Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ
Атырау облысы Атырау қаласы М.Отаралиев мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жуманалиева Шынар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын
білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,
Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге
білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Ой қозғау, дәйек сөз, сұрақ- жауап, сатылай
талдау,тірек схемалар арқылы сөйлеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктері: ҚР рәміздері, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың суреті,
нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер
Сабақтың жүру барысы: Сабақ ҚР Әнұранымен басталады.
1.Оқушылар өз көңіл күйлерін жақсы сезіну үшін сабақты «Шаттық шеңбері»тренингімен бастаймыз.Оқушылардың тілектері:
Бүгінгі күніміз сәтті болсын Сабағыңды жақсы оқы
Аспанымыз ашық болсын Күніміз шуақты болсын
Еліміз тыныш болсын Өміріміз ұзақ болсын
Денсаулығымыз мықты болсын Ата- анамыз аман болсын
Ақ көп болсын Еліміз бақытты болсын
Ырыс берекелі болсын Аналарымыз ұзақ жасасын
Елімізде бейбітшілік болсын Сабағымызды жақсы оқиық
Халқымыз сабырлы болсын Тәртіпті болайық
Елбасымыз аман болсын Тату- тәтті өмір сүрейік
Ұйымдастыру кезеңі
«Ой қозғау»әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі.
1 Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан
2.ҚР халқы қай тілде сөйлеу сөйлеу керек?
-Қазақ тілінде
3.Біз қандай мемлекетпіз?
-Тәуелсіз мемлекетпіз
4. Олай болса еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды?
-1991 жылы 16 желтоқсанда
5.Мемлекетіміздің елдігін білдіретін қандай белгілеріміз бар?
-ҚР туы, елтаңбасы, әнұраны
6.Біздің тұңғыш Президентіміз кім?
-Н. Ә. Назарбаев
Мұғалім сөзі:Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын- қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан тәуелсіздік алды.
Бүгінгі сабақ жоспары:
Елбасының 1997- 2013 жылдардағы жолдауларына тоқталу.
21 ғасырдың 10 сын қауіп – қатері.
2014 жылғы 17 қаңтардағы Елбасы жолдауынымен таныстыру.
Қорытынды.
Біздің еліміздің өсіп өркендеуі үшін , алдыңғықатарлы елдердің қатарына қосылып, тереземіз тең болуы үшін Елбасымыз мемлекеттің осы уақытқа дейін қол жеткен жетістіктерімізді баянды етіп, оны әрі қарай жетілдіріп, тәуелсіз Қазақстанымызды Мәңгілік Ету биылғы Жолдаудың басты мазмұны болып отыр.Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін алдағы уақытта назарда ұсталуға тиісті жеті басым бағытты нақты айқындап берген Елбасымыз оны жүзеге асыру қазақстандықтардың қажырлы еңбегі, білімі мен білігі арқылы келетінін қадап айтты.Оқушылар Президент жолдауы 1997 жылдан бастау алады,олай болса сол жолдауларға тоқталайық.
«Сатылай талдау» әдісі арқылы 1997 – 2013 жылдардағы Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларымен таныстыру.
1997 жыл, 16 қазан «Қазақстандықтардың ауқатаның жақсаруы, қауіпсіздігімен өркендеуі»
1998 жыл,30 қыркүйек «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа»
1999 жыл, 16 қыркүйек «Жаңа ғасырдағы қауіпсіздік пен тұрақтылық»
2000 жыл,16 қазан «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға»
2001 жыл,3 қыркүйек «Елдегі жағдай және 2002жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағытттары»
2002 жыл,16 сәуір «ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы»
2003 жыл, 4 сәуір «ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары»
2004 жыл,19 ақпан «Бәсекеге қабылетті Қазақстан, бәсекеге қабылетті экономика, бәсекеге қабылетті ұлт»
2005 жыл, 18 ақпан «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»
2006 жыл, 1 наурыз «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»
2007 жыл, 28 ақпан «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
2008 жыл, 6 ақпан «Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
2009 жыл, 6 наурыз «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»
2010 жыл, 29 қаңтар «Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
2011 жыл, 28 қаңтар «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»
2012 жыл, 27 қаңтар «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»
2013 жыл, 13 қаңтар «Қазақстан - 2050» стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
Елбасымыз халыққа 21 ғасырдың 10 сын- қатерін көрсетіп берді:
1.Тарихи уақыттың жеделдеуі
2.Жаһандық демографиялық теңгнрімсіздік
3.Жаһандық азық- түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер
4.Судың тым тапшылығы
5.Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік
6.Табиғи ресурстардың сарқылуы
7.Үшінші революциялық индустрия
8.Үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық
9.Өркениетіміз, құндылықтарымыздың дағдарысы
10. Жаңа әлемдік тұрақсыздық.
5.Елбасы 17 қаңтар күні «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялады. Жолдау жеті басым бағыттардан тұрады.
1- бағыт Инновациялық индустрияландыру
2- бағыт Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені
3- бағыт Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру
4- бағыт Инфрақұрылымдық үштаған:агломерация,көлік, энергетика
5- бағыт Шағын және орта бизнесті дамыту
6- бағыт 21 ғасырдағы дамыған ел: белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар
7- бағыт Институттар жұмысын жетілдіру: адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі, құқықтық мәдениет.
Жолдауды түсіндіре келе оқушылар тапсырмалар орындайды.
Жолдаудың логотипімен таныстыру
Жолдаудың тарауларына тоқталу
6.Дәйек сөз: «Мәңгілік ел» Оқушылар еліміздің болашағы туралы өз ойларын стикерлерге жазады, оқиды, тақтаға іледі.
7.Оқушылар Отан, Қазақстан, туған жер туралы өлең жолдарын оқиды.
«Қазақстан» - Борашева Рысгул
«Үш бақытым» - Сағынғалиева Данагүл
«Туған далам» Қазиев Ораз
«Отан» - Бекқожин Бисұлтан.
8. Ойын «Егер де мен Президент болсам» оқушылар өз ойларын жазып, пікір алмасады.
9.Сөзжұмбақ «Жолдау»
1. Әлемдік сөзінің синонимі - Жаһандық
2. Отағасының антонимі - Отанасы
3. Ата- ана кімді тәрбиелейді? - Баланы
4. «... - біздің табысты болашағымыздың негізі» - Ұлт денсаулығы
5.Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? - Латын
6. Ел ертеңі жарқын болуы үшін не істеу керек? - Білім алу.
10. Ән: «Көк тудың желбірегені» тыңд.алады, слайд көрсетіледі.
11. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! – деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын .
Достарыңызбен бөлісу: |