М = m/n; n = M/m ; m = M*ѵ; ѵ = V/NA ; N = ѵ * NA
1. Төмендегі кестені толтырыңыз:
Қосылыс
|
Зат мөлшері
|
Молярлық массасы
|
Масса
|
Бөлшектер саны (N)
|
NaOH
|
5 моль
|
|
|
|
H3PO4
|
2 моль
|
|
|
|
(NH4)2SO4
|
0,75 моль
|
|
|
|
N2 (г) + H2 (г) → NH3 (г)
1. 17,2 моль азотпен реакцияға түсетін сутектің массасын есептеңіз.
2. реакция теңдеуі бойынша келесі газдар қатынасын анықтаңыз.
a) N2 (г)/H2 (г) b) N2 (г) /NH3 (г)
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/ ; https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/atom-quramy-men-qurylysy-izotoptar
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
1. Негізгі үш стехиометриялық заңдарға тұжырымдама беріңіз:
(a) Зат массасының сақталу заңы –
(b) Көлем қатынастар заңы –
(c) Авогадро заңы –
2. Химияның негізгі стехиометриялық заңдар тұжырымдамаларының қолдану аясын атаңыз:
(а) химиялық теңдеулер не себепті теңестірілген болуы тиіс?
(b) Авогадро заңын қандай жағдайларда қолдануға болады?
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _№ 35
Сабақтың тақырыбы: Реакция теңдеулері бойынша есептеулер. «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу.
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған):
(Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)
10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» ұғымдарын қолданып есептеулер жүргізу;
2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Заттың молярлық массасы және молярлық көлемі. Молярлық масса – заттың формулалық бірлігі молінің массасы. Ол заттың массасы мен мөлшері арқылы есептеледі: М = m / n Молярлы концентрация дегеніміз – 1 л ерітіндідегі еріген заттың массасы (моль).
Жасалынған лабораториялық жұмыс бойынша оқушылар осындай анықтама беруі мүмкін. Сонымен қатар концентрлі ерітінділер қаныққан ерітінді болатындығын біледі.
Молярлы концентрация моль/л бойынша өлшенеді және "M" әрпімен белгіленеді. Мысалы, 2 M NaOH – натрий гидросидінің екі молярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндінің 1 литрінде заттың 2 молі немесе 80 граммы бар (M(NaOH) = 40 г/моль).
молярлық көлем дегеніміз заттың алатын көлемінің зат мөлшеріне қатынасын айтады. Қалыпты жағдайда кез – келген газдың молярлық көлемі 22,4 л/ мольге ( Vn = 22,414 л/мольге) тең.
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/; https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/atom-quramy-men-qurylysy-izotoptar
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _№ 36
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау ТЖБ №1
(дайын ТЖБ –ға осы тапсырмалардан қосуларыңызға болады)
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған):
(Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)
Өткендері бойынша білімдерін жинақтау.
2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
1-топ
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) сутектің молекула сандарын есептеңдер.
2. Зат мөлшері 2 моль азот қ.ж. қандай көлем алады?
3. Көлемі 112 л қ.ж. азоттың зат мөлшерін есептеңдер?
2-топ
1. Көлемі 1 л(қ.ж.) оттектің молекула сандарын есептеңдер.
2. Хлордың (Cl2) 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Зат мөлшері 0,5 моль көмірқышқыл газының массасын молекула санын, көлемін есептеңдер.
Жауабы: 22 г, 3,01х1023, 11,2 л
3-топ
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) көмірқышқыл газының молекула сандарын есептеңдер.
2. Метанның (СН4) (қ.ж.) 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Массасы 128 г күкірт (IV) оксидінің (қ.ж.) көлемі мен малекула санын табыңдар.
Жауабы: 44,8 л, 1,204х10223
4-топ
1. Көлемі 1 л (қ.ж.) күкірт сутектің молекула сандарын есептеңдер.
2. Күкіртті газдың 1 литрдің массаларын есептеңдер. Ол шама қалай аталады?
3. Көлемі 89,6 л (қ.ж.) хлорда, оттегіде қанша молекула болады. Массаларын есептеңдер.
Жауабы: 2,108х1024 молекула, 284 г Cl2, 128 г О2
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |