Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер туралы түсінік, оның тағайындалуы
Сабақтың барысы
Жаңа тақырыпты баяндау
Сабақты бекіту тапсырмасы. Сөзжұмбақ
Сабақты қорытындылау. «Білім шыңы»
«Білген сайын келеді, біле бергім»
Үйге тапсырма:
Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі - Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:
Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру.Сол себепті барлық құрылғылардың электрлік және механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.
Деректер беру каналы
Web -сервер
Файлды (FTP) сервер
Пошта сервері
Компьютерді қолданушылар (клиенттер)
Желілер қасиетіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
Географиялық қамтылу аймағына қарай;
Өндірістік бөлімдер көлеміне байланысты;
Топологиясына – бір-бірімен байланысу схемасына немесе құрылымына қарай;
Басқарылуына байланысты
Географиялық қамтылу аймағына қарай желі түрлері
Жергілікті желілер - саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Мекемелердегі жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады.
Ауқымды желілер – бірнеше мемлекетті,континенттерді немесе бүкіл әлемді қамтитын ашық желі түрі.
Аймақтық желілер-мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Өндірістік бөлімдер көлеміне байланысты:
Бөлімдер желісі-(жұмысшы топтардың) – жалпылық жұмысты шешетін кішкене қызметкерлердің тобымен қолданылады. Бөлімдік желінің басты мақсаты – қосымша, деректер сияқты жергілікті қорларды бөлу.
Кампустар желісі-бөлек ғимарат немесе бір кәсіпорын аумағының ішінде бөлімдердің бірнеше желілерін қосады, бірнеше шаршы шақырым аумақты жаба алады.
Корпоративтік желілер- компанияның барлық кеңселерін бірыңғай корпоративтік желіге біріктіруге мүмкіндік беретін
Топологиясы бойынша желінің түрлері:
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған комму-тациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Басқару тәсіліне қарай желілердің жіктелуі:
Бір орталықтан басқарылатын желі. Мұнда бір компьютер сервер желі жұмысын басқарады.
ДИСКІЛЕР
СЕРВЕР
ПРИНТЕР
МОДЕМ
БАСҚА ЖЕЛІЛЕРМЕН БАЙЛАНЫСУ АРНАЛАРЫ
Бір деңгейлі компьютерлер желісі. Мұнда желіні басқаруда барлық компьютерлер тең құқықты болып саналады.
Интернетке қосылу үшін не керек?
Компьютер
Модем
Телефон жүйесі
Бағдарламалық қамтылу
Провайдер
Компьютер
Модем
Провайдер
Провайдер
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Модем дегеніміз не?
Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-Up модемдер (56 кбит/сек дейін), DSL модемдер (128 кбит/сек дейін) және кабельдік жолдарға арналған модемдер (30 мың кбит/сек дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы фирма-лар да, ірі телефон компаниялар да қызмет істей алады.
Ішкі модем
DSL модем
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Провайдерлер
Nursat Para sang S&C Communications Қазахтелеком Астел Арна
Спринт
Mega line түрлері
Қазахтелеком ұсынған тариф – Mega line.
2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с.
Turbo Hip Start ADSL
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Компьютерлік желіге қажет құрылғылар:
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Байланыс арналары мен интерфейстер
Есілген қоссым
Коаксиалды кабель
Оптоталшық
Сымсыз байланыс арналары(радио, спутник)
Желілік карта (Сетевая карта)
Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді. Әрбір картаның айрықша өз нөмірі болады.
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Трансивер (Transceiver)
Трансивер тікелей кабельге жалғанып орналасады да, компьютердің желілік картасы арқы-лы қоректенеді. Трансивер желілік картаға AUI (Attachment Unit Interface) типті интерфейстік кабельмен қосылып тұрады.
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Қайталауыш (Repeater)
Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегменттерді байланыстырады, сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, мәліметті тасымалдау қашықтығын арттырады, информацияны екі бағытта да өткізеді. Қайталауыштар коаксиалды кабельді пайдаланатын желілерді кеңейтіп, олардың мүмкіндігін арттырады.
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Көпір (Мост-Bridge)
Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Коммутатор (Switch)
Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алады.
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Маршрутизатор (Router)
Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т.с.с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі.
“Білген сайын келеді, біле бергім”
Сөзжұмбақ
К
О
М
П
Ь
Ю
Т
Е
Р
Ж
Е
Л
І
Тапсырма:
Сөзжұмбақ сұрақтары.
Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі қалай аталады.
Тышқанның ағылшынша атауы
Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы
Кескінді құрайтын кішкене нүктелер
Мәзір орысша қалай аталады
Компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылатын желі
Компьютердің миы
Өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алатын құрылғы
Файлдық серверлерге негізделген компьютерледі жалғайтын топология түрі.
Телефон желісі арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы
Принтердің түрі
Шрифтінің қазақша атауы
с
К
а
н
е
р
т
О
п
о
л
о
г
и
я
М
o
u
s
e
П
р
и
н
т
е
р
п
и
к
с
е
л
Ь
м
е
н
Ю
ж
е
р
г
і
л
і
к
Т
і
п
р
о
ц
Е
с
с
о
р
к
о
м
м
у
т
а
т
о
Р
Ж
ұ
л
д
ы
з
м
о
д
Е
м
Л
а
з
е
р
л
і
к
қ
а
р
І
п
“Білім шыңы”
Провайдер
дегеніміз не?
Шиналық топология
Көпір дегеніміз не?
Маршрутизатор дегеніміз не?
Модемнің қандай
түрлері бар?
Интернетке қосылу
үшін не керек?
Internet сөзінің
мағынасы
Ауқымды желі деген не?
Модем қандай
құрылғы?
Компьютерді желіге
біріктіретін құрылғылар
Жергілікті желіге
Сақиналық топология
1
3
5
7
9
11
12
10
8
6
4
2
Үй тапсырмасы:
Компьютерлік желілердің классификациясы мен хабарлама қызметін қарастырып келу