10 — концентрат жинағышы; 11 - сорғы; 12 — залалсыздандырылган су
жинагыш
Блоктар УКФ-40 ультрасүзу құрылғысының құрамына кіреді.
Ол төмендегідей жұмыс істейді (11.5 сурет):
-Жинақтан 1 шыққан запалсыздандырылған жұмысшы ерітінді бактериалды сүзгі 2, алдын-ала сүзгі 5, қоректендіргіш сорғы 3 арқылы циркуляционды контурға келіп түседі.
-Циркуляционды контур сорғы 6, жылуалмастырғыш 7 және төрт ультрасүзу блоктардан 8 тұрады.
-Сорғыдан 6 кейін ерітінді екі ағынға бөлінеді. Олардың әрқайсысы тізбектеліп қосылған ультрасүзу блоктары 8 арқылы өтіп, содан қайта қосылып, бір ағында жылуалмастырғышқа 7 келеді.
Ерітіндінің температурасы жылуалмастырғыш 7 көмегімен 10°С шамасында болады.
Төменгі молекулалы затгары бар ерітіндіден жасалған пермеат жинаққа 9 түседі. Ал концентрат берілген концентрация деңгейіне жеткенге дейін көп рециркуляциядан кейін концентрат қабылдагышқа 10 түседі.
-Бөгде микрофлора түспеуінің алдын алу үшін циркуляционды сорғы 2 бүйірлі тығыздағышпен жабдықталған, оған сорғы 11 арқылы жиынақтан 12 залалсыздандырылған су беріледі.
-Сорғылардан кейін сорғы пульсациясын түзету үшін демфер 4 (гидроаккумуляторлар) орнатылған.
-Процесс соңында құрылғыны сумей шайып, шайынды судағы фермент мөлшерін анықтайды.
-Концентрациялаудың келесі циклінде фермент шайынды судан шығарылады.
УКФ-180 ультрасузу қондырғысы ферментті және тағы баска биологиялық белсенді заттардың көп тонналы өндірістерінде қолданылады (11.6 сурет). Құрылғы 18 сүзу блоктарынан 4 тұрады. Блоктар концентрациялаудың үш кезекті қосылған сатыларына біріккен.
Жұмысшы ерітінді құрылғыдан қоректендіргіш сорғы 1 арқылы жинақтағышқа 5 беріледі.
Концентрациялаудың эрбір сатысы ультрасүзу блоктарынан, циркуляционды сорғылардан 2, жылуалмастырғыштан 3 тұратын циркуляционды контурды сипаттайды.
Бірінші сатының циркуляционды контуры мыналардан тұрады:
-тоғыз;
-екінші саты — алты;
-үшінші саты — үш блоктан.
Әрбір сатыда концентрацияланған сұйықтық үш блоктан өтеді, соның өзінде:
-бірінші сатыда үш параллель ағын бар;
-екіншіде - екі;
-үшіншіде - бір;
Бірінші сатыдан ерітінді екіншіге, содан үшіншіге түседі. Бүл кезде ол төменгі молекулярлы заттардан арылады.
Процесс кезінде:
-саты сайын пермеат мөлшері азаяды;
-концентрат молшері көбейеді.
Пермеаттың негізгі мөлшері бірінші сатыда да аз. Осыған байланысты сүзу бетінің ауаны бірінші сатыда 90, екінші 60, үшіншіде 30 м2 болады.
Құрылғы пермеат жэне концентрат шығынының қатынасын реттейтін автоматталған жүйемен қамтамасыз етілген. Бұл концентрациялаудың берілген қысқал ылығы на байланысты концентрат сараптауын үздіксіз реттеуге мүмкіндік береді.
Құрылғыда антисептик ерітіндісіне 7 және залалсыздандырылған суға 8 арналған ыдыстар бар. Құрылғыдан шығатын ауаны тазалау үшін бактероцидті сүзгілер 6 орнатылған.
Достарыңызбен бөлісу: |