Жұғатын сұйықтардың капиллярларға тартылуы немесе жұқпайтын сұйықтардың капиллярлардан итеріліп шығарылуы капиллярлық құбылыстар деп аталады. Капиллярлық құбылыстар табиғатта және техникада үлкен рөл атқарады. Өсімдіктер көптеген капиллярлардан тұрады. Ағаштарда топырақтағы ылғал капиллярлардың бойымен көтеріліп, жапырақтар арқылы атмосфера буланады. Топырақта да капиллярлар болады, топырақ неғұрлым тығыз болған сайын, олар соғұрлым жіңішке. Су осы капиллярлармен жер бетіне көтеріліп, тез буланып кетеді де, жер қатып қалады. Көктемде жер жыртқан кезде, осы капиллярлар бұзылып, топырақ бетіндегі ылғал сақталып қалады.
Техникада да көптеген жағдайларда осы капиллярлық құбылыстарды ескеруге тура келеді.