Туа біткен түйнектер: өңештің, асқазанның, ішектің ақаулары
Динамикалық түйнек.
Ішек қозғалысының қызметінің бұзылуынан пайда болуы. Олар көпшілігінде іш қуысы ағзалары мен мүшелерінің қабынуынан:
-перитонит
-холецистит
-аппендицит
-жарақатты улану мен уыттанудан
-ішектің қан тамырларының тромбозынан
-іш перденің артында қан ұюуынан (гематома)
Ішектің өткізгіштігі бұзылғанда пайда болатын түйнек.
Олар: бөгде заттар, нәжіс тастары, ісік , Крона ауруы, тыртықты стеноз (ішек ішінде)
Ішектің сыртынан қысылуынан пайда болатын түйнек
Олар: ісік, ішектің жабысуы, әртүрлі жайылмалардың әсерінен
Белгілері:
Жалпы жағдайы ауыр
Іштің кебуі
Нәжіс пен желдің шықпауы
Нәжіс құрамды құсу
Жайылмалы ауырсынуы
Іш перденің тітіренген белгісі
Түртіп көргенде-жоғарғы тимпанит
Ішек тербелісінің болмауы
Тахикардия
Қан қысымының төмендеуі
Алғашқы көмек пен емі: тыныштандыру,мұзды мұйық қою, тасымалдау,
ішек қозғалысын жандандыру үшін: прозерин, ацеклидин, хлорлы натрийдің аса қаныққан ерітіндісін (10% - 60 мл) көк тамыр арқылы енгізу, хирургиялық ем
Достарыңызбен бөлісу: |