Сабақтың негізгі мазмұны



Дата20.07.2020
өлшемі61 Kb.
#63348
түріСабақ

Қатынастар: Валюта айырбастау
Сабақтың негізгі мазмұны

Бұл фильм халықаралық қаржы нарығында, сонымен қатар АҚШ-тан Индияны көруге барған саяхатшылар қолданатын валюта жөнінде баяндайды. Бұнда валюта айырбастау бағамы қатынас ретінде көрсетіліп, бұл бағамның өзгеріп тұру салдарынан қалай ақша табуға болатындығы жөнінде айтылады. Валюта айырбастау бағамының негізгі факторлары көрсетіледі. Оқушылар әр елде әртүрлі валюта қолданылатынын біліп, қатынастармен жұмыс істеуді түсінгені жөн. Басқа математикалық білімнің қажеті жоқ.





Негізгі нәтижелер


  • Сабақтың негізгі мақсаттары

  • Қатынастарды қолдана біліп, оларды қарапайым 1:n түрге келтіруді үйрену.

  • Ақшаға байланысты есептерді шығарып, әртүрлі валюта арасындағы айырбастауларды ұғу.

  • Көбейту, бөлу, қосу және азайту ережелерін білу.




  • Әртүрлі валюта айырбастау бағамын қолданып, валюта айырбастауды үйрену.

  • А:В және В:С ақша қатынасын біле отырып, А:С қатынасын таба білу.



Қосымша нәтижелер


  • Сабақтың негізгі мақсаттары

  • Валюта айырбастау графигі мен түзу сызықты графикті сыза алу және түсіндіре білу.

  • Қаржы тасымалы кезіндегі тәуекелдіктің бар екенін түсіну.

  • Валюта айырбастау бағамының экономикалық факторларын таба білу.




  • Ұсынылатын жаттығулар

  • Экономикалық тұрақсыздану мен саясаттың өзгеру салдары кезіндегі ақша айырбастау графигін сыза білу.

  • Корреляцияны табу мақсатында экономикалық айырбасталым мен басқа да экономикалық айнымалылардың өзгеруіндегі шашырау графигін сызу.


Ұқсас фильмдер
Сабақ жоспарына дейін қолдану:


Бұл фильм қатынастар ұғымына кіріспе береді. Және қалағанымыздай мөлшерде тәтті тоқаш пісіру үшін, ингридиенттердің қатынасын пропорционал көбейте отырып жасай алатынымыз жөнінде айтылады.
Сабақ жоспарынан кейін қолдану:


  • Алтын қатынас тарихы

Бұл фильмде математикадағы ең белгілі қатынастардың бірі туралы айтылып, оның ғасырлар бойы мәдениетке тигізген әсері жөнінде баяндалады.

  • Ондық бөлшек: Ондық күн

Бұл фильм бір елдің, тек бір күнде болған валюта өзгерісін қалай көтеріп шыққандығы жөнінде айтады.

Бұл фильмде валюта бағамының ауытқуы және тағы басқа факторлардың әуесқой инвесторлардың өздерін де күйретуі мүмкін екендігі туралы айтылады.

  • Банктердің ішінара жинақтық қор жүйесі

Бұл фильм банктердің несие беру кезінде беймәлімдікпен қалай күресетіндігі жөнінде айтады.
Сабақ жоспары

Кіріспе

Валюта бағамының ауытқуы және оның салдары белгілі басылымдардың негізгі тақырыбы болу оқиғалары жиілеп кетті. Интернеттен алынған жаңалықтарды қолданып, валюта айырбастау бағамының жиі өзгеруін көрсететін валюта дағдарысы туралы оқиға табыңыз. Содан кейін келесі сұрақтарды қойыңыз: валюта айырбастау қалай жұмыс істейді? Оған әсер ететін факторлар қандай?




Фильм көрсету


Қатынастар: Валюта айырбастау


Негізгі жаттығулар


Негізгі деңгей
Оқушылардың әртүрлі елдер арқылы өтетін, әлем бойынша сапары туралы әңгіме қозғаңыз. Әр елдердің валюта айырбастау бағамы мен өмір сүру бағамы туралы мағлұмат беріңіз. Осыны қолдана отырып, сол елге бару үшін қанша ақша керек екендігін есептетіңіз. Келесі, ұлттық валютада осы елдің ақшасы басқа елдің ақшасына шаққанда қанша болатындығын есептетіңіз.
Тереңдетілген деңгей

АҚШ-тың доллары немесе Жапонияның иеніне шаққандағы жергілікті ақша айырбастау бағамының экономикалық тұрақсыздану кезіндегі графигін сызыңыз. Мысалы:

• Жергілікті жердің инфляциясы жоспарлағаннан жоғары болуы.

• Жергілікті жердің пайыздық мөлшерлемесінің төмендеуі.

• АҚШ не Жапонияда жер сілкінісі немесе басқа табиғи апаттардың болуы.

• Жапония немесе АҚШ саяхатшыларының жергілікті елге келген ағымы.




Қосымша жаттығулар

Валюта айырбастау бағамы өзгерісі мен басқа да экономикалық айнымалылар арасындағы корреляцияны табу мақсатында, айырбастау қатынасы мен басқа экономикалық айнымалылар (мысалы: инфляция, жергілікті елдің жоспарлаған қатынастары) өзгерісінің шашырау диаграммасын сызыңыз.


Міндетті емес қосымша тапсырмалар

Зерттеу тапсырмасы: күніне валюта биржасында қанша ақша саудаласатындығы туралы ақпарат пен бұл сауда кезінде қанша пайда түсетіндігі жөнінде мағлұмат табыңыз. Осы ақпаратты жергілікті валюта айырбастау орындарындағы сату мен сатып алу арасындағы айырмашылықпен салыстырыңыз.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет