Сабақтың мақсаты: студенттерге күн радиациясының түрлерін және күн радиациясының өсімдіктерге әсерін түсіндіру
Күн радиациясының түрлері. Күн - радиусы 695300км болатын газды шар. Ол жерден шамамен 109 есе үлкен. Күннің ортасында температура 10 00 000 °К, ал бетінде 6000 °К шамасында. Күн құрылысы бойынша бірнеше қабаттарға бөлінеді: ядро, конвективті аймақ, фотосфера, хромосфера және Кү тәжі.
Жер бетіндегі және атмосферадағы барлық табиғи процестердің негізі энергия кезі - бул Күннен келетін сәулелік радиациялар. Күн элем кеңістігіне екі түрлі радиацияларды шашады: корпускулярлық және электромагниттік.
Корпускулярлық радиация бұл - Күн бетінен келетін электрлі зарядтал-ған бөлшектердің ағыны (гелий мен сутегі), негізінен электрондар ме: протондардан тұрады. Олар 200 - 1000 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, жері 1-2 тәулік ішінде жетеді, бірақ атмосфераның 90км-ден төмен бөлігіне ене алмайды.
Электромагниттік радиация бұл - сағатына 300000км жылдамдықпен тарайтын және Жер бетіне дейін жете алатын Күннен келетін сәулелік радиация. Метеорологияда радиациялық ағын ұғымы пайдаланылады, яғни -бірлік уақыт аралығында (Ісекунд) бірлік беткейге келіп түсетін сәулелік энергияның мөлшерін атайды. СИ жүйесінде оның өлшем бірлігі Вт/м2, ал іс жүзінде Квт/м2 қолданылады.
Күн дискісінен жер бетіне параллель сәулелер ретінде келетін радиацияны күннің тіке радиациясы (S-кун радиациясының перпендикулляр бетке келіп түсуі, S-горизонталь бетке келіп түсуі. 2-сурет) деп атайды. Олардьи арасындағы байланысты төмендегі формула бойынша көрсетуге болады.
S = SsіпН
Мұндағы: Н - күннің бұрыштық биіктігі
Горизонталь беткейге келетін тіке радиация ағынын инсоляция деп те атайды. Ал барлық газдардың молекулалары мен аэрозольдердің арқасында жан- жаққа шашырап барып жерге келетін күн сәулелерін шашыранды радиациялар (D) деп атайды. Тура (тіке) және шашыранды радиациялардың қосындысы жиынтық радиацияны құрайды (Q):