№
|
Психология салалары
|
Сипаттама
|
1
|
Жалпы психология
|
Жалпы психология – психология ғылымының іргелі теориялық және эксперименталды категорияларын, жалпы заңдылықтарын, әдістерін және түсініктерін зерттейтін психология бөлімі
|
2
|
Педагогикалық психология
|
Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары:
1. Оқыту;
2. тәрбие;
3. Ұстаз.
|
3
|
Медициналық психология
|
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
|
4
|
Еңбек психологиясы
|
Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
|
5
|
Инженерлік психология
|
Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор
|
6
|
Жас ерекшелік психологиясы
|
Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
1. Балалар;
2. Жеткіншектер. Жастар;
4. Ересектер (акмиология);
5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
|
7
|
Арнаулы психология
|
Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:
1. Олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі;
2. Сурдопсихология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;
3. Тифлопсихология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
|
8
|
Әлеуметтік психология
|
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
|
9
|
Салыстырмалы психология
|
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
|
10
|
Әскери психология
|
Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
|
11
|
Авиациялыќ психология
|
ұшќыштарды оќыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай – жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігіне бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрларды даярлап шығару маќсаттарын көздейді.
|
12
|
Ғарышкерлік психология
|
– адамның салмаќсыздыќ пен әлем кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу сәтіндегі аса ќиыншылыќ жағдайлардағы психологиясын, оның шектен тыс әсерден кейінгі көңіл – күйі мен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
Еңбек психологиясында арнайы зерттелуге тиісті күрделі тармаќтар да бар. Олар ауыл шаруашылығына ќатысты болып келеді.
|
13
|
Спорт психологиясы
|
-спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялыќ ерекшеліктерін ќарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара ќарым – ќатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, ќұрал- жабдыќтармен ќамтамасыз етілуін, психологиялыќ даярлығын іздестіре келе, оларды жаттыќтыру және күш – ќуатын жинаќтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялыќ факторларын зарттейді.
|
14
|
Сауда психологиясы
|
– ќазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси – экономикалыќ және мєдени – материалдыќ ќажеттіліктерін өтеу маќсаттарына ќарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен ќатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялыќ ыќпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұќтаждығы, оларға ќызмет көрсетудің факторлары ќарастырылады.
|
15
|
Ғылыми – шығармашылыќ психологиясы
|
–соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылыќ адамның жасампаздыќ ќызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айќын көрініп, ғылыми жаңалыќтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылыќ – эвристика тәсілі.
|
16
|
Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыќќа ќатысты психология
|
-бұл сала бойынша ќарастырылатын мәселелер – әсемдікті ќабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ыќпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде өз дәрежесінде зерттеле ќойған жоќ.
|
17
|
Салыстырмалы психология
|
психиканың филогенетикалыќ түрлерін ќарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылыќтары мен ерекшеліктері ажыратылады.Заң психологиясы хұќыќќа ќатысты мєселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде ќолданудың психологиялыќ мәселелерін зерттейді.
|
|
|
|