3. Жаңа сабақ:
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т.б элктр құралдарын пайдаланады. Бұлар әр түрлі жалғанады.
Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастрайық:
1-жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды (1-сурет).
сурет 2-сурет
2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллел жалғау деп атайды (2-сурет).
3-тірек-сызба
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбекиегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады.
Өткізгіштерді параллаль жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |