12. Мәтіндік ақпаратты өңдеу
Жоспар:
1. Мәтіндік редакторлар.
Сабақтың мазмұны:
1. Мәтіндік редакторлар.
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторлар мен мәтіндік процессорлар жатады. Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.
Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды, кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.
Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.
Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор. Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.
Мәтіндік редакторлар орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою, үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.) орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.
Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:
деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;
МР ортасы;
МР жұмыс режімдері;
бұйрықтар жүйесі.
Студенттің орындайтын тапсырмалары:
Мәтіндік реадоктарлардың терезесінің элементтерін талдау.
WordPad пен Microsoft Word-тың айырмашылығы.
Мәтінді форматтау дегеніміз не?
Мәтінді редакциялау дегенді қалай түсінесіз?
Парақтың параметрлерін беру.
Microsoft Word программасында кестемен, суретпен жұмыс істеу тәсілдерін талқылау.
Microsoft Word құжатына түрлі объектілерді (формула, символ, надпись, т.б.) қою.
«Microsoft Word программасында кестемен жұмыс істеу» тақырыбына сабақ жоспарын дайындаңыздар.
Әдебиеттер тізімі:
1. Т.Қ.Қойбағарова, Р.А.Ельтинова. Информатиканы оқыту әдістемесі. Павлодар, 2013.
2. Е.Ы.Бидайбеков. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |