Сабақтың оқу мақсаттары


-топ. Әдемілік – талғам жемісі



бет4/6
Дата16.07.2020
өлшемі28,95 Kb.
#75290
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2-топ. Әдемілік – талғам жемісі
Қыз бала 14-15 жасқа жетісімен-ақ бой түзей бастайды. Үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, өзінің есейгенін сезіп, айналасындағыларға әдемі, сымбатты көрінуге тырысады. Осы айтылғандар – шаш күтімі, бет, тіс күтімі, сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық атрибуттар. Бойжеткенге сырт келбетке қарау, оған уақыт табу, киім киюде өзіндік өрнегіңді іздеуге ұмтылу, бет-ауызға шетелдік опа-далапты жаға салудан әлдеқайда қиын. Модаға сай киіну – қымбат киімдерің болсын деген сөз емес: ол – азғана киімнің болып, соны ұқыптылықпен, орны-орнымен, сәнімен киіну, яғни үстіндегісінің бәрі бір-бірімен үйлесіп тұрсын деген сөз. Қыз баланың талғаммен киінуінің бір сыры – өз тұрқының кейбір табиғи кемістігін жасырып, жақсы жағының бәрін айқын көрсете алатындай, яғни моданы өзіне бейімдей ала білуінде. Көрік деген тек әсемдік, әдемілік деп түсіндірілсе, онда ол жансыз бұйым ғана болар еді. Қадыр Мырза Әлінің қанатты сөздерінде «Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз – көңіліңе жақын» деген сөздер бар. Әлбетте, қазіргі кезеңде әдепті болып, елдің көркіне айналу – кез-келген жанның қолынан келе бермейтіні де ақиқат. Бүгінгі күні ана тәрбиесімен бірге көше тәрбиесі де әсер етуде. Қызды да, ұлды да орта тәрбиелейді. Ата-ана жеңілтектіктен бойларын аулақ ұстауға, қыздарға тән ізеттілік пен инабаттылықты бойларына сіңіріп, өсіруге тырысуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет