МАШЫҚТЫҚ ЖҰМЫС
№ 1 тапсырма. Теңіз тышқандарында анафилаксиялық сілейменің үлгісін алу.
Әдісі: Жылқы сарысуына сезімталдығы жоғарылаған теңіз доңызының жүрек ішіне аллергеннің шешуші өлшемін енгізеді ( 1 мл жылқы сарысуы). Жануарда анафилаксиялық сілейменің көріністерін бақылайды. Теңіз шошқасы өлгеннен кейін оның ішін жарып, кеуде қуысын ашып, өкпесінің жағдайына назар аударады. Қорытынды жасалады.
Жүрек топографиясы: кеуде шетінің сол жағынан 2 және 3 қабырғааралық деңгейде, сол қолдың сұқ бармағымен жүрек тебінін табады. Дәріпіспектің инесін тігінен оң қолмен жүректің қуысына түскенше енгізеді. Мікбасты (поршень) тартканда, дәріпіспектің ішіне қан келуі, жүрек ішіне сарысу жіберудегі барлық іс- әрекеттердің дұрыстығын дәлелдейді.
№ 2 тапсырма. Ситуациялық есептер
№ 1 есеп. Балтырында жайылған іріңдігі бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин кейін науқаста мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозу, басының қатты ауырғаны, терісінің қышынуы, бетінің қызаруы, тершеңдік байқалды; АҚҚ — 180/90 мм сын.бағ., тамыр соғысы 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберді және төсекке жатуды ұсынды. 20 мин. кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен күшеюші тұншығу сезімі, есінің жоғалуы, тырыспа-селкілдек байқалды, АҚҚ — 75/55 мм сын.бағ. бірден төмендеді. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
1. Науқасқа антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай дамыды?
2. Осы дерттік жағдайдың даму тетігі қандай?
3. Науқасты осы жағдайдан шығаруда шұғыл медициналық көмектің шаралары қандай?
№ 2 есеп. 7 жасар балада манго сусынын ішкеннен кейін 40 мин соң тез арада жұмсақ таңдай аймағында шектелген күшейген ісіну дамыды, жұтуға кедергі жасайды, кейіннен тыныс алуға кедергі жасады. Ісінген аймақтың шырышты қабаты қызарған, ауыру сезімі жоқ; қанында — шамалы эозинофилия. Дене қызымы қалыпты. Анықтау барысында әкпесінде бронх демікпесінің ұстамалары болғаны белгілі болды.
1. Науқаста қабынулық ісіну даму мүмкін ба?
2. Егер жоқ болса, онда ісіну дамуы неге байланысты және қалай аталады?
3.Осы дерттік түрдің патогенезі қандай?
4. Бұл ісінуді өмірге қауіпті ісіну түріне жатқызуға бола ма?
№ 3 есеп. 28 жасар науқас әйел қауырт бронхитті емдеу үшін 5 күн бойы пенициллинмен (600 000 бірлік) күн сайын егілген. 6 –шы күні науқастың денесінде ісінген терінің сыртқы бетінен көтеріңкі үлкен күлдіреуік бөртпелер пайда болған. Бұл бөртпелер беттің, арқаның, құрсақтың, санның терілеріне жайылған. Қабағы, ұрттары, еріндері ісінген. Терісінің қышыну сезіміне, буындарының ауыратындығына шағымданған. Дене қызуы 37,7 – тан 38,3 градус аралығында.
Науқаста есекжем пайда болуының және терісінің ісінуін қалай түсіндіруге болады?
№ 4 есеп. Клиникада ауқымды миокард инфарктіне байланысты жатқан науқастың 6-шы аптасында нәтижесінің жақсы болуына қарамай, жүрек аймағында тұйық ауру сезімі және перикардтың үйкеліс шуы, дене қызуының 39 градусқа артқаны байқалды. Қарап тексергенде қанында эозинофильды лейкоцитоз, жүрекке қарсы антидене титрінің жоғарылауы анықталды. Дәрігер «инфаркттан кейінгі синдром» (Дресслер синдром ) деген аңғарым жасады.
Сұрақтар:
1.Белгілі болғандай, Дресслер синдромы иммуногенді жолмен дамиды, осыны есепке ала отырып, оның дамуына әкелген Аг пайда болуы мен сипаттамасын көрсетіңіз.
2. Науқастың қанында жүрекке қарсы АД табылуы, дамыған серпілістің қандай түріне жатады?
3. Антикардиальды АД Ig-ің қай түріне жатады?
№ 5 есеп. 15 жасар жасөспірім, сол жақ санында жыртылған, қатты ластанған жарасымен хирургия бөлімшесіне түсті. Жарасы хирургиялық өңделіп тазартылып тігілді. Бөксесінің жоғарғы сыртқы бөлігіне 1500 АЕ сіреспеге қарсы емдік сары су енгізілді. Әрбір 6 күн сайын емдік сары су қайталанып енгізілді. Үш күннен кейін сары су енгізілген жерде ісіну байқалып, үлкен тығыз инфильтрат қалыптасты. Инфильтраттың үстіндегі теріде өлеттену дамып, артынан ұзақ жазылмайтын жара пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |