Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет34/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын
Документ (1), Шашубай Нурай.Шугыл, IdentityCard-060402651357-20230424102230
Ситуациялық есептерді шығару.

1. 25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.
Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

2. Сол жүрекше-қарыншалық тесіктің тарылуы бар науқасты қарап тексергенде цианоз, аяқ-қолдарының аздап ісінгені, саусақтары сипағанда суық екендігі анықталды. Тырнақ тамырларын биомикроскоптық қарап тексергенде вена тамырларының кеңейгендігі, қанағымының баяулағандығы анықталды.


Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?
Бұл бұзылыстардың және оның клиникалық көріністерінің даму тетіктері қандай?

3. Созылмалы гепатитпен және бауыр циррозымен ауыратын 68 жасты Д есімді науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты сорып алу үшін іш перде пункциясын жасады. Ісшараның 15 минөтінде, 5 литр сұйықтықты сорып алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке шағымданды, бірақ ісшара жалғастырылды. Тағы 1,5 литр сұйықтықты сорып алған соң науқас есінен танды. Жедел жәрдем көрсеткеннен кейін біршене минөт ішінде есін жиды, бірақ науқас әлі де қатты әлсіздік, бас айналу, жүрек айнуына шағымданады.


Сұрақтар:

  1. Дәрігердің қателігін табыныз?

  2. Іш шемендік сұйықтықты сорып алудан кейін пайда болған талу тетіктері қандай? –

  3. Осындай жағдайларда мыйдағы қанайналым бұзылыстарының икемделістік тетіктері болуы мүмкін?

  4. Неліктен осы науқаста қанайналым жүйесінің икемделіс тетіктері әсерсіз болды?

4. 56 жастағы ер кісі емханадағы қабылдауда тез уақытта шаршау және жүргенде балтыр бұлшықеті ауыруына, тоқтағанннан кейін – «ауық-ауық ақсау» симптомына, аяқтарының мұздайтындығына, ұйып қалуына, «жыбырлайтындығына» және тыныштықта шаншуына (парестезиялар) шағымданды. Жас кезінен және көп мөлшерде шылым шегеді, мамандығы ұзақ мұздау кезеңдерімен байланысты (күз-қыс мерзімдерінде даладағы жұмыс). Қарау барысында: табаны боз, терісі құрғақ, суық, тырнақтары сынғыш; екі аяқтың табанының сыртқы және балтырының артқы артерияларында тамыр соғысы анықталмайды. Алдын ала диагнозы: «Бітелістік эндоартериит».


Сұрақтар:

  1. Науқаста жергілікті қанайналым бұзылысының қай түрі бар?

  2. Осы науқастағы дерттің даму тетіктері?

  3. Науқастағы қанайналымының жағымсыз салдарларын анықтаңыз?

  4. Белгілердің дамуының қандай ең мүмкіндік тетіктері келтірілген?

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 247 - 265.

  2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. С. 87-92, 195-197

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 162-194.

  4. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо и В.В.Новицкого. – Томск: Изд-во Том ун-та, 1994. – С. 147- 152.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 161-181.

    1. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар /Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен – Алматы.: «Эффект», КазНМУ, 2007.- С. 96 -110

Қосымша

    1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 182-200.

    2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 2. – С. 195-214.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет