І. Үш топқа бөлу.
Түрлі-түсті құрттар (әр құртты целл.салу, тазал. үшін). Үш ыдыста тұрады. Өздері алып түсіне қарай топқа бөлінеді.
Топ аттары: «Туынды», «Дифференциал», «Өсімше»
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
«Математикалық бинго»
Бинго сұрақтары:
nxn-1
1.()'=
2.=
3.'=
-nx-n-1
4.'=
5. (x)'=
1
cosx-sinx+
6. (sinx+cosx+tgx)' =
ІІІ.Есептер шығару.
1.«Жіліктермен есептер».
Ортада үлкен табақта барлық жіліктер т.б. сүйектер тұрады. Топтар алдында табақшалар тұрады. Ішінде қамыр тұрады. Топтан 2 мүше келіп, өздеріне тиісті жіліктерді алып кетеді.
І-топқа «Бас табақ»
ІІ-топқа «Құдағи табақ»
ІІІ-топқа «Жастар табағы»
Әр топ өз жіліктерін, сүйектеріндегі сұрақтарға, есептерге жауап береді (тақтаға да жазады). Үлкен жіліктерге қиындау, қабырға, омыртқаларға оңай есептер т.б. Соңынан әр топтар 1 адам табағындағы жасалуы туралы айтады.
Туындыға оқулықтан есептер шығару:
Бас табақ.
1.Жамбасқа: №214 а) f(x)= 4x-3x2, f(x<0) теңсіздігін шеш:
f '(x)=4-6x; 4-6х<0, -6х<-4, х>; х> шешімі: (; +∞)
2.Сүбе қабырға: Туындысын тап:
№208 б) f(x)=+5х-2; (f '(x)=+5)
3.Омыртқа: Туындысын тап: y=3x10; (y'=30x9)
4.Асықты жілік: №225 в) f(x)=(4-1,5x)10;
( f '(x)=10(4-1,5x)9·(4-1,5x)'=10·(-1,5)(4-1,5)=-15(4-1,5x)9
Құдағи табақ:
1.Асықты жілік: №218 в) Туындысы 8х-2 болатын функция
формуласын жаз. (f(х)=4х2-2х)
2.Тоқпан жілік: №213 в) f '(х)=0 теңдеуді шеш: f(х)=x3-1,5x2-4x;
f '(x)=х2-3х-4
х2-3х-4=0
D=9+16=25
x=; х=-1, x2=4
3.Қабырға: Туындысын тап: №208 г) f (x)=х3+; f '(x)=3х2+
4.Омыртқа: y=2x-4, у=? (у'= у'=-8x-5)
Жастар табағы:
1.Асықты жілік: №231 б) Туындысын тап.y=cosx-tgx. y'=-sinx -
2.Құйымшақ (сегіз көз): №209 в) Туындысын тап: f (x)=х2(3x+x3), (f (x)=3х3+x5;;
f '(x)=9х2+5х4 )
3.Омыртқа: №238 а) f (x)=cos2xsinx+sin2x·cosx.
Туындыны тап: (f(x)=sin(x+2x)=sin3x; f '(x)=3cos3x)
4.Қабырға: Туындыны тап: y=99x2, (y'=2·99x=198x)
Жасалатын табақтар:
жамбас-1
1.Бас табақ: сүбе қабырға-1
омыртқа -1
асықты жілік-1
асықты жілік-1
2.Құдағи табақ: қабырға-1
омыртқа-1
тоқпан жілік-1
асықты жілік-1
3.Жастар табағы: қабырға-1
омыртқа-1
құйымшақ-1
Қосымша сүйектерді табақта қалдырамыз:
Мысалы: 1.Кәрі жілік (Аңызды айтады)
2.Жауырын (Аңызды айтады)
3.Сирақ (Балаларға беріледі)
Кәрі жілік есебі: Туындысын тап: y=x3+x2 , (y'= 3x2 +2x)
Жауырын есебі: Туындысын тап: y=cos2x+x3; (y'=-2sin2x+3x2)
Сирақ есебі: Туындысын тап: y=x-22, (y'=-22y-23)
Ортан жілік: Туындысын тап: y= x2
Барлық жамбастар т.б. жіліктер есептері бірдей болады.
IV.Сергіту сәтіне.
«Құпия сандық»
Сандық іші 3 бөлімнен тұрады.
1-ші бөлім белгісі –ою, түйе табан
2-ші бөлім белгісі –ою, қошқар мүйіз
3-ші бөлім белгісі –ою, қаз мойын
Қазақтың ұлттық, ұннан жасалатын тағамы. Әртүрлі пішінде кесіп, дайындауға болады. Міндетті түрде майға қуырылады. Той-жиында, қонақ келгенде пісіріп, дастарханға бұрын шашып тастайтын болған. Бұл қай тағам?
1.Бауырсақ:
(интерактивті
тақтаға шығады)
Бұл тағам сүттен жасалады. Ұзақ уақыт, суы тартылғанша қайнатылады.Түсі сарғылт болып келеді. Ертеде, қазір де шай ішкенде пайдаланамыз. Базарда және ауылдық жерлерде көп кездеседі. Дәмі тіл үйіреді.Тағам аты қандай?
2. Ірімшік:
Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Оны жасайтын негізгі өнім дәнді дақылдардың бір түріне жатады. Ол тағамға сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз араластырып жасайды. Шаймен ішсеңіз керемет! Бұл қай тағам?
3.Жент
Айтылған белгілерін тыңдап, қазақтың ұлттық тағамының атын табады.
V.Қорытынды.
Рефлексия «Еріктілер»
Еріктілер таңбасы (логотип) салынған үлкен плакат тақтада тұрады. Студенттерде стикелер бар, оған сабақ, тақырып, ұлттық құндылықтар туралы өз ойларын жазып, әкеліп жабыстырады. Сол бойынша мұғалім қорытындылайды.
VI. Бағалау:
Түрлі-түсті (3 түс: қызыл, жасыл, сары) асықтар пайдаланылады. Топ мүшелеріне үш ыдысқа салынған асықтар беріліп қойылады (үш қалта, ою басылған). Жауаптарға орай асықтар беріледі.
Үздік жауапқа –жасыл асық
Жақсы жауапқа –қызыл асық
Орташаға жауапқа – сары асық
(60-тай асық керек)
Үздік, жақсы, орта топтарға соңында үлкен асықтар беріледі.
VII. Үйге тапсырма: №240
Достарыңызбен бөлісу: |