5. Шығармашылық жұмыс
1-тапсырма: 30 бет. Ыбырай Алтынсариннің хатын оқып, білім саласына сіңірген еееңбегін үлгі тұтайық.
2-тапсырма: Жағдаятты оқып , сұраққа жауап беру.
Бірде дәруіш сапарға шығып, жолда кездескен кез-келген жолаушыны «Жүрегің бар ма?» деген сөзбен қарсы алыпты. Адамдар айтылған сөздің мағынасына мәніне бірден көңіл бөлмесе де , жолаушылардың бірі, сен «Жүрегің бар ма?» дегенің орнына, неге қайырымдылық, махабббат, сенім, жақсылық , тіпті рақымдылық туралы айтпайсың ба? – деген сауал қойыпты. Сонда дәруіш: «Тек жүректі ұмытпауың керек, сонда қалғанының бәрі болады» - деп жауап беріпті.
Дәруіштің ойымен келісесің бе? Неліктен?
|