Топпен ән айту
Туған жер – тағдырым Қалқаман Сарин
Туған жерім – тұғырлы өлкем, Туған жерім, сен – ұлысың,
Тәй-тәй қадам басқан жерім. Баба мұра бақ-несібем!
Өзіңде өткен ғұмыр көркем, Саған деген сағынышым,
Ай-хай далам, асқар белім. Жүрегімнің қақты есігін.
Туған жерім, мөлдірейді, Туған жерім, сыйың бөлек,
Жанарымда аспан –көгің. Алтын ұя, ақ бесігім.
Жан-жүрегім елжірейді, Сені мәңгі сүю керек,
Естен кетпес жас-дәуренім. Сүймегенге жоқ кешірім!
Туған жер, туған ел – айбыным!
Гәккулі, аққулы айдыным!
Жақұтым, бақытым – байлығым сен!
Туған жер, туған ел – тағдырым,
Сен барда жалғанда бар құным,
Таусылмас, сарқылмас ән-жырым, сен!
|