Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы. Сабақтың мақсаты: Рационал сандарды азайту ережесін беріп, рационал сандарды азайту біліктілігін қалыптастыру. Міндеттер: 1. Рационал сандарды азайту ережесін білу; 2. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім алу қызығушылығын ояту. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқушылардың танымын кеңістікке шығару. 3. Математикалық тілде сауатты сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ. Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар,плакаттар, слайдтар, АКТ, саралап оқыту, білім алушылар білімін бағалауға арналған өзін-өзі бағалау парағы. Пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,баяндау, ойландыру, сұрақ-жауап, иллюстративтік, сөздік, жартылай ізденушілік. Сабақ өткізу формалары: топтық, жеке , жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту. Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту сәті. Қазір қызы 8 жаста, анасы 38 жаста. Неше жылдан кейін анасының жасы қызының жасынан 3 есе артық болады? Жауабы: 7 жылдан кейін. Білім алушылар жақсы баға алу үшін бір-бірімен сайысқа түсіп, жарыса отырып сабаққа қатысулары тиіс. Алған ұпайларын өзін-өзі бағалау парақшаларына қойып отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы бойынша әр жұп бірін-бірі тексереді. №480 1)17+(-50) = -33 2)36+(-60) =-24 3)41+(-73) = -32 4)58+(-31) = 27 5)130+(-203) = -73 6)210+(-76) =134 7)300+(-39) =261 №487 3) -у=42,74-56,3 -у= -13,56 у=13,56 Жауабы: 13,56. №490 1)3,9а-2,81в-5,1а+4,9в=-1,2а+1,09в
ІІІ.Жаңа сабақ. Азайту екі қосылғыштың қосындысы және қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты (белгісіз) табу амалы. в+х=а, х- белгісіз қосылғыш. х=а-в немесе х=а+(-в) қарама-қарсы сандар
Рационал сандарды азайтуды азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосып, азайтуды қосу амалымен есептеуге болады екен.Рационал сандарды азайту амалы азайғыш азайтқыштан кіші (кем) болғанда да орындалады. Мысалдар: 1) 4-9=4+(-9) =-5 немесе 4-9 =-5 2) 8-(-5) =8+5=13 3) -9-(-12) =-9+12=3
Бір саннан екінші санды азайту үшін , азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек. а-в=а+(-в) Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары әртүрлі болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары бірдей сандарды қосу «ережесі бойынша» орындалады. 1-кесте. Азайғыш ---------Азайтқыш------------------------ -Жазылуы -------------------Айырма 6--------------------- -2 -------------------------------6-(-2) =6+2=8 --------------------- 8 -7--------------------- +3------------------------- -7-(+3) =-7-3=-10----------------- -10 1,8-------------------2,7--------------------1,8-(-2,7) =1,8+2,7=4,5 --------------------4,5 Егер азайғыш пен азайтқыштың таңбалары бірдей болса, онда рационал сандарды азайту таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі бойынша орындалады. 2-кесте. Азайғыш ---------------Азайтқыш -----------------------Жазылуы ------------------------Айырма -9-------------------------- -3-------------------------------- -9-(-3) =-9+3=-6-------------------- -6 -2-------------------------- -5-------------------------------- -2-(-5) =-2+5=3-----------------------3
Азайту амалының ерекше жағдайлары: а-а=0 0-а=-а а-0=а Мысалы: -5-(-5) =-5+5=0 0-2,7=-2,7 -4,1-0=-4,1 Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы. Мысал:Координаталық түзудегі шеткі нүктелері А(-4) және В(3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік есінді есебімен) табайық. Координаталық түзудегі АВ кесіндісінің ұзындығын табу үшін: 1) А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек. 2) А(-4) және В(3) нүктелерінің арасында неше бірлік кесінді бар екенін табу керек. 3) АВ=3-(-4) =3+4=7. АВ=7 (бірлік кесінді) Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек. IV. Ауызша есептер шығару. №492 №493 V. Деңгей бойынша есептер шығару. 1 деңгей №494. Айырманы табыңдар: 1)-2-10=-12 -14-20=-34 2)-7,6-9=-16,6 -8,5-2,3=-10,8 3)-2,3-0,7=-3 -3,2-1,8=-5
VII. Кеспе қағаз бойынша жұмыс. 1) Өрнектің мәнін табыңдар: |-27| - |15| + |0| - |-4|. A) 8; B) -8; C) 46; D) 38. 2) Дұрыс теңсіздікті көрсетіңіз: А) -4>-1; B) -5>0; C) -7<-5; D) 4<-8. 3) Есептеңдер: -5,2-(-7,3)-6,7= А) -4,6 В) 19,2 С) -19,2 4) - (-(-(-74))) неге тең? А) 74; В)- 74. 5) Өрнектің мәнін табыңдар: а - b + 2,13, если а = - 4,2; b = -1,89. A) -3,96; B) -0,18; C) 3,96; D) -8,22. 1-а, 2-с, 3-а, 4-а, 5-в VIII. Сабақты қорытындылау. 1.Рационал сандар қалай азайтылады? 2.Таңбалары әртүрлі сандарды азайту қалай орындалады? 3.Таңбалары бірдей сандарды азайту қалай орындалады? 4.Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын қалай табады?