Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген. Оларды мынадай ретпен орналастырыңыз:
а) бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс;
ә) бір қалыпты үдемелі қозғалыс;
в) бір қалыпты баяу қозғалыс;
с) бастапқы жылдамдығы бар бір қалыпты үдемелі қозғалыс;
А) 1,3,2,4; В)3,2,4,1; С) 2,3,1,4; Д) 4,1,3,2; Е) 2,4,1,3;
5.Суретте әртүрлі қозғалыс кезіндегі жолдың уақытқа тәуелділік графиктері кескінделген.
а) бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс;
б) бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
в) бірқалыпты баяу қозғалыс;
г) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты үдемелі қозғалыс;
д) бастапқы жылдамдығы бар бірқалыпты баяу қозғалыс;
А) 5,2,1,4,3; В) 4,1,5,2,3; С)2,3,1,5,4; Д) 1,3,4,2,5; Е)5,3,2,4,1;
6.Жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырған автомобиль 5 с ішінде қанша жол жіреді?
А) 50 м; В) 45 м; С) 8 м; Д) 70 м; е)75 м;
7.36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автобусты жүргізуші аялдамаға 50 м қалғанда тежей бастады. Осы кездегі үдеу модулі қаншаға тең?
А) 2 м/с2; В) 1,5 м/с2; С) 1 м/с2 ; Д) 0,5 м/с2 ; Е) 3 м/с2;
8.Еркін құлаған дененің 4 секундтағы жүген жолы қанша?
А) 60 м; В) 80 м; С) 70 м; Д) 75 м; Е) 90 м;
9. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г ағаш білеушені сүйрегенде ол 0,6 Н-ды көрсетті. Үйкеліс коэффиценті қаншаға тең? А) 0,26 ; В) 0,03; С) 0,34; Д) 0,08; Е) 0,3.
10. Горизонталь орналасқан трибометр тақтайшасының үстімен диномометр арқылы 200 г, радиусы 2,5 см ағаш цилиндрді ось бойынша домалата сүйрегенде ол 0,4 Н-ды көрсетті. Домалау үйкеліс коэффициенті неге тең? А) 0,05; В) 0,03; С) 0,5;Д) 0,3;Е)0,04.
11. Ұзындығы 2 м 25 см рычагтың тіреу нүктесін, көтеретін жүк жағындағы ұшынан 25 см жерге орналастырып, 400 кг жүкті көтеру үшін оның екінші ұшына қандай күшпен әсер ету керек? А) 400 Н; В) 450 Н; С) 500 Н; Д) 550 Н; Е)600 Н.
12. Горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын а бұрыш жасайтын ағаштан жасалған көлбеу жазықтықпен массалары 100 кг болатын ағаш жәшіктерді сырғытып жүк машинасына тиеу қажет. Егер үйкеліс клэффициенті 0,3 болса, үйкеліс күші қандай болады? А) 300Н; В) 260 Н; С) 280 Н; Д) 320 Н; Е)240 Н.
13. Қыстыгүні горизонталь жазықтықпен 30º бұрыш жасайтын көлбеу жотадан шаңғымен сырғанаған бала қандай үдеумен қозғалады? Үйкеліс коэффициенті 0,035 –ке тең. А) 4,2 м/с2; В) 4,5 м/с2; С) 5 м/с2; Д) 4,7 м/с2; Е) 5,2 м/с2.
14. Массасы 50 кг жүкті блокқа асылған арқан арқылы 750 Н тұрақты күштің көмегімен жоғары көтереді. Осы кездегі дененің үдеуі қаншаға тең болады? (g=10м/с2). А)1,6м/с2; В)1,8м/с2; С)2 м/с2; Д)2,2м/2; Е) 2,4 м/с2.
15. Жер бетіндегі салмағы 700 Н адамның массасы Ай бетінде қаншаға тең болар еді? Ай бетіндегі еркін түсу үдеуі 1,623 м/с2.
А) 10 кг; В) 10,5 кг; С) 11,62 кг; Д) 11,83 кг; Е) 12,4 кг.
2-нұсқа
1.Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:
А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.
2. Орнынан қозғалған массасы 1 т автомобиль 5 с ішінде 36 км/сағ жылдамдық алды. Автомашинаға қандай тұрақты күш әсер еткен?
А) 1000 Н; В) 1800 Н; С) 2000 Н; Д) 2200 Н; Е) 2500 Н.
3. 2 м/с2 үдеумен лифт арқылы жоғары көтеріліп бара жатқан массасы 70 кг адамның салмағы қанша? А) 140 Н; В) 120 Н; С) 150 Н; Д) 130 Н; Е) 160 Н.
4. 5 м/с2 үдеумен жерге түсіп келе жатқан массасы 80 кг парашютистің салмағы қаншаға азайған? А) 380 Н; В) 10,4 Н; С) 420 Н; Д) 440 Н; Е) 400 Н.
5. Шамалары бірдей 6 Н екі күш денеге 60º бұрышпен әсер етеді. Қорытынды күш қаншаға тең? А) 8 Н; В) 10,4 Н; С) 12 Н; Д) 13 Н; Е) 12,6 Н.
6. Жер бетінен 800 км биіктікте ұшу үшін ғарыш кемесінің жылдамдығы қандай болуы керек? А) 7,9 км/с; В) 8,2 км/с; С) 8,2 км/с; Д) 8,1км/с ; Е) 8,4 км/с .
7. Массасы 40 кг бала айналу осі 2 м биіктікке бекітілген әткеншек теуіп тұр. Әткеншек ең төменгі нүктеден 4,4 м/с жылдамдықпен өтсе, бала осы нүкдеде орындыққа қандай қысым түсіреді? А) 750Н; В) 766 Н; С) 787 Н; Д) 816 Н; Е) 806 Н.
8.Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 3 т автомашинаны 2 м/с2 үдеумен сүйреген кездегі арқанның ұзаруын табыңыз. А) 3 см; В) 4 см; С) 5 см; Д) 6 см; Е)7 см.
9. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне соқтығысқандағы жылдамдығын км/сағ есебімен шығарыңыз.
А) 150 км/сағ; В) 200 кс/сағ; С) 280 км/сағ; Д)340 км/сағ; Е) 360 км/сағ;
10. 500 м биіктіктегі тік ұшақтан еркін түскен дененің Жер бетіне қанша уақытта жетеді?
А) 8 с; В) 10 с; С) 7 с; Д) 9 с; Е) 7,5 с;
11. 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырған дене қандай биіктіекке көтеріледі және қанша уақытта құлап түседі?
А) 60 м, 5 с; В) 55м, 4,6 с; С) 50 м, 4,2 с; Д) 45 м, 6 с; Е) 42 м, 4 с;
12. Жұмыстың радиусы 0.3 м болатын жеңіл автомобильдің дөңгелегі 900 айн/мин жасаған кездегі жылдамдығын км/сағ есебін есептеңіз.
А) 98 км/сағ; В) 106 км/сағ; С) 105 км/сағ; Д) 101 км/сағ; Е)104 км/сағ;
13. Қисықтың радиусы 50 м жол иініндегі автомобильдің қозғалыс жылдамдығы 36 км/сағ болған кезіндегі центрге тартқыш үдеуі қандай?
14. Жұмыстың радиусы 0,3 м болатын жеңіл автомобильдің жылдамдығы 108 км/сағ. Автомобиль дөңгелегінің бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз.
А) 120 с-1; В) 210 π ; С) 200 π ; Д) 90 с-1; Е) 220 π ;
15. Дене 30 м/с жылдамдықпен горизонтқа 30º бұрыш жасай лақтырған. Осы дененің Жер бетінен ең жоғарғы көтерілу биіктігін анықтаңыз.
А) 11,25 м; В)14,5 м; С) 12,5 м; Д) 13,25 м; Е) 10,5 м;
Достарыңызбен бөлісу: |