Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар



Дата27.01.2020
өлшемі48,3 Kb.
#56579
түріСабақ
Байланысты:
ашық сабақ

Математика Тақырыбы: 51-сабақ. Шамалар

Менің өлкемнің табиғаты





Мектеп:№32 ЖББОМ

Күні:05.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні:Сейдахметова Э

2-сынып:

Қатысқандардың саны: 19

Қатыспағандардың саны:1

Оқу мақсаттары

2.1.3.3. Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық): (л) /уақыт: сағат, минут, тәулік, ай, жыл өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар:

• сағат бойынша уақытты анықтайды және берілген уақыт бойынша сағат тілдерінің көмегімен оны циферблатта белгілейді.

Көпшілік оқушылар:

• тәуліктік диапазондағы жазбасы бойынша сағатта уақытты белгілейді.

Кейбір оқушылар:

• дұрыс терминологияны сақтай отырып, тәуліктік диапазондағы уақытты 12 сағаттық циферблаттағы уақытпен қиналмай салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

• орындалатын амалдар мен ауызша санауды түсіндіреді.



Пәндік лексика және терминология.

12 сағаттық циферблат, таң, күн, кеш, түн.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Бұл тәуліктің қай мезгілінде болады?

Сағат көрсетіп тұрған уақытты айқында.



Жазу.

Тәулік мезгілдеріне бөлуді сақтай отырып, уақыт, циферблатта сағат тілдерін салу.

Тірек білім

Жыл мезгілдерінің саны, жыл ішіндегі айлар саны, ай ішіндегі күндер саны, тәуліктегі сағат саны.


Құндылықтарды дарыту

Күн режимін дұрыс құра білу,уақытты тиімді пайдалану,

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Математика – толған тәртіп, мағына мен мән

Математика – толған тамаша заңдылық, сән

Математика – толып жатқан терең сыр

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.

Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:
1. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2. Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)

«Білмеген ұят емес, үйренбеген ұят» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

– Сендер онымен келісесіңдер ме?

Топқа бөліну.Берілген жыл мезгілдері бейнеленген суреттер қиындыларынан пазл құрастыру арқылы әр топ өз атын анықтап алады, жыл мезгілдерінің ай атауларын жазады



Бірінші топтың аты-«Қыс»
Екінші топтың аты-«Көктем»
Үшінші топтың аты-«Жаз»
Төртінші топтың аты -«Күз» Топ ережесін еске түсіру

Үй жұмысын тексеру:4-есеп 39 бет

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Шамалар»

Мақсаты: Мен шамалардың мәнін салыстыруды және олармен амалдар орындауды үйренемін.

(Тақтаға сабақтың мақсаты ілінеді)Тақтадағы шама бірліктерін өз орнына тауып іледі.

Мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз өлкесінің табиғаты, жылдың әр мезгілінде табиғаттың қалай өзгеретіні туралы сұхбат жүргізеді. Мұғалім оқушылардан жыл мезгілдерінің теориялық түрде және нақты қандай айларда ауысатыны туралы не білетіндерін сұрайды.


  • Жүректің соғуы,теңіз суының көтерілуі мен қайтуы,күннің шығуы мен батуы,жыл мезгілдерінің алмасуы т.б.Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады.Сағат-тәуліктің ағымдағы уақытын анықтайтын,өлшейтін құрал. -Ендеше,ізденгіш,ойшыл,ақылды,тапқыр оқушыларым сендерге мынадай жарнама айтқым келеді.Елімізде 1 минутта:16 теледидар,11 тоңазытқыш,13 кір жуғыш машина,12 велосипед,18 радио,80 сағат жасалынып шығарылады екен.Ал сендер математика сабағының 40 минутында неше тапсырма орындай алар екенсіңдер? Байқайық.

Әр топтан төрт бала сағат тілі бойынша өзінің достарының атын жазып шығады

Топтың аттары жазылған қағаздар

сағат модельдері

4–6



Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырма жұптасып орындалады.Практикалық жұмыс.Табиғат суреттеріне қарап, циферблатта тәулік уақытын көрсетіңдер.Әр оқушыға сағат тілдерін орналастыру үшін қағаздан қиылған сағат суреті беріледі.





Оқулық.

7-11



Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқулықтағы 2-тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Егер минут тілі жарты сағат шегінен (30 минутқа сәйкес келетін 6 саны) асып кетсе, толық сағатқа неше минут қалғанын айту қолайлы ма? Жазбада көрсетілген деректерді тілдердің циферблатта орналасуымен салыстырып, бос орындарды толтырады. Бұл тапсырма уақытты өмірде қолданылатын терминология арқылы анықтау, 12 сағаттық циферблаты бар сағатты пайдаланған кезде тәулік мезгілін нақтылау дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.



Оқулық.

Сабақтың презентация-сы қолданы-лады.



12–29



Өзіндік жұмыс Топтық жұмыс

2-тапсырмада оқушылар бос орындарды толтырады.



Қиындықтарды түзету.

12 сағат – талтүс, күндізгі 13.00 сағат – 1 сағат , 14.00 сағат – күндізгі 2 сағат және т.с.с.. 12 сағаттық циферблат бойынша тәулік уақытын айту үшін бірден 12 санын қосуға болады немесе циферблатта қандай уақытты көрсету керектігін білу үшін берілген тәулік уақытынан 12-ні азайтуға болады).

2-тапсырмада кейбір оқушылар «16 сағатқа 15 минут қалды» деп айта алады.

Уақыт туралы мақал-мәтелдер (Балалар білім тақтайшасына топ болып мақал-мәтелдерді жазады)


  • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

  • Елу жылда ел жаңа.

  • Адамды заманы билейді.

  • Уақыт керуеніне бөгет жоқ.

  • Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

  • Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.

  • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.

  • Жан жарасына уақыт емші.

  • Сергіту сәті «Сағаттың тіліндей» қимылдар жасау. «Уақыт» туралы видеофильм көрсетіледі.

Дәптер.

30–40



Өтілген материалмен жұмыс. Әр топқа

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі 3-тапсырманы оқушылар уақыт өлшем бірліктері қатынасын (1 тәулік = 24 сағат), (1 сағат = 60 минут) ескере отырып орындайды. Пазл құрастыру арқылы. Толық ондықтарды қосу (60мин + 20мин)

6-тапсырма топпен орындалады

(13+22)+(40-30) = 45

(13+22)-(40-30)=25

(33+4)+(25-5)=57

(33+4)-(25-5)=17

(17+12)+(50-30)=49

(17+12)-(50-30)=9

Пазл бетіне жазылған өрнектер



41–45


Сабақты бекіту мақсатында «Ыстық орындық» айдары өткізіледі.Оқушылар жылдам сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін көрсетеді.

Жұмбақ шешу

Жаңылмастан жетеуі,

Кезек-кезек қызмет етеді. (Апта күндері)

Уақытты өлшеп,санап,

Таппайды бір тағат (Сағат)



Бағалау критерийі:

Өз қабілеттеріңді мынадай өлшемдер бойынша бағала:

1 сағат = 60 минут және 1 тәулік = 24 сағат деген уақыт бірліктері қатынасын білемін.

Рим цифрларын білемін және циферблатта оларды оқи аламын.

24 сағаттық есептеуде уақытты минутқа дейін дәлдікпен атай аламын.

Уақытты әртүрліше тұжырымдай аламын.



Жетістіктер баспалдағы:

Үйге тапсырма:4-5 есеп 45 бет

Кері байланыс: «Білім баспалдағы»арқылы

Оқушылар өздерінің аттарын жазып,тиісті баспалдаққа стикерді жапсырады.


Білім баспалдағы



Үйге тапсырма: №4

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз? Өлшем бірліктерінің қатынасын салыстыруға карточкалар беремін

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз? «Білім баспалдағы» арқылы

Пəнаралық байланыс дүниетану,жаратылыстану пәнімен

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс уақыт туралы видео көрсетемін

Құндылықтардағы

Байланыс күн режимін құрастыруғөз уақытын тиімді пайдалану

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Шынайы болды:сағат бойынша уақытты анықтады және берілген уақыт бойынша сағат тілдерінің көмегімен оны циферблатта белгіледі.

Бүгін оқушылар не білді? Оқушылар шамалар қатынасын салыстырып,шамалармен берілген өрнектерді салыстырды

Сыныптағы ахуал қандай болды?топтық жұмыс пен жұптық жұмыс тиімді болды:сағат моделімен жұмыс жасай отырып, бір-біріне уақытты анықтауға көмектесті

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Ия,тиімді болды:А деңгейлі жұптық жұмыс арқылы оқушымның масса өлшем бірлігінің қатынасына берілген салыстыру амалын орындай алғаны

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?Ия,үлгердім. Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен? Өзгеріс енгізген жоқпын.



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз. бірлескен оқу әдісін енгізу барысында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және талқылауға белсенді қатысты. Өз ойларын дауыстап айтты, болжам, ұсыныстарын талқылап үйренді.Бұл әдіс мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Оқушымен бірге мұғалімдердің өздері де сыни ойлау арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға ықпалдасатынына көз жеткіздім.Өздеріне сыни көзқараспен қарай отырып, бойларындағы қасиеттерді жеңе білгендіктен өздеріне деген сенім қалыптасты. Өзгеруге толық мүмкін­дік бар екенін түсінді.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Жыл мезгілдерінің суретін құрастыра отырып айларын атай білді

2: Сағат моделі арқылы әр тәуліктегі сағат атауларын білді

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Пазл құрастыра отырып өрнектердің мәнін тапты

2:Топтық жұмыс арқылы бір-бірінің қатесін түзетті

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім? Саралау тапсырмасын алдын ала тиімді құрастыру




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет