән айтуды бала Ахмет кімнен үйренді ? 9. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.

Үйге тапсырмаға өнерге байланысты мақал-мәтелдер жинау берілген болатын. Мақал- мәтел сұрау.

Өнер дегеніміз не ? Өнер: ән айту, сурет салу, би билеу, мүсіндеу, тігіс тігу, айтыс айту, т. б. Бүгінгі сабағымыз өнердің бір түрі сурет салу өнері туралы болмақ.

III. Жаңа сабақ. Әміртай Бөриевтің Балғын суретші әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің авторы Әміртай Бөриев 1946 жылы 16 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданында, Қызтоған ауылында туған. Қазір « Қазақфильм» компаниясының аударма фильмдер бірлестігінің бас редакторы. « Доңыз деген не ?» мультфильмнің сценарийі үшін екінші жүлдеге ие болды. Мұғалім әңгімені оқып, мазмұнын айтады.

Ой қозғау. Балалар әңгіме неліктен Балғын суретші деп аталыпты ? Өйткені әңгімеде Әбілхан Қастеевтің балалық шағы суреттелген. Балғын сөзі бала, балалық шақ деген мағына береді.


Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқу. Тауып оқу.
Сергіту сәті. Биші бұралып билейді,

Күйші домбыра тартады

Спортшы жүгіріп, секіреді,

Оқушы отырып, сабақ оқиды.



Дәптермен жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Шекемтас – кішкене дөңгелек тас.

Қашау – тас сияқты қатты затты өңдейтін құрал.

Ықылым – ерте

Мүжісе де – қажаса да



Қорытынды. Әбілхан Қастеевтің туындыларының артында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Әміртай Бөриевтің Балғын суретші әңгімесін түсініп, мәнерлеп оқып, әңгімелеу.
Бағалау.

2 Б сынып. Бердикабулова Светлана Баубековна.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет