ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
№ 2 тапсырма.
|
Ісіну дамуында тіндердің осмостық қысымының маңызын зерттеу.
|
Әдісі Тәжірибеге салмағы бірдей екі бақа алынады. Бақаның біреуінің лимфа қапшығына 2 мл физиологиялық ерітінді, екіншісіне 2 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі енгізіледі. Бақалардың салмағы өлшеніп, су құйылған банкаларға отырғызылады. 50-60 минөттен соң бақаларды судан шығарып, тағы да өлшейді. Алынған деректерді хаттамаға енгізіп, талқыланады. Қорытынды жасалады.
Тәжірибе деректерінің хаттамасы
Жануарлар
|
Енгізілген ерітінділер
|
Бақалардың салмағы
|
Бастапқы
|
1 сағаттан соң
|
1 - бақа
|
2,0 мл изотониялық ерітінді
|
|
|
2 - бақа
|
2.0 мл 20% хлорлы натрий ерітіндісі
|
|
|
№ 3 тапсырма.
|
Ісіну дамуында гемодинамикалық фактордың маңызын зерттеу (Фишер тәжірибесі)
|
Әдісі: Сабақ басталардан бірнеше сағат бұрын бақаның бір артқы аяғына бұрама салып байлайды. Сабақта бақа аяғының көлемі ұлғайғаны, түсінің өзгергенін анықтайды. Бақа аяғының ісінген жерін инемен пісіп көргенде сұйықтықтың шыққандығы бақыланады. Ісінудің даму жолдарын түсіндіріледі.
№ 4 тапсырма .
|
Ісіну дамуында онкотикалық фактордың маңызын зерттеу (Старлинг тәжірибесі).
|
Әдісі: Жұлыны зақымдалған бақаның кеуде және іш қуысы ашылады, жүрек қабы (перикард) алып тасталады. Қолқа үстінен тілінеді және шеткері бағытқа қарай резеңке түтік енгізілген жіңішке шыны түтік (канюля) тілінгсн жерге кіргіэілед». Резеңке түтік 0,5% хлорлы натрий ертіңдісі бар ыдысқа косылады. Осы ертінді бақаның тұтас қан тамыр жүйесі бойымен ағып келіп, қолқаның кесілген жерінен сыртқа құйылады. Бақаны астыңғы жағын тесіп,таразыға іліп қояды. Ертінді ағызылуы басталғаннан 15-30 минут өткеннен соң, бақаның салмағы өзгергенін. ісіну дамығанын бақылайды. Бақада ісіну неден дамитынын түсіндіру және хаттамаға жазу керек.
№5 тапсырма. I. Ісінулер
жүрек жеткіліксіздігінде
бүйрек жеткіліксіздігінде патогенезінің сызбанұсқасын құрастыр.
бауыр жеткіліксіздігінде
№5 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп. 42 жасар науқасқа ауруханада «декомпенсация сатысындағы миокардиодистрофия» аңғарымы қойылды. Науқастың дене бітімі қалыпты, теріасты шел қабаты нашар дамыған. Бойы-165 см., дене салмағы 81 кг. Қарап тексергенде: амалсыз отырған қалыпта, ентігу, акроцианоз, аяқтарының айқын бозаруы, өкпесінде іркілісті сырылдар естіледі. Құрсақ қуысында сұйықтық жиналғаны, бауыры ұлғайғаны анықталды. Жүректің соққылық және минуттық көлемі төмендеген, Ht 38%. Диурез төмендеген. Қанда ренин мен натрий деңгейі жоғарылаған
Сұрақтар:
1. Су алмасуы бұзылыстарының белгілері бар ма?
2. Науқаста дисгидрияның қай түрі анықталады?
3. Теріасты шел май қабатында, құрсақ қуысында, өкпедегі сұйықтық жиналуының этиологиясы бір-бірімен байланысты ма?
4. Науқаста анықталған биохимиялық өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз?
5. Науқастағы ісінулердің даму тетіктері қандай?
6. Науқас организміне ісінудің әсерін бағалаңыз.
7. Науқаста ісіну дамуын қалай алдын-алуға болады?
№ 2 есеп. 22 жасар науқас ауыр түрде жәншау жұқпасымен ауырып, 2 апта өткен соң бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне, ентігу мен жүрек қағуына шағымданды. Соңғы аптада дене салмағына 11,5 кг қосқан. Қарап тексергенде : беті боз, қабақтары ісінген, көз саңылаулары тарылған. Балтыры мен табаны ісінген. Жүрек шекаралары кеңейген, АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Диурез күрт төмендеген, зәрде – эритроциттер және нәруыз анықталды. Қанда антистрептококктық АД титрі жоғарылаған.
Сұрақтар:
Науқаста бүйрек зақымданғаны туралы ойлауға негіз бар ма? Егер бар болса, бұл патологияның даму механизмі қандай болады?
Дамыған гипергидратацияның негізі: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі немесе организмде судың ұсталып қалу тетіктерінің күшеюі ме?
Берілген ісіну түрінің даму тетігі қандай?
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 166 - 198.
Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 99-146.
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 42-52.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 296-311.
Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 238-248.
Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 188 – 205
Қосымша
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 315-334.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 340-380.
Б.Дж. Ролс, Э.Т.Ролс «Жажда». – М.: Медицина, 1984 г.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ
1. Гемодинамикалық фактор, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (2)
іркілулік
қабынулық
аллергиялық
нефроздық
уыттанулық
2. Онкотикалық жайт, ісінудің патогенезінде маңызы жоғары (3)
Достарыңызбен бөлісу: |