3-тапсырма: Досымызға хат жазамыз.
Ала жіп аттамау С.Кенжеахметұлы
Қазақ ұғымында ала жіп туралы әр түрлі ұғымдар мен түсініктер бар. Мысалы, баланың тұсауын кескенде, адамдар қатты ренжіскенде, әдет-ғұрып қағидаларында «ала жіп» бейнесі қолданылады. Соның бірі – «ала жіп аттамау» деп аталады және ол адалдыққа, адамгершілікке сай қолданылатын теңеудің бір саласы десе де болады. Бұл теңеу «ешкімге қиянат жасама, біреудің мал-мүлкін ұрлама» дегентерең мағынаны білдіреді. Біреудің «мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын» деген сөзі оның адалдығын біілдіреді.
|