Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет23/51
Дата26.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#188314
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын

Тәжірибелік жұмыс
1. тапсырма «ҚСҮ бұзылыстары» тақырыбы бойынша мультимедиялық көрсетілім оқыту бағдарламасымен жұмыс
№№ 2-5 тапсырмаларды аз топтарда орындау

2 тапсырма

Газдық ацидоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




3 тапсырма

Газдық емес ацидоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




4 тапсырма

Газдық алкалоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




5 тапсырма

Газдық емес алкалоздың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру




6 тапсырма.Ситуациялық есептер шығару




Организм ҚСҮ жағдайлары бойынша есептер шығару АЛГОРИТМІ.

  1. артериялық қанның рН бағаланады.

  2. сарапталады: I. артериялық қанның рСО2; 2. Стандартты гидрокарбонат және буферлік негіздердің ауытқуы.

  3. ион алмасу реакциясы сипатталады (қандағы К, Na, CI¯ ж.б. катиондар мен аниондар).

  4. ҚСҮ көрсеткіштері және несептегі көрсеткіштер (бүйрек қызметі), оларды қандағы ҚСҮ көрсеткіштерімен салыстырады.

  5. организмдегі ҚСҮ жағдайының ауытқуымен қабаттасатын бұзылыстардың қан мен несептің басқа да биохимиялық көрсеткіштері сарапталады







ҚСҮ көрсеткіштері, электролиттік құқрам ж.б. қан мен несептің биохимиялық көрсеткіштері

Қалыпты жағдай

Есептер

№1


№2


№3


№4


№5


№6


Артериялық қанның рН

7,35-7,45

7,27

7,28

7,30

7,29

7,48

7,42

РСО2 (кПА)

4,8-6,2

3,9

4,1

7,5

3,9

3,2

6,8

Стандартты гидрокарбонат (ммоль/л)

21-25


18,0


18,5


26,0


17,0


20,0


28,0


Буферлік негіздердің ауытқуы (ммоль/л)

-2,4..2,3



-5


-5


1,3


-4


-3


6


Қан плазмасындағы натрий (ммоль/л)

134-169


160


140


168


125


130


140


Қан плазмасындағы калий (ммоль/л)

3,8-5,2


5,2


5,7


5,3


5,8


4,0


3,8


Қан плазмасындағы хлор (ммоль/л)

95-100


96


100


92


94


115


82


Қандағы зәрнәсіл (ммоль/л)

3,33-8,32

4,6

2,1

5,25

22,4

4,6

6,22

Қан плазмасындағы аммиак (ммоль/л)

7,14-21,42



16,5


24


14,1


25,5


15,3


16,8


Кетондық денелер (ммоль/л)

до 5,2

7,2

5,6

4,0

5,2

4,2

3,5

Қандағы глюкоза (ммоль/л)

4,44-6,66

8,8

4,45

4,3

6,1

5,8

5,24

Қандағы сүт қышқылы (ммоль/л)

0,33-0,78



0,8


3,0


0,85


0,62


0,42


0,34


Плазмадағы жалпы билирубин (ммоль/л)

1,7-20,5


1,9


10,0


16,3


1,29


12,7


16,5


Диурез (л/тәу)

0,6-1,6

2,6

1,6

1,5

0,3

1,8

1,8

Несептің рН

әлсіз қышқыл

4,6

5,2

5,4

7,4

7,9

8,0

Титрлік қышқылдық (мл 0,1 М NaOH/тәу)

70-100


584


547


285


20


44


50


Несептегі аммиак (г/тәу)

0,5-1,0

2,4

1,1

1,0

0,03

0,22

0,25

Несептегі ацетон

жоқ

бар

бар

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

7 есеп. Науқас клиникаға алдын-ала қойылған «миокардтың жіті инфаркті» аңғарымымен түсті.



pH

7,32

pCO2

38 мм.с.б.б.

SB

18 ммоль/л

BB

36 ммоль/л

BE

- 6 ммоль/л

Қанның МK

26 мг%

ТК

45 ммоль/л

Қорытынды:
8 есеп. Науқас коматозды жағдайда.

pH

7,17

pCO2

50 мм.с.б.б.

SB

15,5 ммоль/л

BB

38 ммоль/л

BE

- 13 ммоль/л

Қанның KТ

58 мг%

ТК

70 ммоль/л

Қорытынды:
9 есеп. Науқастың көктамырына натрий бикарбонаты енгізілген. Осы науқастағы ҚСҮ бұзылысын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,42
рСО2 40,5 мм с.б.
SB 28,0 ммоль/л
АВ 31,0 ммоль/л
ВЕ +6,5 ммоль/л
10 есеп. Науқастың мыйы шайқалуынан толастамайтын құсу мен ентік пайда болды. Осы науқастағы ҚСҮ бұзылысын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
рН 7,56
рСО2 26 мм с.б.
SB 24,0 ммоль/л
АВ 17,0 ммоль/л
ВЕ +4,0 ммоль/л

11 есеп. Науқаста жайылмалы гломерулонефрит. Осы науқастағы ҚСҮ бұзылысын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.


рН 7,23
рСО2 34 мм с.б.
SB 16,0 ммоль/л
АВ 13,0 ммоль/л
ВЕ - 11,0 ммоль/л
ТК мочи: 8 мл сілті
Зәрдегі аммиак : 8 ммоль/л

12 есеп. Осы науқастағы ҚСҮ бұзылысын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз, мүмкін болатын себептерін көрсетіңіз.


рН 7,42
рСО2 30 мм с.б.
SB 20,5 ммоль/л
АВ 18,0 ммоль/л
ВЕ -4,0 ммоль/л

13 есеп. Науқасқа жасанды өкпе желдетілуі арқылы отау жасалуда. Осы науқастағы ҚСҮ бұзылысын сипаттаңыз. Өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.


рН 7,24
рСО2 69 мм с.б.
SB 18,5 ммоль/л
АВ 28,0 ммоль/л
ВЕ -8,0 ммоль/л

14 есеп. Альпинистер тобы және тауға шығу тәжірибесі жоқ дәрігер - зерттеуші, 6 7000 м. биіктікке көтерілуі тиіс еді. 2 8000 м биіктікке дейін көтерілген соң дәрігер шаршап, басы айналып, құлағы шулағандығын сезінді. Бір сағат көтерілген соң дәрігер өзінен (В) және жолдасынан (А) қан алған соң топ әрі қарай көтерілді. 4 5000 м биіктікке көтерілген соң дәрігер ауа жетіспегендігін, денесінің барлық бөлігінің ауырғандығын, бас ауыру, көруінің және қимыл тепе-теңдігінің бұзылғандығын сезді, әрі қарай жүрмеді. Қан алған соң 3000 м. биіктікке түсті. Зертханада жасалынған қан талданымы төмендегідей:





Көрсеткіштер

А1

В1

А2

В2

pH

7,43

7,46

7,35

7,32

pCO2

32

26

30

40

pO2

74

69

58

38

SB

20,5

20,5

18,5

18,5

BE

+2,5

+1,5

-3,5

-5,5

Сұрақтар
1. альпинист (А) пен дәрігердегі (В) әртүрлі биіктіктегі ҚСҮ бұзылыстарын сипаттаңыз.
2. дәрігер-зерттеушіде көтерілудің бірінші және екінші кезеңдерінде ҚСҮ өзгерістерінің тетіктері қандай?
3. ҚСҮ бұзылыстарының түрін анықтау үшін қосымша қандац мәліметтер қажет?
4. дәрігерде гипоксияның қай түрі дамыды?
5. алтпинист пен дәрігердегі ҚСҮ бұзылыстарының сипаты мен айырмашылығын түсіндіріңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР


Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 215-227.

  2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 146-172.

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 60-76.

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 288-296.

  5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 262-278.

  6. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 205 -214

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С.349-358

  2. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 405-447.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ


1. ҚСҮ өзгеруін теңгерудің бүйректік тетігіне жатады (5)

  1. гликогеннің сүт қышқылынан түзілуі (цикл Кори)

  2. қышқыл және сілтілік қосындылардың шығарылуы

  3. ацидогенез

  4. фосфаттардың сөлденісі

  5. аммониогенез

  6. Na+ - Н+ - алмасу тетігі

2. ҚСҮ өзгеруін теңгерудің өкпелік тетігіне жатады (2)

  1. ацидоз кезіндегі гипервентиляция

  2. ацидоз кезіндегі гиповентиляция

  3. алкалоз кезіндегі гиповентиляция

  4. ацидоз кезіндегі гиповентиляция

  5. ацидогенез

3. ҚСҮ өзгеруін теңгеруде бауырдың маңызы (4)

  1. нәруыздық буферлік жүйеге кіретін қан нәруыздарын түзеді

  2. аммиак өндіреді және мочевина түзеді

  3. органикалық қышқылдарды тотықтырады

  4. сүт қышқылын глюкоза және гликогенге айналдырады (цикл Кори)

  5. ацидогенез

4 ҚСҮ өзгеруін теңгеруде ішек-қарын жолының маңызы (3)

  1. ацидоз кезінде асқазанның іргелік жасушаларымен тұз қышқылы сөлденісі жоғарылайды

  2. алкалоз кезінде көп мөлшерде бикарбонаттары бар ішек сөлі сөлденісі жоғарылайды

  3. алкалоз кезінде ұйқы безімен бикарбонаттар сөлденісінің жоғарылауы

  4. алкалоз кезінде асқазанның іргелік жасушаларымен тұз қышқылы сөлденісі жоғарылайды

  5. ацидоз кезінде ұйқы безімен бикарбонаттар сөлденісінің жоғарылауы

5. Теңгерілген ацидоз және алкалозға сәйкес келетін артериялық қанның рН (1)

  1. 7,35 - 7,45

  2. 7,0

  3. 7,2 - 7,3

  4. 7,45 - 7,50

  5. 7,65 - 7,70

6. Артериялық қанның 7,25 тең рН көрсеткіші көрсетеді (1)

  1. теңгерілген алкалозды

  2. теңгерілмеген алкалозды

  3. теңгерілген ацидозды

  4. теңгерілмеген ацидозды

  5. ҚСҮ қалыпты екенін

7. Артериялық қанның 7,49 тең рН көрсеткіші көрсетеді (1)

  1. теңгерілген алкалозды

  2. теңгерілмеген алкалозды

  3. теңгерілген ацидозды

  4. теңгерілмеген ацидозды

  5. ҚСҮ қалыпты екенін

8. Тыныстық ацидоз пайда болуы мүмкін (4)

  1. наркоздық - тыныстық құрал бұзылғанда

  2. пневмосклероз кезінде

  3. тыныс алу орталығының қозымдылығы төмендегенде

  4. өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында

  5. биік тауда болғанда

9. Теңгерілген газдық ацидоз кезіндегі гиперкапния әкеледі (4)

  1. артериолалардың жиырылуына

  2. АҚ жоғарылауына

  3. АҚ төмендеуіне

  4. кеңірдекшелердің кеңеюіне

  5. кеңірдекшелердің тарылуына және көп мөлшерде тұтқыр шырыштың бөлінуіне

  6. оксигемоглобин ажырау сызығының оңға жылжуына

10. Газдық ацидозды теңгеруде маңызы бар (4)

  1. гемоглобиндық буфердің

  2. өкпе гипервентиляциясының

  3. бүйректе ацидогенез күшеюінің

  4. бүйректе аммониогенез күшеюінің

  5. жасушаларға Н+, калий және кальцийге алмасып, түсуі

11. Газдық емес ацидоздың себептері (4)

  1. организмде зат алмасуы бұзылғанда органикалық қышқылдардың артық өндірілуі

  2. бүйректің қышқыл өнімдерді шығара алмауы

  3. бүйрек және ішек-қарын жолы арқылы бикарбонаттардың тым артық шығарылуы

  4. организмнен шығарылмауына байланысты көмір қышқыл газының жиналып қалуы

  5. сырттан қышқылдар түсуінің жоғарылауы

12. Метаболизмдік ацидозға тән (6)

  1. гипервентиляция

  2. қанда рСО2 төмендеуі

  3. гипокалиемия

  4. гиперкалиемия

  5. сүйектің кәлцийсіздеануі

  6. қан плазмасында бикарбонаттар мөлшерінің аз болуы

  7. несептің титрленетін қышқылдығының жоғарылауы

13. Газдық алкалоз дамиды (3)

  1. тыныс алу орталығы тежелгенде

  2. биіктік ауруы кезінде

  3. асқазан сөлін көп жоғалтқанда

  4. тыныс алу орталығының қозымдылығы жоғарылағанда

  5. қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігінде

  6. жасанды тыныс алдыру кезіндегі өкпе гипервентиляциясында

14. Газдық алкалозды теңгеру үрдісіне қатысады (4)

  1. нәруыздық буферлік жүйемен Н+ босап шығуы

  2. Н+-ның, калий және кәлций иондарына алмасып, жасушалардан шығуы

  3. бүйрекпен органикалық қышқылдар және аммиак шығарылуының азаюы

  4. несеппен бикарбонаттар шығарылуының жоғарылауы

  5. өкпе гипервентиляциясы

15 Газдық алкалозға тән (4)

  1. гипокәлциемия

  2. жүйкелік-бұлшық еттік қозымдылықтың жоғарылауы

  3. несептің титрленетін қышқылдығының төмендеуі

  4. оксигемоглобиннің ажырау сызығының солға жылжуы

  5. артериялық қысымның жоғарылауы

16. Газдық емес алкалоздың себептері (5)

  1. организмге бикарбонаттардың көп мөлшерде түсуі

  2. кәлий тапшылығы

  3. бүйрек арқылы бикарбонаттар шығарылуының азаюы

  4. толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлімен тұз қышқылын көп мөлшерде жоғалту

  5. ұзаққа созылған іш өту

  6. хлордиарея (хлор және кәлийді жоғалту)

17. Газдық емес алкалозды теңгеру үрдісіне қатысады (5)

  1. өкпе гиповентиляциясы

  2. бүйректермен негіздердің ұсталуы

  3. нәруыздық буферлік жүйемен Н+ босатылып шығарылуы

  4. Н+-ның, кәлий және кәлций иондарына алмасып, жасушалардан шығуы

  5. бүйрекпен органикалық қышқылдар және аммиак шығарылуының азаюы

  6. несеппен бикарбонаттар шығарылуының жоғарылауы

18. Метаболизмдік алкалозға тән (4)

  1. плазмада бикарбонаттар мөлшерінің жоғарылауы

  2. қанда СО2 кернеуінің теңгерулік азаюы

  3. бүйректе аммониогенездің әлсіреуі

  4. несептің титрленетін қышқылдығының төмендеуі

  5. жүйкелік-бұлшықеттік қозымдылықтың жоғарылауы

19. ҚСҮ бұзылысын өкпе гипервентиляциясы теңгереді (1)

  1. метаболизмдік ацидоз кезінде

  2. метаболизмдік алкалоз кезінде

  3. газдық ацидозда

  4. газдық алкалозда

20. Өкпе ұяшықтарының гиповентиляциясы, дамуына әкелуі мүмкін (1)

  1. аралас газдық және метаболизмдік алкалозға

  2. аралас газдық ацидоз және метаболизмдік алкалозға

  3. аралас газдық және метаболизмдік алкалозға

  4. аралас газдық және метаболизмдік ацидозға

  5. аралас газдық алкалоз және метаболизмдік ацидозға




9 тақырып КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты:

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарымен байланысты есептерге патофизиологиялық талдау жүргізгенде теориялық материалдар білімін қолдану.

  • Тақырып сұрақтарына пікірсайыс жүргізу машығын қалыптастыру

  • Жануарлардан гипогликемиялық команың үлгісісін алуды және одан шығаруды үйрену



Оқыту міндеттері

  • Көмірсу алмасуы бұзылыстарының біртектес түрлерінің этиологиясы мен патогенезін оқып үйрену

  • Осы тақырыпты талқылау барысында медициналық терминдерді дұрыс қолдануды және пікірсайыс жүргізу машығын үйрету

  • Ситуациялық есептерді шешу үшін алған теориялық білімді қолдануды

  • гипогликемияның үлгісі арқылы қауырт гипогликемияның негізгі көріністерін зерттеу және жануарды гипогликемиялық комадан шығаруды үйрену

  • Тәжірибе жасағанда ҚР ДСМ № 442 және 575 бұйрықтарының негізгі қағидаларын қолдану



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары

  2. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  3. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактацидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі.

  4. Гипогликемия, себептері. Гипогликемиялық команың патогенезі.

  5. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  6. Ұйқыбездік және ұйқыбезден тыс инсулиннің жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  7. Қант диабетінің I және II түрлерінің этиологиясы мен патогенезі.

  8. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.

  9. Қаннты диабеттің асқынулары. Макро және микроангиопатиялардың патогенезі.



Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Дискуссия, аз топтарды жұмыс жасау – тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау, ситуациялық есептердің нәтижелерінің қорытындысын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет