Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет33/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС







1 тапсырма. Қоянның қүлағында артериялық гиперемияның сыртқы
көріністерінің үлгісін алып зерттеу.
Әдісі. Қоянның қүлағын эфир немесе ксилолмен суланған мақтамен ақырындап ысқылайды. Қоянның екі қүлағын жарық өткізу арқылы салыстырады. Артериялық гиперемияның көрістеріне назар аударып, хаттама дәптеріне суретін салады.

2 тапсырма.





Өз еркімен шыққан студенттің қолында веналық гиперемия туындатып, оның сыртқы көріністерін зерттеу

Әдісі. Зерттелінетін студенттің бұраумен қол қарының көктамырларын қысады. Білек жәнен қол үшында пайда болған веналық гиперемияның сыртқы көріністерін байқайды. Терінің түсіне, саусақтардың үштарындағы температура өзгерістеріне назар аударады

3 тапсырма.





Өз еркімен келіскен студенттің қолында компрессиялық ишемияның көріністерін зерттеу.

Әдісі. Зерттелуші қолын жоғары көтеріп, бір минөт бойы қозғалтпай көтеріп тұрады. Қолдың қарына манометр манжеткасын орап, 200 мм сынап бағасына дейін, артериялық тамыр соғуы жоғалғанша, қысымды көтереміз. Зерттелуші ишемиясының сыртқы көріністеріне және оның сезіміне назар аударады. Манжетка алынғаннан кейін ишемиядан соңғы артериялық гиперемияны бақылайды. Алынған деректерді түжырымдайды.

4 тапсырма.





Бақаның тілінде артериялық гиперемияны зерттеу.

Әдісі. Бақаны қимылсыздандырып, астыңғы жағының жиегін тактайша тесігінің шетіне орналыстырады.Бақаның ауыз қуысын пинцетпен ашқаннан кейін, төменгі жағының бурыштарын, тақтайшаға қисайта кіргізілген екі инемен белітеді, үшінші иненің басымен бақаның жоғарғы жағын тіреп қояды.Көз пинцетімен тілдің бір бүртігін, одан кейін екіншісін ұстап алып, бақаның тілін ақырындап созып, тақтайдағы тесіктің үстіне керіп бекітеді. Осылайша істелген тілді микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда қарайды. Ұсақ қан тамырларда қан ағымының бастапқы жағдайын зерттейді.Осыдан кейін бақаның қалпын өзгертпей, микроскоптың объективін көтеріп, тілін, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен суланған мақтамен сүртеді.
Микроскоптың тубусын бұрынғы орнына түсіріп, бақа тілінің қан тамырларында қан ағымының өзгерістерін зерттейді. Артериялық гиперемияның микроскоптық көріністерін байқайды.

5 тапсырма.



Бақаның тілінде веналық гиперемияны зерттеу.

Әдісі. Осы тәжірибеде де №4 тапсырмадағы бақаның тілін қолдануға болады. Веналық гиперемияны тілдің түбіріндегі көктамырларды байлау арқылы алады. Венаны артериядан және жүйкеден ақырындап ажыратып алады да көктамырдың астынан жіп өткізеді. Осынддай қимыл - әрекеттерді бақаның тілінің түбірінің екінші жағынан жасайды. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда шеткері қанайналымның жағдайын бір көктамырды, сонан соң екінші көктамырды байлағаннан соң зерттейді. Қорытынды жасайды.



Задание № 6.



Майлық эмболияны алу және бақаның шажырқай немесе тілінің қан тамырының эмболиясы кезіндегі канайналымын зерттеу.

Әдісі: Қимылсыздандырылған бақаның кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. 0,2 – 0,3 мл жылытылған вазелин майын жіңішке инемен журектің қарыншасына жібереміз. Микроскоппен аз ұлғайтылған жағдайда бақа шажырқайының қан тамырларын, олардың ішіндегі эмболдардың қозғалуын және эмболия туындатқан қан ағымының бұзылыстарын зерттейді. Эмболияны суретке салады және қысқаша сипаттап жазады.



7 тапсырма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет