3-топ. Өз орнын тапқан жарасымдылық
Күлкінің қымбат екенін ұғындырып, «Жігіттің күлегеші – атының соры, қыздың күлегеші – бақытының соры» деп тәрбие беруде. Бұдан шығатын қорытынды: қыздың сыры ішінде болып, жұмбақ қалпын берік ұстанғаны абзал. Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлі: «Қыздың сыры – шөлдің суы сияқты, тереңде ғой, тереңде ғой, тереңде» десе, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов: «Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске, шын сұлулық тереңдікте емес пе?» дейді. Барлығының түйіні бір тереңдік – ақыл, парасат, ұстамдылық.
Өзге жұрттың жылтырағына қызығып, оны талғаусыз қабылдай беру қашан да ұлт бітімі үшін жақсылық әкелмейді. Қаракөз қарындастарымыз әрқашан ақылды, арлы, ибалы болса, әсем де сүйкімді көрінеді. Өйткені «Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтіні» сияқты адамның қымбаты ақылы мен ары арқылы айқындалады. Адамның сыртқы сымбаты мен ішкі қымбаты қабысса ғана, жарасымдылық өз орнын табады. Заттар өмірлік құндылыққа ие бола алмайды: сән өзгереді, киім тозады, машиналар сынады, телефондар жоғалады. Жаңа заттарды қуалау – тұлғаны қызықсыз, шектелген адамға айналдыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |