Сабақтың мақсаты. Тыңдау, көру арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыруға ықпал ету



Дата17.02.2017
өлшемі13,6 Kb.
#9600
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

  • ЖАНУАРЛАР

Сабақтың мақсаты.

  • Тыңдау, көру арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Сабақтың міндеттері :

  • Білімділік: Лексикалық сөздік қорын байыту.
  • Дамытушылық: Айтылған сөздерді, сөйлемдерді түсінуге және қолдана білуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелік: Дос бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

  • Сабақтың типі: жаңа сабақ
  • Сабақтың әдістері: түсіндіру, топпен, жеке оқушымен жұмыс.
  • Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.
  • Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, математика.
  • Меңгерілетін сөздер: сандар 1 – 10, жануарлар атаулары.
  • Дидактикалық ойын: «Не артық?», «Салыстыр».

Сабақтың жоспары:

  • Сабақтың жоспары:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Психологиялық тренинг
  • Өткен сабақты қайталау.
  • Жаңа сабақ.
  • Сабақты бекіту.
  • Сабақты қорытындылау.
  • Үйге тапсырма.
  • Бағалау.
  • Ертегі бойынша
  • тапсырмалар
  • -Кемеде неше жолаушылар болды?

-Неше жолаушылар қосылды?

  • -Неше жолаушылар қосылды?

-Енді неше жолаушылар болды?

  • -Енді неше жолаушылар болды?
  • Кемедегі жолаушыларды атаңдар?
  • Санап үйренейік!

Қайсысы көп?

  • Қайсысы көп?

Фонетикалық жаттығу.

  • - АУ, -АУ, -АУ КІШКЕНТАЙ
  • - ЫН, -ЫН, -ЫН ЖҮЙРІК
  • - АҚ, -АҚ, -АҚ АҚ
  • - ЗЫ, -ЗЫ, -ЗЫ МОМЫН
  • - ТА, -ТА, -ТА ӘДЕМІ

4-ші артықты тап

Мәтінді тыңда, оқы.

  • Түйе
  • Түйеге жүк арту қолайлы. Әуелі шөгеріп болған соң, жүкті асықпай артасың. Содан соң тұрғызып, бір – біріне тіркеп, он шақтысын бір адамға жетелетеді.
  • Түйенің жас туған ботасы сондай сүйкімді болады. Екі көзі қап – қара. Оған көз тимесін деп, мойнына қызыл жіп байлап қояды.
  • Түйенің сүті – ертеден халқымыздың басты бір тағамы. Түйенің шұбаты әрі сусын, әрі тамақ . Оның емдік қасиеті бар. Өкпе, асқазан, ішек ауруларын шұбатпен емдейді.
  • Түйенің жүні де өте бағалы. Әр түйе бес-он килограмм жүн береді. Түйенің еті, өркешіне жиналған майы да пайдалы.
  • ( Н. Қазыбеков)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
  • Түйе қандай жануар?
  • Түйенің төлі қалай аталады?
  • Түйенің адамға қандай пайдасы бар?

Жылқы

  • Жылқы
  • Жылқы біздің заманымыздан алты – жеті мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ол – жер жүзіне тараған түлік. Жылқының жүйрігі, жорғасы, жүк тартатыны бар.
  • Жылқы – суыққа төзімді мал. Жылқының қымызы жетпіс түрлі ауруға ем.
  • Тарихта аттары қалған жылқылар да бар. Олар ер азаматқа серік болған аттар. Олар: Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ақанның Құлагері.
  • ( Н.Қазыбеков)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
  • Жылқы қашан қолға үйретілген?
  • Жылқының ерекшелігі неде?
  • Қымыз туралы не білдің?
  • Тарихта аты қалған жылқыларды білесің бе?

Сиыр.

  • Сиыр.
  • Сиырдың адам тіршілігі үшін үлкен пайдасы бар. Сиырдың сүтінен жасалған тамақтың түрі көп. Олар: құрт, май, ірімшік, қаймақ, айран, қатық, сүзбе. Ертеде сиырды көлік үшін де пайдаланған. Жер шарында мұндай елдер әлі бар.
  • Орта есеппен әрбір сиыр жылына үш мың, төрт мың литрден сүт береді.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
  • Сиырдың адамға қандай пайдасы бар?
  • Орта есеппен сиыр жылына неше литр сүт береді?

Қой.

  • Қой.
  • Қой төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Үстіміздегі киген тонымыз, аяғымыздағы пимамыз, басымыздағы тымағымыз бәрі де қойдың терісінен жасалған.
  • Қойдың еті мен сүті – өте дәмді ас. Республикамызда қаракөл қой, меринос қой, қазақы қой өсіріледі.
  • Қойдың жейтін шөбі – изен мен жусан. Қойдың жасына қарай қозы, марқа, бағлан, ісек, саулық деп атайды.
  • ( «Жыл он екі ай» жинағынан)

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
  • Қойдың адамға қандай пайдасы бар?
  • Қойдың түрлерін ата.
  • Үй жануарлары.
  • Адам баласы пайдаланатын үй жануарлары өте көп. Үй жануарлары: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
  • Адам жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қойды ертеден –ақ пайдаланып келеді. Сиырдың сүтін, етін, майын, терісін кейінірек пайдалана бастаған. Сүттен айран, май, ірімшік, құрт жасайды.
  • Биенің сүтінен қымыз ашытады. Түйенің сүтінен шұбат жасайды.
  • Үй жануарларын адам көлік ретінде де пайдаланады. Атты мінеді, арбаға жегеді, өгіздің күшін пайдаланады. Итте адамға көп пайда келтіреді. Ит малды қорып, үйді күзетеді. Үй жануарларын қора-жайда ұстайды.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
  • Қандай үй жануарларын білесің?
  • Сүттен қандай тағамдар жасайды?
  • Ит туралы не білдің?
  • «Иә» немесе «Жоқ»
  • жүгіреді
  • жүреді
  • жүзеді
  • Ұшады Секіреді
  • Ит
  • Үйрек
  • Лақ
  • Балық

Не жейді?

  • Не жейді?
  • БАЛЫҚ
  • СӘБІЗ
  • ЕТ
  • ШӨП

Сурет бойынша әңгімеле.

Жұмбақтар.

  • Жұмбақтар.
  • Кезікті бір жануар,
  • Үстінде екі тауы бар.
  • Жарға шығып ойнайды,
  • Ойынға бір тоймайды.
  • Болса – дағы сақалы,
  • Секеңдеуді қоймайды.
  • Қисық ағашқа қар жұқпас.
  • Кішкентай ғана бойы бар,
  • Айналдырып киген тоны бар.
  • 1
  • 4
  • 5
  • 3
  • 2
  • Суреттер мен сандарды байланыстыр


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет