Сабақтың мақсаттары Екі санның арифметикалық ортасы, сандар тізбегі, сандар



Дата04.05.2017
өлшемі127,92 Kb.
#15423
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның

п-ші мүшесінің формуласы.

Сабақтың мақсаттары:1.Екі санның арифметикалық ортасы, сандар тізбегі, сандар



тізбегінің мүшелері, сандар тізбегінің түрлері, тізбектің п-ші

мүшесінің формуласы туралы түсіндіру.

2.Формулаларды пайдаланып есептер шығару дағдысын

қалыптастыру.

3. Оқушыларды шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Оқыту формалары: жеке, топтық



Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, слайдтар, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру. Ленталар арқылы тілектер айту, топқа бөлу.

ІІ.Кешегі күн-бүгінгінің өлшемі. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Қызығушылықты ояту. 1) Тест тапсырмалары. 2) Ойлан, тап.

ІY.Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ түсіндіру.

Y.Деңгейлік тапсырмалар.

YІ. Қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу.

YІІ.Үй тапсырмасын беру.

YІІІ. Бағалау.

І.Ұйымдастыру. Ленталар арқылы тілектер айтып, топқа бөлу. Сабақта жоғары ұпай ал! Сабақта тек «5» деген баға ал! Сәттілік тілеймін! Оқуда озат бол! Мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! ІІ.Кешегі күн-бүгінгінің өлшемі. Үй тапсырмасын тексеру.№158, №160 №158 а) ә) б) формуласымен берілген тізбектің бірнеше алғашқы мүшелерін есептеңдер. №160 а) ә) б) в) жалпы мүшелерінің формуласымен берілген осы тізбектердің қайсысы кемімелі болады? ІІІ.Қызығушылықты ояту. 1. Тест тапсырмалары /жеке жұмыс / 1.1; 2; 3; ... п; ... қандай сандар тізбегі? а. оң бүтін сандар тізбегі ә. рационал сандар тізбегі б. теріс бүтін сандар тізбегі в. натурал сандар тізбегі 2.1; 1/2; 1/3; 1/4; ... 1/п; ... қандай сандар тізбегі? а. теріс сандар тізбегі ә. бүтін сандар тізбегі б. кері сандар тізбегі в. натурал сандар тізбегі 3. 5; 10; 15; 20; ... 5п; ... қандай сандар тізбегі? а. 5-ке еселі натурал сандар тізбегі ә. бүтін сандар тізбегі б. кері сандар тізбегі в. 3-ке еселі натурал сандар тізбегі 4. қандай сандар тізбегі? а. теріс сандар тізбегі ә. сандар тізбегі б. кері сандар тізбегі в. бүтін сандар тізбегі 5. у= f(x) функциясының х қандай айнымалысы болады? а. функция дейді. ә. сандар тізбегі б. х-тәуелді айнымалы , аргумент в. х-тәуелсіз айнымалы 6. Натурал аргументті функция ... а. мүшелер деп аталады. ә. сандар тізбегі деп аталады.. б. х-тәуелді айнымалы в. у-тәуелсіз айнымалы 7. 1; 4; 9; 16; 25; 36; 49; 64; 81; 100; қандай сандар тізбегінің түріне жатады? а. тұрақты сандар тізбегі ә. өспелі, кемімелі және шекті, шексіз сандар тізбегі б. өспелі, шексіз сандар тізбегі в. шекті сандар тізбегі 8. 4; 8; 12; 16; ... 4п ; ... қандай сандар тізбегінің түріне жатады? а. тұрақты сандар тізбегі ә. өспелі, кемімелі және шекті, шексіз сандар тізбегі б. өспелі, шексіз сандар тізбегі в. өспелі, шекті сандар тізбегі 9. 8; 8; 8; 8; .... қандай сандар тізбегінің түріне жатады? а. тұрақты сандар тізбегі ә өспелі, кемімелі және шекті, шексіз сандар тізбегі б. өспелі, шексіз сандар тізбегі в. өспелі, шекті сандар тізбегі 10. Бірсарынды тізбек дегеніміз не? а. тұрақты сандар тізбегі ә. өспелі, кемімелі және шекті, шексіз сандар тізбегі б. өспелі және кемімелі сандар тізбегі в. өспелі, шекті сандар тізбегі 11.Сандар тізбегінің тәсілдерін ата а. аналитикалық, графиктік, рекурренттік,баяндау ә. аналитикалық, графиктік б. баяндау, рекурренттік в. графиктік, баяндау 12. формуласымен берілген тізбектің екінші мүшесін табыңдар. а. 5 ә. 4 б. 3 в. 6 13. 103; 95; 87; 79; ... берілген сандар тізбегінің түрін анықтаңыз. а. өспелі ә. кемімелі б. бірсарынды в. тұрақты 2-тапсырма: Ойлан, тап. 1-топ үшін . формуласымен берілген тізбектің алғашқы мүшелерін есептеңдер. Жауабы: 3; 5; 7; 9; ... 2-топ үшін. формуласымен берілген тізбектің алғашқы мүшелерін есептеңдер. Жауабы: 1; 3; 5; 7; 9; ... ІY.Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ меңгерту. Y.Деңгейлік тапсырмалар. 1-деңгейлік тапсырмалар. №165, №166,№167 №165 3; 7; 11; ... арифметикалық прогрессияның а)алтыншы; ә) отызыншы мүшесін табыңдар . №166 Бірінші мүшесі 130-ға , ал айырымы -3-ке тең арифметикалық прогрессияның а) төртінші; ә) он бесінші мүшесін табыңдар. №167 а) 1; 4; 7; 10; 13; ... ; ә) 3; 0; -3; -6; -9; ... ; б) 4; 9; 16; 25; ... тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады? 2-деңгейлік тапсырмалар. №172, №176, №179 №172 Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі 7-ге, ал тоғызыншы мүшесі 18-ге тең . Бірінші және алтыншы мүшелерін табыңдар. №176 а) ә) б) сан тізбектері арифметикалық прогрессия болатынын көрсетіңдер. -ны табыңдар. №179 Егер арифметикалық прогрессияда болса, онда а) арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар; ә) прогрессияның оң таңбалы мүшелерінің санын көрсетіңдер. 3-деңгейлік тапсырмалар. №182, №183, №184 №182 а)Сағат тілі толық бір сағат сайын ; ә) әрбір жарты сағат сайын соғатын болса, онда сағат тілі бір тәулікте неше рет соғады? №183 Дене қандай да бір биіктіктен еркін құлап келе жатып бірінші секундта 4,9м, ал келесі әрбір секундтарда 9,8м-ге артық қашықтықты жүріп өтеді. Егер дененің түсу уақыты 10 с болса, құлау биіктігін анықтаңдар. №184 а) ә) б) сандар тізбегінің арифметикалық прогрессия болатынын немесе болмайтынын анықтап, -ны табыңдар. YІ. Қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу. 1. Анықтама: Екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі алдыңғы мүшесіне қандай да бір тұрақты санды қосқанда шығатын сандар тізбегін не деп атайды? Арифметикалық прогрессия 2. теңдігін не деп атайды? Екі санның арифметикалық ортасы 3. Көршілес екі мүшенің айырмасын не деп атайды? Арифметикалық прогрессияның айырымы 4. арифметикалық прогрессия . п-ші мүшесінің формуласы 5. Егер сан тізбегінің екінші мүшесінен бастап әрбір мүшесі көршілес мүшелерінің арифметикалық ортасына тең болса, онда берілген сан тізбегі не болып табылады. Арифметикалық прогрессия 6. n-ді не деп атайды? реттік нөмірі YІІ.Үй тапсырмасын беру. №169, №180 №169 а)2; 4; 8; 16; 32; ... ә) 7; 7; 7; 7; ... б) 1; 1/2; 1/3; 1/4; ...тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болады? №180 а) 22,7; 21,4; ... арифметикалық прогрессиясының нөлге жақын мүшесін көрсетіңдер. ә) -15,1; -14,4; ... арифметикалық прогрессиясының нөлге жақын мүшесін көрсетідер. YІІІ. Бағалау.

Көкбұлақ орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші



мүшесінің формуласы.

Пән мұғалімі: Әбілқаева М.Ғ.

2015-2016 оқужылы
Математикалық кеш

Кештің тақырыбы: Математика – ғылымдар патшасы.

Кештің мақсаттары:1.Ізденімпаздыққа, өз беттерінше және топпен орындауға тәрбиелеу.

2. Математикаға деген белсенділігін, қызығушылығын, ынтасын

арттыру.

3.Нақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Кештің түрі: танымдық сайыс

Кештің көрнекілігі: слайдтар, түрлі плакаттар

Кештің жоспары: І бөлім. Топқа бөлу.

ІІ бөлім. Адасқан әріптер.

ІІІ бөлім. Кім жылдам?

ІY бөлім. Танымдық сұрақтар.

Y бөлім. Математикалық тарихи дөңгелек.

YІ бөлім. Бой сергіту сайысы

YІІ бөлім. Есепке кім жүйрік?

YІІІ бөлім. Сурет салу.

ІХ бөлім. Қорытындылау.

Сайыс толқын айналған қатты ағысқа,

Табылғандай тыным да, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу кейін жатады аптығыста.

Сайыс толқын жатқандай ағып-тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл сайыста байқалар тек шапшаңдық,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

І бөлім. Топқа бөліну. Оқушыларды батырлар мен билер арқылы екі топқа бөліп, топтарды «Батырлар» және «Билер» деп атайды. Топтар ұрандарымен таныстырады. Барлық тапсырмалар 10 ұпайдан есептеледі.

ІІ бөлім.Адасқан әріптер. 1-топ.Әредеж, рұшыб, лесуә, лөкешб, убк. 2-топ. цкирьлу, зүут, ебшрңе, анс, штсбмаа ІІІ бөлім.Кім жылдам? =9*9=

=49:7 64:8=

=15*2 13*2=

=300:5 255:5=

=4*4 4*6=

=15:3 18:3=



=2*6 2*7= ІY бөлім.Танымдық сұрақтар. 1-топ. «Батырлар» 1. Бес тақ санды ата. 2. 6-ның көбейту кестесі. 3. Ең кіші үш таңбалы сан. 100 4. 1 тоннада неше килограмм бар? 100 кг 5. Бір үйде әжесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр? 3 6. 12-ні 10 есе арттыр. 120 7. 144, 225 сандарының арифметикалық түбірі. 12,15 8. Вектор деген не? Бағытталған кесінді 9. Қайың ағаш басында 5 алма өсіп тұр. Біреуі жерге түсіп қалды. Нешеуі ағаш басында қалды? Қайың ағашта алма өспейді. 10. 2 ғасырда неше жыл бар? 200 жыл 2-топ. «Билер» 1. Бес жұп санды ата. 2. 8-дің көбейту кестесі. 3. Ең үлкен үш таңбалы сан. 999 4.1 км-де неше метр бар? 1000м 5.Бөлмеде үш майшам жанып тұр. Сен біреуін сөндірдің. Нешеуі қалды? 6.7-ні 9 есе арттыр. 7.121, 169 сандарының арифметикалық түбірі. 11, 13 8. Пифагор теоремасы. 9.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы оның бірін атып алды. Нешеуі қалды? Түйеқұс ұшпайды 10.Шеңбердің радиусы 6 см болса, диаметрі неше сантиметр? 12см Y бөлім.Математикалық тарихи дөңгелек. 1.Математик, дәрігер, ақын, музыкант, ғалым кім? а.Қорқыт ә.Омар Хаям б.Құрманғазы в.Әл-Фараби 2.Пифагор мектебі қай қалада алғаш ашылған? а.Афина ә.Кротон б.Рим в.Александрия г.Спарта 3.Евклидтің бесінші пастулатын аксиома деп дәлелдеген кім? а.Коши ә.Вейерштрасс б.Декарт в.Лобачевский 4.Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ? а.А.Байтұрсынов ә.Ы.Алтынсарин б.Қ.Сатбаев в.О.Жәутіков YІ бөлім.Бой сергіту сайысы. Қапшықпен секіріп барып сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар әр сала бойынша болады. 1.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев 2.Өзіне шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын»,-деп айтқан кім? Архимед 3.Оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін сан. Қырық 4.2015 жылы қандай мерекелер аталды? «Конст. 20 жыл», «Қазақ хандығына 550 жыл», «Ұлы Отан соғысына 70 жыл», «Қазақстан Ассамблиясына 20 жыл» YІІ бөлім.Есепке кім жүйрік? Логикалық есептер. 1.Дүкеннен мен торт алдым, Оның және қабын алдым, 2 сағыз, 1 шоколад. 5 чупа-чупс қоса алдым, Есептеші сонда бәрі, Қанша болды қолда бары? /10/ 2. Қос ешкі туған егізден, Үш қозы мен екі қой, Төрт қозылы екі қой. Бәрін бірге санап қой, Бәрі қанша ойлап қой /17/ YІІІ бөлім.Сурет салу. Екі топтан екі оқушы шығып, екі қолына екі бор ұстау арқылы бір мезетте бір бормен үшбұрыш, бір бормен шеңбер сызу керек. Қай топ мүшесі геометриялық фигураны жақсы, ұқсатып сала алғаны ескеріледі. ІХ бөлім.Қорытындылау. Әділқазылар жеңімпазды анықтайды.

Көңіл бөліп бұл кешке , Келгендерге көп рахмет. Шын сезінген көрерменге, Мың рахмет, мың рахмет! Жеңімпаз топ марапатталады.
Каталог: uploads -> doc -> 0bc4
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bc4 -> Сабаққа өзіндік талдау Пән: биология, физика Сынып 8 «А» Сабақтың өту күні: 24. 04. 2015ж. Мұғалім
0bc4 -> Сабақ жоспары сабақтың тақырыбы: Орыс мектебінде Сабақтың мақсаты
0bc4 -> Мектепішілік бақылау ережесі «Талдаусыз ақпарат өлі, ал мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ»
0bc4 -> Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер
0bc4 -> Нәтиже Міндеті Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет