Жүректің жаралануы- көбінде суық және оқ атқыш құралдарды қолданғанда жүрек жараланады. Өте жиі сол қарыншасы жараланады, жараланғандардың 1/3 бөлігі сол арада өлімге душар болады.
Белгісі:
Жараның жүрек аймағында орналасуы
Науқастың жалпы жағдайы қиын, өте ауыр болуы
Жүрек аумағындағы ауырсынуы
Басының айналуы
Ентігуі
Өлім қорқынышы
Сыртқа немесе ішке- кеуде қуысына қан кетеді
Жүрек соғу дыбысы бәсеңдейді
Жүрек шекаралары ұлғаяды
Бет әлпеті бозарады
Қан қысымы төмендейді
Жүректің тығындалуы (тампонадасы)
Жүректің тампонадасы- жүрек жиырылып соғылған сайын, жүрек қабына қанның жиналуы ұлғая келе, қан жүректі қысу арқылы тығындайды.
Алғашқы көмек пен емі: шұғыл операцияға дайындау,таза таңғыш салу, тасымалдау кезінде: максималды тыныштық орнату, мұзды мұйық қою, ауырсынуды басу, ауруханаға тасымалдау,
Жүрек жарасын емдеу 3 тиімді факторға:
-науқасты ауруханаға уақытысында жедел жеткізу
-шұғыл операция жасау
-үздіксіз емдеудің тиімділігіне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |