Еріген заттың массалық үлесі – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы.
Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті.
Ерігіштік көбейтіндісі – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісі.
Ерітінді – екі не одан да көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелер.
Мольдік концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді.
Моляльдік концентрация – еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасын көрсетеді.
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). /bilimland.kz/
4. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |