Сабақтың нөмірі: №1 Сабақтың тақырыбы: 0. А атом құрылысы Атом күрделі бөлшек


Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде)



бет24/53
Дата12.09.2020
өлшемі496,72 Kb.
#78032
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
хим каз-10 ЕМН

2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Элементтер қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттері осындай түрдей периодтық кесте бойынша өзгереді. Олар төменгі реакцияларды айқын көрсетілген: 1-ші (сілтілік металдар) және 2-ші (сілтілікжер металдар) топ элементтерінің оксидтері негіздік қасиет көрсетеді. Олар қышқылмен әрекеттесіп, тұз + су түзеді. натрий оксиді + тұз қышқылы ➞ натрий хлориді + су Na2O(қ) + 2HCl(с.ер) ➞ 2NaCl(с.ер) + H2O(с)

магний оксиді + күкірт қышқылы ➞ магний сульфаты + су MgO(қ) + H2SO4(с.ер) ➞ MgSO4(с.ер) + H2O(с)

1-топ элементтері сумен әрекеттесіп, металл гидроксидін түзеді: натрий оксиді + су ➞ нарий гидроксиді Na2O(қ) + H2O(с) ➞ 2NaOH(с.ер)

1-топ гидроксидтерінің барлығы – өте күшті сілтілер. Олардың ерітінділерінің рН-ы 14-ке тең. 2-топ оксидтері де сумен реакцияға түсіп, металл гидроксидтерін түзеді: магний оксиді + су ➞ магний гидроксиді MgO(қ) + H2O(с) ➞ Mg(OH)2(с.ер) 2-топ гидроксидтері де сілтілер. Бірақ, 1-топ гидроксидтеріне қарағанда, олардың сілтілік қасиеті төмен болады. Олардың ерітіндісінің рН-ы 10-ға тең.

4-ші топтан 7-ші топқа дейінгі элементтердің оксидтері суда ерігенде, өздерін қышқылдық ретінде көрсетеді: 4-ші топ: көмірқышқыл газы + су ➞ көмір қышқылы CO2(г) + H2O(с) ➞ H2CO3(с.ер)

5-ші топ: диазот пентаоксиді (қ) + су ➞ азот қышқылы 2N2O5(қ) + 2H2O(с) ➞ 4HNO3(с.ер)

фосфор пентаоксиді + су ➞ фосфор қышқылы P4O10(қ) + 6H2O(с) ➞ 4H3PO4(с.ер)

6-шы топ: күкірт триоксиді + су ➞ күкірт қышқылы SO3(с) + H2O(с) = H2SO4(с.ер)

7-ші топтағы галоген сутектер суда ерігенде өте күшті қышқылдық қасиет көрсетеді: тұз қышқылы HCl (с.ер), бромсутек қышқылы HBr (с.ер), йодсутек қышқылы HI (с.ер)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет