Бибінұр Ділкашева
Тараз қаласы №42 орта
мектебінің мұғалімі
Тілім менің –тұтастығым елдігім
Сабақтың мақсаты: тіл құдіретін ,болашақта өркендеуінің ,
тілді көтерер ұрпақ біздер екенін ұғындыру.
бірлік ,ынтымақтастықтың ауызбірлікке баулу,
еліне ,жеріне,тіліне мақтанышпен қарау,
сүйіспеншілік қасиеттерін өрбіту.
Көрнекілік:1. Тілім менің –тұтастығым елдігім
2.Сахна төріне:
Қазақ тілінде ерекше дыбысталатын.ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,һ,ө әріптерін қою.
3.Бірлік,ынтымақтастық белгісі :қазақ,орыс,өзбек балаларының ұлттық киімдегі суреттерін ілу.
Сахна төріне оқушылар шығып : ( «Әнші балапан» әнімен) ән салады.
Қазақстан елінің,
Апта күнін,тіл күнін.
Тұтастығын ,елдігін,
Тойлау үшін келді кім?
Неше тілде ,сөйлей аласың?
Көрсет бүгін қапы қаласың.
Ән сал биле,өнер көрсет сен,
Көп тіл білген намыс емес тек.
Қазақшалап қосылып,
Айтайық біз білгенді.
Ұялып не тосылып,
Қалмаңыздар сіздер де.
Таза қалай сөйлей аласың?
Көрсет бүгін қапы қаласың.
Ән сал,биле,өнер көрсет сен,
Көп тіл білген намыс емес тек.
Орыс,қазақ ,түрік,өзбек ұлт өкілдерінің шеруі:
Мен қазақпын,иесімін кең даланың,
Талай жаудан бұл даланы қорғағанмын.
Өзгелердің басына күн туғанда,
Жат көрместен құшақ жайып,
Мен оларды қарсы алғанмын.
Мен өзбекпін сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері ол меніңтуған жерім,
«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың»
Деген өзбек мақалын жаттап өстім.
Мен орыспын сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын,салт –дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім!
Мен түрікпін сүйемін қазақ тілін,
Туылдым да ,өстім де алдым білім.
Әніне де жырына қанып өстім
Осы елде оттай болып, жанып өстім.
Қазақ: Бөтен елде жүргенде,
Қарсы келіп көшеден
Түрік: «Қайдан келдің ?» - десе егер
Қазақ: Кідірместен,
Мүдірместен айтарым,қазақпын мен!
Бірге: Қазақстан –туған елім ,байтағым!
Ұлттық киімдегі қыздар тобы: «Домбыра »биін билейді.
Бастауыш сынып оқушылары:
Әріптердің қасына тұрып:
Ә-Әрекет болиай берекет болмас әр нәрсеге бір себеп.
Ө-Өзім десем өгіз қара күшім бар
Ұ-Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің.
Ғ-Ағасы бардың жағасы бар.
Қ-Қас –қағым сәтте.
Ң-Аң таң қалдым.
І-Тіл –тірлігім,елдігім.
Бәрі хормен:Мен қазақша білемін,
Біз қазақша үйренеміз.
Мен қазақстан азаматымын!
Мәнерлеп оқу: «Үш бақытым».
Ең бірінші бақытым-халқым менің.
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса ,мен бармын ,қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым –тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Ән: «Ұландар маршы» (үштіктің орындауында)
Ел ерінен,ер елінен күш алып,дүниені таңқалдырған үш алып.
Абай: Ақыл-ой,ақындықтың киесі –Абай,
Түгел сөздің түбі бір,жүйесі Абай,
«Өлең –сөздің патшасы»- десе Абай,
Патша мүлде тағымен,төңкерілген,
Өлеңнің құдіретті иесі –Абай!
Мұхтар:Алатаудың қарай қалса төріне ел,
Көк тіреген мұхтар шыңы көрінер.
Көк тіреген көркіне оның тәнті боп,
Омырауыңнан ыстық жасың көрінер.
Жамбыл:Есіттің бе ақынды сен Жамбылдай?
Бата берген Сүйінбай,
Жырдың тіккен туындай,
Айтқан маған ақылды,
Жырла деген халқың да.
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылды.
Ән: «Туғанел»
Тіл тағдыры:
-Кешіріңіз, сіз аялдамадан түсесіз бе?
-Я вас не понимаю.
-Өз тіліңді білмегенің ұят-ақ.
-Я же сказал не понимаю.
Тіл –адам қатынасының құралы.
Ана тіліміздің болашағы өз қолымызда!
!!! Балаңыздың тіл үйренуіне көңіл бөлесіз бе?
Қазақ тілі С.Мәуленов.
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың.
Қасіретімді қазақ тілін қанат қып.
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тіліммен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда аманаты ананың.
Сол тіліммен талай гүлді жырлаттым.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
Ағылшын тілінде және басқа ұлттар тілінде тақпақтар:
«Work city» - poemby Ceci !
Spring Rice,recite 8 a
“Bridges” by Edith Sigal .Recit 7 a
“You are my sun-shine” song. Sing u group of pupils from 8a
Ән «Ананың тілі»
Әр адамда өз анасынан басқа
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері –түп қазығы ,айбыны,
Туған тілі –сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,салт –санасы-тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да...
Кәрісше ән,өлең орындалады.
Ән «Егемен Қазақстан» (үштік орындайды)
Салтанатқа қатысқан оқушылар түгел шығады:
Неше тілде ,сөйлей аласың?
Көрсет бүгін қапы қаласың
Ән сал ,биле ,өнер көрсет сен
Көп тіл білген намыс емес тек.
Достарыңызбен бөлісу: |