Сабақтың мазмұны Ресустар



бет54/116
Дата13.12.2021
өлшемі153,61 Kb.
#100343
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Төмендегі ой-толғауларды жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау.

.... «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ»

.... «Өз Отанын жан-тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы»

.... «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жері»

.... «Біздің ел - көп ұлтты ел. Кез келген отандасың – қай халықтың баласы болса да ол сенің досың»

.... О, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.

Сүйем сені туған ел – ата мекен

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең».
2-тапсырма: Мақал-мәтелді жалғастырыңдар.


  1. Өзге елде сұлтан болғанша, .....

  2. Туған жердей жер болмас, .....

  3. Отансыз адам, .....

  4. Ат айналып қазығын табар, .....

  5. Отан - .....

  6. Өз елімнің басы болмасам да, .....



Отан – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбаттысы, ең қасиет- тісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Отан ұғымы адамның мінез, ізгілік сезімімен, парасатымен етене байланысты. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақ -тан-ұрпаққа қалдырылып келеді. Ол – біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз. Қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипат пен қараған халық. Жалпы «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет